Қасым-Жомарт Тоқаев "Continental Logistics" ЖШС-ның көлік-логистика орталығына барып, 6 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сақталған қойманы аралап көрді. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көлемі 222 мың шаршы метр болатын 7 логистикалық кешен және 37 мың тонна азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған 7 көкөніс қоймасы бар.

Президентке елорда мен өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі жайында баяндалды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында қабылдаған шаралар туралы мәлімет берді. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан Президентіне көкөніс өнімдерін, бидай мен ұн жеткізу жайын баяндады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына елорданың қазіргі ахуалы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке облыстар мен қалалардың әкімдерімен бірлесіп, азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына жол бермеуді, алып-сату фактілерінің алдын алуды, сондай-ақ, тұрақтандыру қорын толықтыруды тапсырды.

- Бұл - өте маңызды жұмыс. Халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі - басты міндет. Осы бағытта дұрыс жұмыс жүргізу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей Төтенше жағдай кезінде азық-түлік тауарларын тұрақты жеткізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге ерекше мән берілетінін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда, Қазақстан аталған елдерге ынтымақтастықтың белгісі ретінде тиісті көмек көрсетуге әзір.

- Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстан - аймақтағы көшбасшы ел. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңде көмекке зәру елдерге қол ұшын созу міндетіміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: akorda.kz

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.
Министрлік ИАТА басшылығымен және сарапшыларымен бүкіл әлем бойынша әуежайлардың үш әріпті кодтарын тағайындау мен өзгерту бойынша ИАТА тәсілдерін өзгерту бағытында көп жұмыс істегенін атап өту қажет. Осы жұмыстардың нәтижесінде әлемнің барлық елдері әуежайларының үш әріпті кодтарына өзгерістер енгізуге бірегей мүмкіндік алды. Сонымен қатар, еліміз азаматтық авиация өкілдерінің бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын әуежай кодтарын тағайындау мен өзгерту туралы ИАТА қарарына түзету енгізу туралы бастамаларын қолдау мәселесін пысықтады.
Бұл өзгеріс ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымынан бастап күшіне енеді және NQZ әуежайдың жаңа коды әуе билеттерді брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк биркаларында, ақпараттық таблоларда қолданылады.

Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-парақшасы 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтып өтті.

«Медицина қызметкерлерінің келісілген жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз жұмысының тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

 

«Президенттің барлық бастамасын жергілікті халыққа жеткізудің маңызы зор. Мен бұл туралы облыс әкімдерімен телефон арқылы сөйлескен кезде де айттым», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

«Әлемдегі экономикалық ахуал күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің елдің көрсеткіштері жаман емес. Алайда карантиннің әсері әлі күнге дейін елдің экономикалық көрсеткіштеріне толық әсер етпегенін ескерген абзал. Шағын және орта бизнесті қолдау және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болып қала береді. Енді дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыруымыз керек. Экономика құлдырайды. Оның салдары 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңге қарағанда анағұрлым ауыр болатын секілді», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор мен Үкіметтің резервінен отандық экономиканы қолдау үшін 10 миллиард доллардың уақтылы бөлінгенін жеткізді.

Өз кезегінде Премьер-Министр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың өзектілігіне тоқталды.

«Біздің елде бұдан да қиын күндер өткен. Біз бұл қиындықтарды да жеңеміз. Ең бастысы - халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Үкімет тиімді жұмыс істейді деп санаймын. Ертең мен Қазақстан халқына арналған мақаламды жариялаймын. Қазір бүкіл әлемге оңай тиіп тұрған жоқ. Аурудың шырқау шегінен әлі өтпедік. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтей отырып, сабыр пен шыдамды танытуымыз керек», - деп түйді Елбасы.

Дереккөз: inform.kz

Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 10:30

Обмен ворд-2020 РКШУ

 

«Большая вода» уже не опасна

Весеннее повышение температурного фона и ускоренное таяние снежного покрова ведет к вероятности паводков.  Состоявшиеся в марте республиканские командно-штабные учения «Көктем-2020» преследовали и практические цели: кроме отработки взаимодействия отрядов экстренного реагирования, местных исполнительных органов, населения, службы чрезвычайных ситуаций также организовали практические мероприятия по устранению паводкоопасных ситуаций, в том числе на горных реках и водоемах Енбекшиказахского района. Районным отделом по ЧС совместно с сельскими акиматами, предприятиями, крестьянскими хозяйствами, ГУ «Казселезащита», Тургенским филиалом Иле-Алатауского государственного национального парка проведены углубления речных русел, отсыпка водозащитных дамб, очистка дренажных каналов и арычных сетей.

Под руководством акима района Бинали Ыскака и начальника отдела по чрезвычайным ситуациям Енбекшиказахского района Рахмана Каримжана   на территории Енбекшиказахского района были развернуты практические работы по предотвращению затопления населенных пунктов, автодорог, дачных массивов.

Бинали Ыскак дал  акимам сельских округов, руководителям хозяйствующих субъектов задания по по ликвидации угрозы затопления населенных пунктов и промзон на территории  паводкоопасных зон района. Местным акиматам было поручено выставить посты наблюдения; вести расчистку мостов, трубчатых переходов, русел каналов, арычной поливной сети в населенных пунктах. Службам энергетики  и  связи дано указание содержать системы оповещения  населения   в постоянной готовности, вести  проверку мест прохождения электролиний и кабелей связи.  

По словам начальника ОЧС Рахмана КАРИМЖАНА, в данное время расход воды на реках, заполнение водохранилищ в пределах среднегодовой нормы, весенние паводки нам не угрожают. Вместе с тем сотрудники ОЧС  в социальных сетях ведут разъяснительные беседы о правилах поведения при паводках и пожарах в частном секторе, чтобы не допустить детских шалостей с огнем  в период школьных каникул.

И.ВИКТОРОВ

Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 10:26

Один дома!

Здравствуй дорогой читатель! В наше время к сожалению участились случаи когда взрослые по разным причинам оставляют детей одних дома. Яркие тому примеры, когда взрослые отлучаются в магазин или уходят на работу. Написание данной статьи побудил меня рассказ одной знакомой о том, что как то ее соседи оставили без присмотра маленького ребенка. Ребенок воспользуясь обстановкой выйдя на балкон случайно нашел спички и играясь поджёг стоящее кресло на балконе. Благодаря бдительным соседям которые оперативно вмешались в данную ситуацию все обошлось без печальных последствий.

Тем самым хотелось бы отметить что, оставляя ребенка одного в квартире, сложно быть уверенным в том, что он не решится поиграть с коробкой спичек, не захочет поджечь бумагу, не заинтересуется работой бытовой техники или не откроет окно балкона если находится в многоэтажном доме. В связи с этим возникает необходимость воспитывать навыки осторожного обращения с огнём и простые правила безопасного поведения с самого раннего возраста, которые возможно предотвратят чрезвычайную ситуацию в целом. Каждый родитель должен стремиться к тому, чтобы ребенок осознал, что спички - не игрушка, а огонь - не забава и любая возможная опасная ситуация привести к трагедии.

Чрезвычайные ситуации с участием детей можно предупредить, если уделять детям больше внимания, правильно организовывать их досуг, обучать мерам пожарной безопасности и правилам безопасного поведения, научить обращаться с первичными средствами пожаротушения. Педагоги и родители должны чаще проводить беседы и занятия с детьми по изучению правил пожарной безопасности и привитию навыков осторожного обращения с огнём.

Уважаемые родители, сотрудники ОЧС Енбекшиказахского района убедительно просит Вас не оставлять детей одних дома без присмотра взрослых. А также запомните что выполнение простых правил по пожарной безопасности поможет сохранить здоровье и жизнь наших детей, ведь дети это наше будущее и надо их беречь. Невыполнение простых правил может привести к непоправимым трагическим последствиям.

ОЧС Енбекшиказахского района

 Әлеуметтік желіде коронавирусты емдеу жайында түрлі ақпарат таралып жатыр. Бұл дертке қатысты ақиқат пен аңыздың аражігін ажыратып беру үшін ҚазАқпарат тілшісі ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәстүрлі терапия дәрігері (рефлексотерапевт) Айнұр Құрметбектен сұхбат алған еді.

- Шығыс медицинасының маманы ретінде COVID-19-ды қалай сипаттар едіңіз?

- Шығыс медицинасында ауру түрлері терапиялық, хирургиялық және жұқпалы аурулар деп бөлінеді. Шығыс медицинасының философиясы бойынша аурулар ыстық, суық, жел, ылғал немесе құрғақтан пайда болады. COVID-19 ыстық ауруға жатады, яғни бұл вирус адамның ішіне түскен соң дене қызуы көтеріледі.

- Үнді мистигі Садхгуру COVID-19 коронавирусы туралы «Негізі бұл вирус жануар ағзасында өмір сүруге бейімделген. Жануарлардың иммунитеті адамның иммунитетіне қарағанда жақсы, сол үшін бұлар олардың ағзасында өлмей, өмір сүре береді. Енді олар қандайда бір жолмен адам ағзасына түсті. Оған адамның иммунитеті шыдамай, өлім жағдайлары болып жатыр. Адамның өліп қалуы бұл вирусқа тиімсіз, себебі біз өлсек, бірнеше күннен кейін ол да өліп қалады. Біз одан, ол бізден шошынып жүрміз. Енді біраз уақыт өткеннен кейін ол адам ағзасында адамды өлтірмей өмір сүре беретіндей өзгереді. Демек COVID-19 түбегейлі жойылып кетпейді, тек біздің ағзаға бейімделіп, жеңіл түрге көшеді. Бұл процесс аяқталғанша шамамен екі жылдай уақыт кетеді» дейді. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

- Қазіргі уақытта бұл вирусқа қатысты болжамдар көп, бірақ оның шындыққа жанасатыны дәлелденбеген. Ғалымдардың ауруға қарсы вакцинаны дер кезінде ойлап таба алмай жатқаны да осыдан. Бір белгілісі – бұл ауру теңіз өнімдерінен, теңізде өмір сүретін тіршілік иелерінен адамға жұққан. Иә, расымен, адамның иммунитеті мықты болса, бұл вирус оның ағзасында ешбір симптомсыз өмір сүре беруі мүмкін. Ондай жағдайлар да бар. Кейбір адамда вирус ағзасына түсе салысымен дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, жөтелу сияқты белгілер бірден байқалады. Демек, әр адамның ағзасы әртүрлі болғандықтан ауру белгісі де әртүрлі болады.

- Коронавирустан сақтану жолдарының бірі – иммунитет көтеру екені туралы айтып өттіңіз. Осы орайда шығыс медицинасы тұрғысынан қандай кеңес беруге болады? Иммунитет көтеру үшін қандай шай демдеп, қандай тағам жеген пайдалы?

- Адамның ауруға қарсы тұратын қабілеті – иммунитет қана. Біріншіден, адам денесі көп қозғалыста болуы керек. Қозғалыс кезінде қан айналымы да, зат алмасу процесі де жақсы жүреді. Көп қозғалған кезде ішкі ағзаларымыз өз қызметін толық атқарып, бойымыздағы зиянды заттар несеп жолы, тер арқылы шығып кетеді. Екіншіден, иммунитетті көтеру үшін дұрыс тамақтану керек. Мысалы, қытайлар етті көп жемегенмен, әртүрлі шөп арқылы иммунитетін жақсы көтеріп алады. Біз нан мен шайды қалай күнде ішіп-жесек, қытай, жапон, кәрістер шөптік дәрумендерді аспен бірге жиі ішіп-жеп отырады. Иммунитетті көтеру үшін зімбір, лимон, жалбыз, жаужапырақ, көк шай, балды жақсылап демдеп, жиі іше беруге кеңес беремін. Сондай-ақ, оңтүстік өңірлерде боза деген сусын дайындалады. Ол арпа, бидай, тары және тағы да басқа дәнді дақылдарды қосып, ашытып, ұн қосып жасалады. Бұл сусын адамның иммунитетін көтеруге өте жақсы көмектеседі. Ол зауыттан да шығарылады, бірақ апаларымыз өз қолымен жасаған сусын пайдалырақ. Бозаны кішкентай балаларға да, орта жастағы адамдарға да, қарияларға да күніне бірнеше рет ішуге болады.

- Зімбірдің (имбирь) иммунитетке пайдалы екенін естіген жұрт оны көптеп сатып алуда. Базардағы бағасы бұрын 2 мың болса, қазір 5-20 мың аралығында. Осы зімбірдің адам ағзасына пайдасы, қасиеті туралы айта кетсеңіз. Оның коронавирусты емдеу қасиеті бар деп сенетіндер де бар...

- Бәрі зімбір қосылған су, сарымсақ қосылған сорпа ішіп жазылып кететін болса – адамдар аталған дерттен қаза таппаушы еді. Ал,, жалпы алғанда, зімбірдің адам ағзасына пайдасы зор. Біздің елдің тұрғындары ол туралы енді оқып-біліп, жаппай сатып алып жатқаны болмаса – бұған дейін аса мән бермеген. Қытай, кәріс, жапондар зімбірді күнделікті тұтынатын тағам, сусындарға қосады. Зімбір адам бойындағы қан айналымын жақсартады және вирусқа қарсы тұра алады. Мысалы, тұмау енді басталып келе жатқан балаға зімбірді үккіштен өткізіп, үстіне ыстық су қосып, 1-2 күн ішкізсеңіз – вирус әрі қарай асқынып кетпейді. Егер зімбір қосылған су тым ащы болып кетсе, бал немесе апельсин қосуға болады. Оны шамадан тыс қолдану асқазанында қышқылы көп, гастриті бар, созылмалы аурулары бар адамдар үшін пайдалы емес. Жалпы зімбір мен сарымсақтың (чеснок) құрамы бірдей, екеуі де қан айналымы мен зат алмасу процесін жақсарту мақсатында, вирусқа қарсы қолданылады.

- Әлеуметтік желіде медициналық университет студенті мынадай пікір қалдырған екен. Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсанынан бері қазақтар коронавируспен ауырып, жазылып кеткенін өздері де білмей қалуы да мүмкін. Оның себебі қазақ халқы ет, сүт сияқты табиғи таза өнім тұтынады, қазы-қарта жейді, біздің ұлттық тағамдар иммунитетті жақсы көтереді. Бұл ойға қатысты не айтуға болады?

- Мен бұл болжамға маман ретінде сенбеймін. Мысалы, аталған вирусты тасымалдаушы адам желтоқсан айында Қазақстанға оралған кезде қаншама адаммен қарым-қатынаста болады. Жаңа жылдың өзінде қонақ күтіп немесе қонаққа барды. Сонда оның айналасындағы бір адам болмаса бір адам ауру жұқтырып алушы еді. Бұл осылай тез жазылып кете салатын ауру болса – әлемде пандемия жарияланбас еді. Бұл – жалған ақпарат. Ал қазы-қарта, жал-жая, құрт жеп, сүт, айран ішуге, табиғи өнімдерді тұтынуға бейім екенін ескерсек – қазақ халқының иммунитеті жақсы екеніне сенемін. Неге бұл вирус қарт адамдарға жұғады және неге егде жастағы адамдар осы дерттен қаза табатынына келер болсақ, жас ұлғайған сайын адамның созылмалы аурулары көбейіп, иммунитеті төмендей бастайды. Вирус адамның денесіне түскеннен кейін бас ауырады, дене қызуы көтеріліп, жөтел және өкпенің қабынуы сияқты белгілер байқала бастайды. Мұндай жағдайда ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті жоқ болғандықтан, адамның бойындағы басқа аурулары да қозады.

- Иммунитет көтеру мен жаттығу жасау арасында байланыс бар ма?

- Иммунитет көтеру мен жаттығу арасындағы байланыс өте тығыз. Күні бойы қозғалмай жата беретін болсақ – зат алмасу, қан айналу қызметі өте баяу болады. Ондай жағдайда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, көкбауыр өз қызметін толықтай атқара алмай, әртүрлі аурулар пайда болады. Йога, емдік дене шынықтыру, суда жүзумен айналысқанда адам бойындағы әр жасуша өз қызметін дұрыс атқарып, ауруға қарсы тұру қабілеті артады. Сондай-ақ, күніне кемі 2-2,5 литр су ішу керек. Мен Қытайға оқуға түскен кезімде тұмауратып ауырып қалған едім. Сол кезде бізге сабақ беретін профессор үйге барып, ыстық су іше берсем, жазылып кететінімді айтты. Мен оның айтқанына құлақ түріп, екі күн бойы ыстық су ішіп, үшінші күні аяғымнан тұрып кеттім

- «Тәні саудың - жаны сау». Үй жағдайында йоганың қандай түрімен айналысуға болады немесе қандайда бір жаттығу түрлері бар ма?

- Қазіргі уақытта еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін интернет қолдана алады. Youtube желісінде үй жағдайында жасайтын жаттығу түрлерін көруге болады. Біздің аурухананың «Қалыпқа келтіру және оңалту орталығындағы» әріптестерім үйде жасауға болатын жаттығу түрлерін жасап, видеоға түсірді және интернетке салды. Сол видеоны қарап, қайталауға болады.

 


- Коронавирустан қорғанудың тағы қандай жолдары бар?

- «Мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында тұрамын. Бұл жақта коронавирус жұқтырғандар көп. Маған өте үлкен қауіп төніп тұр» деп ауру шақырмау керек. Сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын дұрыстап қолдану керек. Қорқа бергенше жеке бас гигиенасын сақтап, уақтылы ұйықтап, уақтылы оянып, уақтылы тамақтану қажет. Бөлмені желдетіп, дәрігерлер кеңесін тыңдау керек. Бұл аурудан сақтанудың бірден-бір жолы – үйден шықпау. Мен халықты дүрлікпеуге, жағымсыз ақпараттарға сенбеуге шақырамын.

Қытайлар эпидемияны не себепті аз уақыт ішінде жеңіп шықты? Себебі оларда тәртіп қатаң. Екіншіден, Қытайда батыс медицинасы мен шығыс медицинасы бірлесе жұмыс істеген екен. Ол жақтағы әріптестерімізбен байланысқан кезде олар коронавирус жұқтырғандардың бәріне халық емін қолданғанын айтты. Ол – инемен емдеу, шөппен емдеу және массаж жасау. Халық емін қолданудың арқасында науқастардың иммунитеті көтеріліп, ауруға қарсы тұру қабілеті нығайған. Коронавирусты емдеу барысында халық емін қолданатыны туралы шетелдік телеарналар да көрсетті. Науқастардың 95%-ына шөптен жасалған дәрілер берілген. Дәрігерлер науқастармен видео арқылы байланысып, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алып, тілінің формасын, түсін тексеріп, әр науқастың өзіне тән ем түрін қолданған. Тіл – ішкі ағзаның айнасы. Бұл дертке қатысты вакцина жоқ, сол себепті тек қана адам ағзасында болып жатқан симптомдарды емдеу арқылы ғана жеңе аламыз. Ол жақта миллиардтаған халық тұрса да, 3 500 ғана адам қайтыс болды. Ал Италияда, АҚШ-та, Иранда не болып жатыр? Бізге батыс медицинасы мен шығыс медицинасын біріктіре жұмыс істеуді үйрену керек.

Сұхбатыңыз үшін рахмет!

Елімізде кеселдің кең таралуына байланысты мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай енгізгені белгілі. Осы ретте Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті президент жарлығының аясында бір қатар жеңілдіктер енгізген.

Шағын және орта бизнес өкілдері 20-31 наурыз аралығында салықтан босатылды. Сонымен қатар, Үкіметтің 27.03.2020 жылғы №141 қаулысына сәйкес 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметі саласында қызмет атқаратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін "0" коэффициенті белгіленген. Және де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшінде жеңілдік қарастырылған.

Ал, 27 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде азық-түлік тауарларының тізіміне енгізілген тауарларды сату мен әкелу үшін төленетін құн салығын 8% мөлшерлемесімен өтейді. Аталған тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген және 19 атаудан тұрады: Бірінші сортты бидай ұны, Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), Рожки (өлшеніп салынатын), Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын, Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), Картоп, Асханалық сәбіз, Басты пияз т.б.

Ел аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 27 наурыздан- 31 желтоқсанына дейін акциз төлеуден босатылды.

Жағымды жаңалықтар легі мұнымен толастамайды. Микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша 2020 жылдың 1 маусымына дейін кейінге қалдыру ұсынылды.

«Төтенше жағдай кезінде, азаматтар 42500 теңге мөлшерінде кедергісіз әлеуметтік көмек алуы үшін, Мемлекеттік кірістер органдары берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың бұрын қабылданған тәсілдері мен шараларының күшін жою жөнінде шаралар қабылдады», - дейді Алматы облысы бойынша МКД басшысының міндетін атқарушы Айдын Тұрғанбекұлы.

Мемлекеттік кіріс органдары Төтенше жағдай кезеңінде жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімі тоқтатылды, алайда тексеру Төтенше жағдайдан кейін қайта басталады.

Әкімшілік жауапкершілік мәселелері төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қаралатын болады.

Мемлекет басшысының 2020 жылдың 31 наурызындағы жылғы тапсырмасын орындау үшін қосымша қолдау шаралары туралы мәселелер қарастырылуда:

Сонымен, 1 сәуірден 1 қазанға дейін қызметкерлердің табысын еңбекақы қорынан есептелетін салықтар мен төлемдерден босату жоспарлануда. Бұл қоғамдық тамақтану саласына, сауданың жекелеген секторларына, көлік

қызметтеріне, консультациялық қызметтерге, IT-секторларға, қонақ үй бизнесіне қатысты.

1 сәуірден 1 қазанға дейін әуежайлар мен ұшу-қону жолақтары бойынша мүлік салығы үшін "0" коэффициентін белгілеу ұсынылады.

2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке тұлғаларға "Біз біргеміз" қорынан еңбек шарттарын өтейтін төлемдерді ЖТС, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдерді төлеуден босату жоспарлануда.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия түпкілікті тізбені бекітеді және қажеттілігіне қарай маңызыдылығын арттыратын болады.

Анар САБЫРОВА

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондары әскери полиция жасақтарының әскери қызметшілері Ұлттық Ұлан және полиция бөлімшелерімен бірлесіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында патрульдеуге қатысады.

Бірлескен патрульдеу – бұл карантин кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара болып саналады. Əскери полицияның жасағы карантиндік аймақтың периметрі бойынша ұйымдастырылған блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді, қоғамдық орындарды патрульдейді және әскери автокөлік лектерін сүйемелдейді.

Төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында «құқық бұзушылықтың, ең алдымен ұрлық, тонау, биліктің заңды талаптарына бағынбау фактілерінің өсуіне жол бермеуге болмайды» деп тағы да атап өтті.

Дереккөз: www.gov.kz

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

ҚР-ның өзге аймақтарының құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметтік қажеттілікке орай Алматы қаласына кіру және шығу үшін, аймақтық органның бірінші басшысының қолы қойылған қағаз жүзінде рұқсаты болуы тиіс.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес шектеулердің қолданылуы 6 сәуір күні сағат 00.00-ден 2020 жылғы 13 сәуірге дейін ұзартылды.

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет.

?Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу;

2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;

3️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;

4️⃣ Телефон нөмірін енгізу;

5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

6️⃣ Өтінішті растау;

7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап.

?Қызметкер үшін:

1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу;

2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу;

3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;

4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу;

5️⃣ Телефон нөмірін енгізу;

6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);

7️⃣Өтінішті растау;

8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.

Дереккөз: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет