Жұма, 01 Сәуір 2022 10:44

Жаңа төраға сайланды

Өткен аптада жаңадан қалыптастырылған аудандық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынға аудандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов қатысты. Мәслихат хатшысы өз сөзінде қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Тілеулес Ұзақовқа алғыс білдірді.

– Қоғамдық кеңес – ауданымыздағы маңызды шешімдердің қабылдауына қатыса отырып, жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін бақылаушы әрі кеңесші ұйымға айналып отыр. Себебі кеңестің заң аясында бекітілген орасан зор әлеуеті бар. Сондықтан ұйым атқарушы билік пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты бекіте түсуге үлес қосары сөзсіз – деген Бекет Төлегенұлы кеңес мүшелерін таныстырып, жұмысына табыс тіледі. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған кеңес мүшесі Надо Надыров қоғамдық кеңес төрағасына Серік Надырбаевты ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Өз сөзінде аудандағы өзекті мәселелердің шешілуіне белсене атсалысатынын жеткізген Серік Дүйсебайұлы билік пен халық арасын жалғайтын алтын көпір – қоғамдық кеңес бағытты жұмыс атқаратынын айтты.

Жиын барысында кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссиялары құрылып, кеңес төралқасының құрамы сайланды. Ереже бектіліп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қалыптастырылды.

 С.НҰРАДИН.

Оқылды 843 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әсері бөлек әз Наурыз Дарын дарындылығын дәлелдеді »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет