Жұма, 06 Тамыз 2021 15:23

25 вагон жем-шөп жөнелтілді

Биыл еліміздің бірқатар аймағын қуаңшылық жайлады. Әсіресе, Маңғыстау облысындағы төрт түлік жем-шөптен тарықты. Бүгінде батыстағы ағайынға қолұшын бермек үшін өзге өңір жұртшылықтары асарлатып  жеп-шөп жинауда. Бүкіл ел болып жұмылған бұл игі іске ауданымыздың азаматары да білек сыбана кірісті.

Жақында аудан азаматтары қуаңшылықтың зардабын тартқан Маңғыстауға жиналған жем-шөптің алғашқы легін жөнелтті. Ең әуелі Шелек бекетінде 300-ден астам адам арнайы құрбандық шалып, батыстағы ағайынға амандық тіледі. Аудан азаматтары жарты айдан бері маңғыстаулық ағайынға көмек ретінде мал азығын жинапты. Асарға атсалысқан азаматтардың сөзінше, қазірге дейін 25 вагонға жуық жем-шөп жиналған. Олар ауылауылдың ішінен, әрбір үйден бір, екі түктен осыншама қомақты жем-шөп қорын топтапты. Игі істің басы-қасында жүрген азаматтар кө-мектің  алдағы уақытта жалғасын табатындығын, жылу, асар деген ата-бабаларымыздан келе жатқан өзін-өзі басқарудың бір ерекше институты екендігін айтты. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, 25 вагон жем-шөп толығымен тиелген  вагондар құрамы 30 шілде күні жолға шыққан. Жоспар бойынша ауданымыздың аманаты 10 тамызда Шетпе бекетіне жетуі тиіс. Маңғыстауға көмек көрсеткен ауылдардың көшін Қаратұрық ауылдық округіндегі Ащысай ауылы бастады. Аталған елдімекен маңғыстаулықтарға 2600 түк шөп, 3 тоннадан астам жем жөнелткен. Округ әкімі Айбек Ілебаев ауылдың ауызбіршілігіне алғыс айтып, елдімекеннің көркеюіне де жұрт жұмыла кірісетіндігіне сенім білдірді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 1135 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет