Жұма, 21 Қаңтар 2022 14:31

Сырқат саны артты

Елде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап, КВИ жұқтырғандар саны артты. Алматы облысы «қызыл» аймақта тұр. Осыған байланысты аудандағы ахуалды Еңбекшіқазақ аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Миржан Азербаевтан сұрап білдік.

 

– Еңбекшіқазақ ауданындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталсаңыз, КВИ жұқтырғандар саны өсіп жатыр ма? Емделгендер мен ем алып жатқандар қанша?

– Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғалы ауданда инфекцияны жұқтырған 5548 адам тіркелген, оның жазылып шыққандары – 5482, ем алып жатқандары – 41 адам. КВИ жұқтырған 1367 науқаста жұқпаның симптомсыз түрі болса, 4181 науқаста симптомды түрі тіркелді. Науқастардың жас ерекшелігіне тоқталсақ, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 542, 15-17 жастағылары – 347, 18-29 жастағылары – 843, 30-39 жас аралығындағылар – 972, 40-49 жас аралығындағылар – 856, 50-59 жас  – 871 және 1117 жағдайда 60 жастан асқан тұрғындар ауруға шалдыққан. Науқастанғандардың 2808-і – әйелдер, 2740-ы – ерлер. Сырқаттанғандар көптеп тіркелген елді мекендер: Есік қаласы (1002 жағдай) мен Шелек ауылы  (747 жағдай) болды. Бұл екі өңірде де халық саны көп.

Өткен 2021 жылдың 13 қаңтарына дейін КВИ жұқтырған 737 адам тіркелсе, 2022 жылдың осы күніне дейін науқастар саны 5548-ге жетіп, жұқтырушылар 7,5 есеге өскені байқалып отыр. Сол сияқты 2021 жылғы қаңтардың 1-і мен 13-і аралығында ауданда 28 жағдай КВИ тіркелсе, 2022 жылдың 1-13 қаңтар аралығында 41 жағдай тіркелген. Осы келтірілген сандарға сүйенсек, бүгінгі күнге сырқаттанушы санының артқанын көруге болады.

Жұқпаның берілу көзін анықтау барысында жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер кезінде (науқастарды сұрастыру) науқастардың адамдар көп шоғырланған орындарға: сауда үйлері, базар т.б., отбасылық шараларға: той, ас, туған күн т.б. барғандығы анықталады. Сондықтан қазіргі уақытта той-томалаққа баруды қоя тұрған дұрыс болар еді.

– Жаңа оқу жылы басталғалы ауданда неше оқушы, неше мұғалімнен КВИ анық-талды?

– 2021-2022 жаңа оқу жылы оффлайн жағдайда басталғалы 319 оқушы КВИ жұқтырғандығы анықталды. Бұл сан барлық сырқаттанғандардың 5,7 пайызын құрайды. Ауырған мұғалімдер саны – 30. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес КВИ анықталған оқушының тек сыныбы бойынша қарым-қатынаста болғандар үй карантиніне оқшаулануда. Коронавирустық инфекция сырқаттанушылығы тіркелуі бойынша онлайн оқуға көшкен сынып-мектептер жоқ. 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтар күнгі «Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы» №1 қаулысына сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыруда қамтамасыз етілуі қажет бірқатар талаптар айтылды. Олар:

– 600 ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматы;

– ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері – аралас оқыту форматы: барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар – штаттық режимде;

– мектепке дейінгі білім беру ата аналардың (заңды өкілдердің) жазбаша келісімімен оқытудың – штаттық форматы;

– қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар – штаттық режимде, топтық 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету (коррекциялық) орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін – штаттық режимде. Қазір білім беру объектілерінде осы талаптар сақталуы тиіс.

– Бүгінде ауданда қанша тұрғын вакцина алды, ревакцина жасатқандар қанша? Оның ішінде балалар, жүкті әйелдер, бала емізетіндер мен қарттардың үлесі қандай?

– Коронавирустық инфекцияға қарсы егу науқаны басталғалы ауданның 127  мың 857 тұрғыны вакцинаның 1-компонентін қабылдаса, 120 мың 087 адам 2 компонентті қабылдаған. Ревакцинацияны 5266 адам жасатты.

Еліміздің аумағында 2021 жылдың қараша айынан 12-18 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16-37 апта мерзіміндегі әйелдер мен босанғаннан кейін 42 күн өткен әйелдерді «Пфайзер» компаниясының Комирнати вакцинасымен егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 12-18 жас аралығындағы 3468 балаға вакцинаның 1-компоненті жасалса, 2-компонентін 1033 бала салдырды. Жүкті әйелдердің 526-сы  1-компонентін қабылдаса, 2-компонентті 144 әйел алған. Босанғаннан кейін 42 күн өткен, бала емізетін 1211 әйел вакцинаның 1-компонентін, 222 әйел  2  компонентті толық алды.

– Қазіргі уақытта «Омикронның» жылдам таралып жатқаны белгілі. Коронавирустың бұл түрі туралы жан-жақты айтып өтсеңіз, халық нені білуі керек?

– «Омикрон» – коронавирус ауруын тудыратын SARS-COV-2 вирусының жаңа штаммы. Штамм басқалардан көптеген мутациялармен ерекшеленеді. Ол алғаш рет 2021 жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Африкада анықталды. Гонконг университетінің медицина факультетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, жаңа «омикрон» штаммы бастапқы және алдыңғы штамдарға қарағанда 70 есе тез өсетінін анықтады. Демек, ол жылдам жұғады. «Омикрон» белгілері: жоғары температура, әлсіздік, жөтел, гиперамнезия, яғни есте сақтау қабілетінің бұзылуы, субфебрильді қызба, миалгия, яғни бұлшық еттің ауруы, интоксикацияның жалпы белгілері.

Вирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцинация және коронавирустық инфекцияның алдын алудың барлық сақтық шараларын қатаң ұстану. Атап айтсақ: адамдар көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық және отбасылық шараларды өткізбеу және бармау, қоғамдық орындарда бетперде кию, қолды анитсептиктермен тазалау, жылы киініп, ағзаны мұздатып алмау. Тұрғындар осы айтылғандарды қатаң сақтаса екен.

– Аудандағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

– Бүгінгі күнге ауданның медициналық ұйымдарында қажетті дәрі-дәрмектердің кемінде екі айлық қоры жасалған. Дәріханаларда дәрілік заттардың жетіспеушілігі байқалмайды.

– Аудан тұрғындарына айтарыңыз...

– Құрметті аудан тұрғындары, бүгінде елімізде коронавирустық инфекция салдарынан эпидемиологиялық жағдай орнықсыз болып отырғаны өздеріңізге мәлім. Оның ішінде «омикрон» штаммының пайда болуы мен таралуы жағдайды одан әрі қиындатары анық. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз – жоғарыда айтылған сақтық шараларын қатаң сақтап, коронавирустық инфекцияға қарсы вацинаны қабылдап, туыстарыңыз бен жеке бастарыңыздың амандығына көңіл бөлу.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.  

Оқылды 1767 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қар 28, 2024

Алматы облыстық мәслихатының № 15…

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы 5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым…
Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет