Жұма, 20 Сәуір 2018 10:52

Түйінді сөз, түйткілді мәселе айтылсын!

Аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында 6 мәселе қаралды: аудандық қаржы бөлімінің 2018-2019 жылдарға жоспарланған жұмыстары, ауылшаруашылық өндірісіндегі субсидиялау және көктемгі егіс, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылға қойылған міндеттер, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы және бірқатар ауыл аттарын өзгерту. Өз кезегінде жауапты бөлім басшылары депутаттар алдында есебін берді.

Комиссия отырысында халық қалаулылары ең алдымен ұзын-сонар сандар мен қорытылмаған ойларды жүйесіз оқи беретін басшыларға шамданды. Оның орнына түйінді сөз, түйткілді мәселелерді айтсын! – деген бірауыздан талап қойды. Комиссия алдында баяндама оқыған аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Найзабековке «Қазіргі уақытта ауданымызда көптеген жерлер өз мақсатында пайдаланылмай келеді. Айталық, егістік жерлерімізге көпжылдық алма-бақтар отырғызылуда. Бұған қалай жауап бересіз?» деген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың сұрағына бөлім басшысы: «Бұл біздің де қабырғамызға батып жүрген мәселе. Алайда, жердің иелері «өзім білемге» салынып келеді. Қанша мәрте түсіндіріп айттық, әркім өз білгенін істеуде» деді. Кейіннен Алмас Тынышбекұлына ауылдық округ әкімдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керектігін ескертті.

Мал ауруларының алдын алу мақсатында егілетін екпелер бойынша да аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бейсенғали Бименовқа сауалдар толассыз беріліп жатты. Әсіресе, депутат Айдар Даутқұлов: – Екпе жұмыстарын наурыз айының бірінен бастау керек еді. Себебі, наурыз айының ортасынан ары қарай ірі-қаралар жайлауға шыға бастайды. Ал Сіздер 19 наурызда қолымызға дәрілер тиді деп отырсыз. Енді әр екпенің арасына берілетін екі апта уақытты есептегенде, малдардың бәрі тауға шығып кетпей ме?» – деген сұрағына тендердің әлегімен кешіккенін айтты бөлім басшысы. «Үлгереміз!» деп уәде етті.

Кезекті сөз алған аудандық жұмыспен қамту және әлеумет-тік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Кейіннен кадрлық саясатқа қатаң бақылау жүргізуді ескертті депутаттар. – Қазір аудандық жұмыспен қамту орталығына басшы орынбасары қызметіне бұл салада тәжірибесі жоқ азаматты отырғыздыңыздар. Өз ішінен бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан тәжірибесі бар мамандарды өсіруге мүмкіндік болмағаны ма сонда?– деді Бекет Төлегенұлы.

Сондай-ақ, Малыбай ауыл-дық округіне қарасты «МТФ» бөлімшесінің атауын тарихи атауы «Көктерек», Сөгеті округіне қарасты «Нұра» ауылын «Сағы-ныш Еспергенов» ауылы деп өзгерту туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Беспавеваның ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 1509 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет