Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 16:41

Проект «Талант в дело»

Проект «Талант в дело» реализуется для творчески одаренных людей с инвалидностью. Мы ставили перед собой задачу найти для них новые бизнес-ниши. В ходе реализации проекта десятки конкурсантов с ограниченными возможностями смогли показать свои таланты, раскрыли в себе творческий потенциал и, самое главное, поверили в свои возможности открыть собственное дело.

В качестве таланта и способностей, мы рассматриваем все: умение петь, играть на музыкальных инструментах, шить, вязать, мастерить из дерева и металла, заниматься кулинарией, садоводством и т.д.

Автор проекта Алия Ахмедиева

Телефон для связи + 7 701 742 60 93

e-mail& Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 14:49

«Жусан иісі» деректі фильмі

Сириядан оралған қазақ жастары жайлы фильмді оқырмандар назарына ұсынамыз.

Фильмнің авторы - журналист Жұлдыз Төлеу.

Бейсенбі, 30 Қаңтар 2020 12:11

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Мектептерде бейбітшілік және күш қолданбау күні

1964 жылы испан ақыны, мұғалім және пацифист Лоренцо Видал бұл күнді бекітуге бастамашылық еткен. Осы күнді атап өтуге түрлі елдердегі білім беру мекемелері, ұстаздар мен оқушылар қатыса алады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1976 жылы Бозашы бөлігінің солтүстік еңісінде орналасқан Қаламқас мұнай-газ кеніші ашылды. 1976 жылы БА-15Н жеңіл өзі жүретін бұрғылау станогы қатты аязда Қаламқас үстіртінің солтүстік қанатына жеткізілді (бұрғылау шебері А.Волочев). 1976 жылғы қаңтардың 30-ында К-1 скважинасынан 587 метрлік тереңдіктен газ шықты. 1979 жылғы тамыздың 23-інде өнеркәсіптік мұнай-газ шығарыла басталды, ал 1980 жылдың қаңтарында Қаламқас мұнайының бірінші танкері Бакуге жіберілді. 2005 жылғы маусымның 6-ында «Қаламқасмұнайгаз» өнеркәсіптік басқармасы кеніштен жүз миллион тонна мұнай шығарды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді. Осы ұйымға 2010 жылы Қазақстан төрағалық етіп, 1-2 желтоқсан күндері Астана Саммитін өткізді.

2004 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақтың ұлы ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіш Омбыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы көшеге қойылды. Мүсін авторы - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, доцент Азат Баярлин.

2008 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Еуропалық бизнес ассамблеясының «Еуропалық сапа» халықаралық марапаты берілді.

Бұдан бөлек аталған оқу орнының ректоры, белгілі ғалым-түркітанушы Шәкір Ибраев Еуропадағы интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Біріккен Еуропа» халықаралық марапатына ие болды.

2012 жылы Парижде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының Астанада ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Өтінім-досьесін тапсырды.

2013 жылы Алматыда қазақ халық ертегілері негізінде құрастырылған анимациялық жинақтың таныстырылымы өтті. Жинаққа 85 сериядан тұратын «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары», «Бізді қоршаған әлем» слайд-шоу түріндегі 50 ертегі, 1000 сөзден тұратын орысша-қазақша иллюстрациялық аудио-сөздік енді.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Еуропалық университеттер қауымдастығына мүше болды.

2017 жылы Францияның Альбиез қаласында өткен Еуропа кубогының кезеңінде шығысқазақстандық фристайлшы Аяулым Әмренова әйелдер арасында бірнеше жүлделі орынға ие болды.

2018 жылы Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның міндеті – Қазақстандағы цифрландыру мен цифрлық технологиялар енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар беру.

2018 жылы сегіз жасар ақтөбелік Мұса Түркімбаев турникте 42 рет тартылып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Мұсаның ерекше қабілеттері үш жасынан байқала бастаған. Бір рет турникке тартылып көрген бала, мұны әдетке айналдырған.

Дереккөз: https://www.inform.kz

Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2020 09:39

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық ядролық соғыс қаупіне қарсы жұмылдыру күні

Осы атаулы күн 1985 жылы ядролық қарулану жарысын тоқтатуға шақыратын Дели декларациясының қабылдануына орай таңдалды. Декларация Үндістан астанасында Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швеция мемлекет және үкімет басшыларының отырысында қабылданды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1998 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Талғат Мұсабаев бастаған халықаралық экипаж ғарышқа аттанды. Бұл қазақ ғарышкері командир болған тұңғыш экспедиция ретінде тарихта қалды.

2010 жылы Қазақстандық әнші Маша Мудряк Италиядағы «Raccomandati» телевизиялық конкурсының жеңімпазы атанды.

2010 жылы Қытай астанасы Бейжіңге алғаш рет «Түрікменстан - Өзбекстан - Қазақстан - Қытай» газ құбыры бойынша Орталық Азиядан табиғи газ жеткізілді.

2014 жылы қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің «Үйлесімділік сабақтары» картинасы француздың Анже қаласындағы халықаралық Premiers Plams кинофестивалінде гран-приді жеңіп алды.

2016 жылы Астана қаласы әкімдігі мен Густав Русси атындағы Онкология институты (Франция) арасында әріптестік туралы меморандум аясында химиялық препараттар жасау орталығы ашылды. Орталықтың ерекшелігі - бұндағы науқастарға берілетін дәлме-дәл дәрі мөлшері халықаралық протоколға сай анықталады.

2017 жылы «АлматыАрена» мұз айдынында XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті. Универсиада бағдарламасына 12 қысқы спорт түрі енді.

2019 жылы Түркістандағы Күлтөбе қалашығының солтүстік бөлігінен XIX ғасырға тән Қоқан үйінің қалдықтары орны табылды. Одан 70 сантиметрдей төмен тұста XVI-XVII ғасырға тән қазақ үйді кезіктіруге болады. Мұнда күлі де сол қалпында сақталған тандыр, дәліз және есік орны бар. Түрлі ғасырға тән құмыра сынықтары да көптеп шыға бастаған.

Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан бастау алатын Қазақстандағы алғашқы сәулет құрылыстары бар Күлтөбе қалашығы бірқатар деректерде Күлтөбе Ясы (Асон) деп аталады. Алғаш рет Ясы атауы монғолдардың ұлы ханы Менгудің ордасына Қазақстанның оңтүстік аймағы арқылы сапар шеккен армян патшасы І Гетумның жолжазбасында кездеседі.

2019 жылы Астана IDC компаниясының нұсқасы бойынша ақылды қалалардың халықаралық рейтингіне енді. Зерттеу нәтижелері бойынша елорданың жетілу деңгейі - 2.48 балды құрады. Астана қаласы Орталық Азияда осы үлгі бойынша зерттелген және Smart City кемел бағасын алған алғашқы қала болды.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020 09:09

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Жеке мәліметтерді қорғау күні

Жеке мәліметтерді қорғау туралы конвенцияға сәйкес 28 қаңтар Мәліметтерді қорғау күні болып белгіленді. Бұл күнді өткізудегі мақсат - азаматтардың өздері туралы қандай мәліметтерді не үшін жиналып жатқанынан хабардар ету болды. Бұл күн 2007 жылы белгіленді және алғаш рет сол жылы атап өтілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1955 жылы Қазақ КСР халық әртісі Асқар Тоқпанов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанынан театр факультетін ашты, 1977 жылы оның базасында Алматы театр-көркемсурет институты құрылды. 1989 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтына Қазақстанның тұңғыш халық ағарту комиссары, мәдениет пен өнерді дамытуға сүбелі үлес қосқан Темірбек Қараұлы Жүргеновтің есімі берілді. 1993 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институты Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.

1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады.

1994 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында ұлы Абайдың шәкірті, ақын Көкбай Жанатайұлы атындағы қор ашылды.

1994 жылы «Қазақстан-Заман» бірлескен қазақ-түрік газетінің базасында қазақ тіліндегі халықаралық тәуелсіз апталық - «Түркістан» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Бірінші бас редакторы - Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов.

2010 жылы Ақын Мұзафар Әлімбаевтің соғыс жылдарында Татарстан композиторы Мақсұт Латиповке жолдаған өлеңдері мен хаттары Астанадағы Қазақстанның ұлттық мұражайына табысталды. Қолжазбаларды Татарстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сағиқ Жақсыбаев тапсырды. Хаттың жартысы орыс тілінде, жартысы – қазақ тілінде, ал соңғы сөздері латын әліпбиімен жазылған.

2010 жылы Шымкент арқылы ағып өтетін Қошқарата өзені айрықша қорғалатын аумақ мәртебесіне ие болды. 12,3 гектар аумақ - өзен бастауын алатын бұлақтан қаланың ортасындағы Ордабасы алаңына дейінгі жер бұдан былай қалалық дендрабақтың бөлігі болып саналады.

2011 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауын таныстырды.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) өзінің ресми сайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі веб-ресурсы - ortcom.kz таныстырды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Тайқазан», «Amir Timur», «Боран», «Шәкен Айманов», «8 наурыз» және «Баскетбол. Олимпиада ойындары-2016» естелік монеталарын шығарды. Монеталар 925-ші сынамалы күмістен шығарылған. Максималдық тиражы - 3 мыңнан 13 мың данаға дейін.

2015 жылы Қазақстан «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» (ҒБРО) АҚ және ресейлік «Академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне тапсырыс беруші және оны дайындаушы ретінде «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесін құру туралы жариялады. Қазақстанда «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының топтамасы құрылып, еліміз «KazSat» спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесінің толыққанды иесі атанды.

2017 жылы Алматыда Бүкіләлемдік XXVIII Универсиада басталды. Оны хоккейшілер бастап берді. Спорттың осы түрінен Универсиада медальдарын Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия және Жапония құрамалары сарапқа салды.

2017 жылы Венгрияның Шымкент қаласындағы консулдығының ашылу салтанаты өтті. Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Құрметті консулы болып «OTAU Group» компаниясының президенті, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов тағайындалды. Бүгінгі таңда Венгрия Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді экономикалық әріптесі. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ресей мен Украинадан кейін Мажарстан 3-ші сауда серіктесі.

2018 жылы Қытайда өткен Global golden chart awards салтанатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Салтанатты шара Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өтті. Димаш қытай тілінде ән айтты.

2019 жылы Атырауда Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа ескерткіш орнатылды. Қаршыға Ахмедияров шебер орындаушы ғана емес, өскелең ұрпақты өнер жолына баулыған, ұлттық сананың қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген педагог болды,

Бес жасында қолына алған қазақтың қасиетті домбырасы өмірлік серігіне айналды. Қаршыға Ахмедияров белгілі күйшілердің шығармаларын орындап қана қойған жоқ, өзі де 60-тан астам күй шығарды.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI Заңымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістер мемлекеттік қызметке қабылдану, мемлекеттік қызметтің өткерілуі және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне қатысты болды.

 

Лауазымға тағайындалу

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бос лауазымдарға орналасу тек конкурс арқылы екені белгілі, бірақ жекелеген тұлғалар конкурстан тыс тағайындала алады.

Қызметтегі судьялар, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына іріктеуден өтпестен орналаса алатынын білеміз.

Бұдан басқа, заңнамаға соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдар және Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген адамдар лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындала алады.

Мемлекеттік органның бірінші басшыларының көмекшілері, кеңесшілері, баспасөз хатшыларының бос лауазымдарына да конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі. Алайда, аталған адамдарды мемлекеттік орган ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді. Олар ішкі конкурстарға тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда қатыса алады.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тестілеуден өтпестен, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.Бұл жағдайда оларға міндетті арнайы тексеруден өту, декларация тапсыру сияқты талаптар қойылмайды.

Заңнамаға соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес, конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді, тек жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Өзгертулер енгізілмей тұрғанда, конкурс өткізу қағидасына сәйкес, ішкі конкурстың бірінші кезеңіне тек сол мемлекеттік органның қызметшілері ғана қатыса алатын. Енді мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері  арасында өткізілетін ішкі конкурсқа (жергілікті атқарушы органдарда)осы облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатыса алады.

Сонымен қатар, конкурс өткізу кезеңдеріне де толықтырулар енгізілген. Ол мәдениет, дене шынықтыру және спорт, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы заңдарға сәйкес, кандидатпен әңгімелесу өткізу кезеңінің алдында олардың кандидатураларын министрліктер, комитеттермен келісу қажеттілігі.

Бұдан басқа, егер негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, жұмыстан босатылған жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымда қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметші конкурс өткізілместен, жұмысын тұрақты негізде жалғастыра алады.

Заңнамаға енгізілген тағы бір жаңалық ол қызметке қабылдаған мемлекеттік қызметшіге оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын сәйкестендіру картасы берілетін болады.

 

Сынақ мерзімі туралы

Мемлекеттік қызметке қайта қабылданған тұлғаларға сынақ мерзімі тағайындалмайтын болады. Егер мемлекеттік қызметтен теріс себептермен, сынақ мерзімінің нәтижесі, аттестация немесе бағалау нәтижесі бойынша жұмыстан босатылған болса, ондай қызметшілерге міндетті түрде сынақ мерзімі тағайындалады.

Егер сынақ мерзімінде жүрген мемлекеттік қызметші конкурс арқылы басқа лауазымға тағайындалып жатса және оның функционалдық міндеттері өзгермеген жағдайда қайтадан сынақ мерзімі тағайындалмайды, бұрынғы тағайындалған сынақ мерзімі жалғаса береді.

Сонымен қатар, заңнамада тәлімгерлердің бекітілуіне қатысты да өзгерістер бар. Ендіоблыстық атқарушы органдар және аудан, қалалық атқарушы органдар басшылары лауазымдарына тағайындалған азаматтарға сынақ мерзімі қолданылмайды.

 

Шектеулер мен талаптардың күшейтілуі

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгілі бір шектеулер болатынын білеміз, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің тікелей басшылығында қызмет атқаратын туыстарына қатысты шектеулер.

Заңға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) тікелей басшығында қызмет атқаруға болмайды. Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жекжаттары(жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара алмайды.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер қызмет бабында ілгерілеуіне қатысты талаптар да күшейтілген. Мәселен, мемлекеттік қызметшіде оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстар арқылы басқа лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.

 

Мемлекеттік қызметшінің оқытылуы

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарынан өте алады.

 

Міндеттердің жүктелуі туралы

Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге өзінің атқаратын қызметінен босатылмай, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.

Облыстық атқарушы органдар, аудан, қалалық атқарушы органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері орынбасарларының міндеттері уақытша үш айдан аспайтын кезеңге ғана жүктеле алады.

Осы ретте, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшының міндеттері жүктелмейді.

 

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі

Бірінші басшы өзінің қызметшісінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы анықталған жағдайда (сот шешімімен) тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Саяси мемлекеттік қызметшілер егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан, қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде облыстың әкімі, өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде аудан әкім отставкаға өтініш береді.

         Ляззат Бейсеқұлова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Алматы облысы бойынша

Департамент басшысының орынбасары

Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2020 09:04

Есте қалар оқиғалар

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні

2005 жылдың 1 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы бекіткен. 1945 жылы қаңтардың 27-сінде Освенцим концлагері тұтқындары азат етілген бұл күнді бірқатар елдер атап өтеді. Освенцим концлагері 1940 жылы саяси тұтқындар үшін салынды. Темір жол торабына жақын орналасқан лагерьде 40-қа жуық түрлі нысан - барактар, газ камералары, крематорийлер мен адамдарға тәжірибе жүргізілетін зертханалар болды. Күн сайын мұнда мыңдаған адам тиелген бірнеше эшелон келетін. Оларды жою үшін нацистер Циклон-Б улы газын ойлап тапты. Освенцим «ажал фабрикасы» деген атқа кездейсоқ ие болған жоқ. Лагерь жұмыс істеген 5 жылдың ішінде мұнда 28 ұлттың 1,5 миллион адамы қаза болды. 1979 жылы ЮНЕСКО концлагерьді халықаралық маңыздағы ескерткіштер тізіміне енгізді.

Комьюнити-менеджерлер күні

Жыл сайын әлемнің түрлі елдерінде қаңтардың төртінші дүйсенбісінде тойланатын кәсіби мереке. Комьюнити-менеджерлер — жасампаздық, даму, басқару және қоғамдастық өкілдерімен қарым-қатынас жасауға жауапты қызметкерлер. Олар, сондай-ақ UGC-жүйелерді жасап, оларды қолдаумен айналысады. Комьюнити-менеджердің жұмысы PR, HR, әлеуметтік психология және басқа да гуманитарлық салалардың тоғысында жатыр.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс басқармасының бұйрығымен Қазақ мемлекеттік жобалық және ғылыми-зерттеу институтының ғылыми бөлімі базасында Қазақ сейсмикалық төзімді құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық институты («ҚазСҚҒЗИ») құрылды. ҚазСҚҒЗИ-дің алғашқы директоры болып инженер-құрылысшы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Төлеубай Жүнісов тағайындалды.

1992 жылы Өскемендегі мыс-қорғасын комбинатында салмағы 10,5 кг Қазақстанның тұңғыш алтын кесегі өндірілді.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Дауоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Форум барысында болып өткен көптеген кездесулердің арасынан Елбасының Еуропаның бірнеше мемлекеті, Америка, Азия мемлекеттерінің басшыларымен және бірнеше ірі халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесуін атап өтуге болады. Әңгімелер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Қазынашылық» деп аталатын Қазақстандағы алғашқы ашық инвестициялық қорды тіркеді.

2006 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Әубәкір Ысмайыловтың шығармашылығына арналған «Бейнелеу өнері» сериясының пошта маркасын айналымға енгізді. Маркада суретшінің 1928 жылы салған Абай портреті бейнеленген. Соңғы 10 жыл төңірегінде Г.Ысмайлованың «Қыз Жібек», С.Калмыковтың «Фантастикалық натюрморт», Х.Наурызбаевтың «Шопан портреті», Ж.Шәрденовтің «Биік таулар», М.Кенбаевтың «Асауға құрық салу», А.Ғалымбаеваның «Кеседегі қымыз», С.Айтбаевтың «Бақыт» сияқты туындылары «Бейнелеу өнері» сериясымен пошта маркаларында бейнеленген болатын.

2010 жылы Мәскеуде Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Аңызға айналған батыр» («Легендарный батыр») атты жинағы жарық көрді.Қазақ және орыс тiлінде шығарылған жинаққа халық батыры Бауыржан туралы қазақ жазушылары Шерхан Мұртаза, Елена Әлiмжанова, Мұхамеджан Катимханның естелік шығармалары және Мәскеудің мұрағаттарында сақталған бұрын жарияланбаған Бауыржан Момышұлының күнделіктері кірді.

2011 жылы Мемлекет басшысы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

2012 жылы «Қазпошта» АҚ «Ескерткіш, мерейтойлық даталар және мерекелер» сериясында көрнекті мемлекет және партия қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған көркемсуретті пошта маркаларын айналымға шығарды.

2016 жылы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, драматург Әкім Тарази Ұлттық Академиялық кітапханаға өзінің жазған кітаптары, сондай-ақ, жеке кітапханасында жинаған өте құнды 978 кітапты тарту етті.

2017 жылы Тәжікстанда Ресей-Тәжік университетінің профессоры Абдусаттор Нуралиевтің «Тәжікстан қазақтары» атты кітабы жарық көрді. Онда Тәжікстанда тұратын қазақ диаспорасының тарихы, осы елді дамытуға қосқан үлесі туралы баяндалады.

2017 жылы «Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» «Орталық Азиядағы үздік ақылды орталық» номинациясы бойынша алғаш рет әлемдік сараптамалық орталықтар рейтингіне кірді.

Дереккөз: https://www.inform.kz 

Жұма, 24 Қаңтар 2020 08:33

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық эскимо күні

1922 жылы Онава (АҚШ, Айова штаты) қаласындағы тәттілер сататын дүкеннің иесі даниялық Христиан Нельсон шоколадпен көмкерілген балмұздақ текшесіне патент алды. Ол оны «эскимо-пай» - эскимос бүктемесі деп атаған. Арада көп жыл өтсе де бұл өнім бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да балалар мен үлкендердің сүйікті тағамдарының біріне айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Брюссельде болған кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен НАТО-ның Бас хатшысы Вили Клаес «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Дәл осы күні Брюссельде Қазақстанның Бенилюкс елдеріндегі елшілігінің ашылу салтанаты болып өтті. Оған Қазақстанның мемлекет басшысы және Бельгия королі отбасының мүшелері және үкімет адамдары, осы елде тіркелген басқа елдердің елшілері қатысты.

1996 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң күші бар Жарлығы шықты.

2013 жылы Павлодарда Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Өңірдің ақындары мен жазушыларының шығармашылық одағы қанатының астына қазақ және орыс тілдерінде туынды жазатын дарынды адамдарды шоғырландырды.

2014 жылы Гамбург қаласында ҚР құрметті консулдығы ресми ашылды. Шара барысында ГФР-дағы ҚР елшісі Нұрлан Оңжанов жаңа құрметті консул Киллингерге консулдық патентті тапсырып, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ісінде табыстар тіледі.

2014 жылы Қазақстан Ыстанбұлда «Emitt 2014» туризм және саяхат көрмесіне қатысты. Қазақстандық делегация ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу жоспарын көрсетті.

2018 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Вашингтонда Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды.

Қазақстан туралы кітаптар енді әлемнің басты кітапханаларының бірі – АҚШ Конгресінің кітапханасында да бар. АҚШ-тың осы ұлттық кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана. Оның негізі 1800 жылы қаланған. Кітапхана қоры 156 млн басылымнан асады, жылына 1 800 000 оқырманға қызмет көрсетеді.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының жанында «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды.

Орталықтың міндеттеріне қайтарылған құжаттардың бірыңғай базасын құру, шет елдердің мұрағаттарымен ынтымақтастық жасау, «Архив-2025» бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастықтың ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл орнату.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет