Сейсенбі, 05 Сәуір 2022 10:34

Дарын дарындылығын дәлелдеді

«Жер – ырыстың кіндігі, білім – ырыстың тізгіні» демекші, оқып, оны көңілге тоқыған адам қашанда ырыстың тізгінін ұстайтыны анық. Өйткені ілім – жанып тұрған шырақ, оқығанның көзі жарық, мақсаты айқын. Сол себепті, құр тіліңмен жүгінгенше, біліміңмен жүгінсең, мұратыңа жетесің. Қазіргі технологиясы озған заманда, ғылыммен жақын болған жанның арманына қолы жететіні мәлім. Сондықтан да білгеніңе емес, біліміңе сенетін заман бұл.

«Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын» дегендей марқұм Сайын атасының, мұғалім апасының тәрбиесін алып өскен Дарын Серікұлы 2010 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Құсайын Бижанов атындағы мектепті үздік бітірген соң, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің техникалық физика факультетін оқып бітіреді. Одан соң Алматы қаласындағы №160 мектепте жұмыс істей жүріп, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны да ойдағыдай аяқтап шығады. Содан кейін физика мамандығы бойынша магистратурада оқи жүріп, О.Жандосов атындағы №105 гимназияда шәкірттерге дәріс бере жүріп, магистратураны тамамдайды.

Дарын Сайынов қайда оқып, қайда жұмыс істесін, жүрген жерінде белсенділігімен көзге түседі. Ол конференцияларға, семинарларға, конкурстарға, тағы басқа да игі шараларға қатысып, алдыңғы саптан көріне білді. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» екенін дәлелдеген Дарын дарындылығымен жеңімпаз атанып жүрді. Көптеген конкурстардың ішінде жас мамандар арасында өткен конкурста ол топтан оза шауып, жеке дара шықты. Одан кейін Алматы қалалық басқармасы ұйымдастырған қазақ жастары арасында орыс тілінде өткен конкурста да бірінші орынды иеленіп, Алматы қаласы әкімінің орынбасарының қолынан ноутбук сыйға алды.

«Білім басы – бейнет, соңы – зейнет, оқығанды айтпа, тоқығаңды айт» деген сөз бар. Бұдан кейін де Дарын Серікұлы талай конкурс, бәйгелердің жеңімпазы атанды. Мысалы, 105 гимназия командасының бір мүшесі болып қатысқан ол экологиялық конкурста Shell компаниясының интерактив тақтасын сыйға алды. «Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім» екенін тағы да дәлелдеген Дарын өткен жылдың басында Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастырған «2021 жылдың үздік мұғалімі» конкурсына гимназия атынан қатысқан топта өз пәні бойынша тесттен жоғары балл жинап, ашық сабақ өткізді және гимназия жетістіктері бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл конкурстың нәтижесі осы жылдың қараша айында шыққан-ды. Бірнеше турнирлер қорытындысы бойынша Дарын дарындылығын және бір дәлелдеп, жеңімпаз атанғаны үшін Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың қолынан автокөліктің кілтін сыйға алған болатын.

Білімді есіктен тесікке дейін іздене білгенге ғана дүние жарық болары сөзсіз. Қазір көптеген білім объектілерінде модернизация – жаңару, жаңғыру шаралары өтуде. Сондай бір игі шара Алматы қаласындағы оқушылар сарайында да өтіп, онда да ол біліктілік танытты. Биыл 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің сарайында жаңа лабораториялық оқу кабинеттерінің ашылу салтанаты өтті. Осы игі бас қосуда арнайы жабдықталған студияның бірінде жазуға арналған студия және онлайн трансляция оқуын Дарын Серікұлы өткізді. «Өмір – үлкен мектеп» деген осы. Оқығаннан көкейіне тоқығаны көп, алтын алмай, білім алып жүрген алғыр жас маман интерактивті тақтамен 3D графикалық моделі бойынша жұмыс жүргізу мүмкіндігін көрсетті. Осы салтанатты жиынға арнайы келген Президентіміз Қ.Тоқаев пен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов те Дарынның білгірлігіне көңілдері толып, ризашылықтарын білдірді.

           

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» демекші Дарын университетте оқып жүргенде-ақ студенттерге арналған АҚШ-тағы «Work and Travel» ағылшын тілін оқып үйрену бағдарламасына да қатысты. Осы бағдарлама аясында үш ай АҚШ-та тіл үйрену құзіретін арттырды. Ғылыми ізденіспен де айналысып, мақалалары «Молодой ученый» және «Столица науки» журналдарында жарық көрді. Педагогикалық ғылым магистрі Дарын – педагогтардың мамандығын жетілдіру бойынша әртүрлі бағдарламалардың да тренері. Біз жерлесіміз Дарын Серікұлының осындай білім шыңына шыққан жетістігін мақтан етеміз.

 Анарбек Бердібаев.

Оқылды 948 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа төраға сайланды ПРЕСС-РЕЛИЗ »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет