Сәрсенбі, 22 Қыркүйек 2021 14:30

Алматы облысының орталығында 60-қа жуық отбасы баспаналы болды

Талдықорғанның облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай қаладағы оңтүстік-батыс тұрғын ауданының "Болашақ" шағын ауданында көппәтерлі үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. Барлығы көпқабатты тұрғын үйде 55 пәтер бар.
Бас шаһардың мерейтойы аясында 60-қа жуық отбасы баспаналы болып отыр.Тұрғындарды мерекемен құттықтап, жаңа пәтердің кілтін табыстауға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді.
Ол өз сөзінде, Талдықорған қаласы облыс орталығы болып ауысқалы бері танымастай болып өзгергендігін айтты.
"Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн",- деді облыс әкімі Амандық Баталов.

"Шаңырақ"тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары жаңа пәтерлердің бақытты иегерлері атанды. Солардың қатарында, ақ жаулықты ана Нүкен Құлбайқызыда бар.

"Балам бүгін құтты шаңырағының кілтін қолына алды. Бұл қоныс тойды ұзақ уақыт күттік. 2005 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 перзенті бар. Балаларым үшін өте қуаныштымын. Баспаналары берекелі болсын. Бүгін тіпті қуанғаннан көзіме жас алып отырмын",- дейді Нүкен Құлбайқызы.

Айта кетейік, алдағы 5-10 жылда қала тағыда жаңарып, жандана түспек. Келешекте бас шаһар көрінісі бүгінгіден де өзгеше болмақ.

 

«JETISÝ MEDIA» КММ

Оқылды 999 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет