Дүйсенбі, 18 Сәуір 2022 09:17

«...Парызын өте, Отанның!»

ҰҚК Шекара қызметінің Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасында әскер қатарына шақырылушылардың Ант қабылдау рәсімі өтті. Бүгінгі рәсімнің ерекшелігі сол, «Көктем-2022» шақырылымының шарасына жас сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, қуаныштарымен бөлісті.

Бұл – пандемияның беті қайтып, карантиндік шектеулер алынғаннан кейінгі бірінші өткізіліп отырған дәстүрлі шара. Сондықтан Ант беру секілді ұлдарының өмірінде бір-ақ рет болатын атаулы мерекеге қатысу үшін алыстан ат артып жеткен ата-аналардың жүздерінен өлшеусіз қуаныш пен ерекше толқынысты байқамау мүмкін емес еді...

Подполковник Е.Қырғызбаевтың бұйрығымен ашылған салтанатты шарада 80-нен астам сарбаз сап түзеді. Аталған басқарманың кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысып, санаулы уақыттың ішінде өздерінің саптық дайындықтарын шыңдаған Отан оғландарын алда жас жауынгерлер курсы күтіп тұр. Әрі қарай ел шебіне аттанып, ҰҚК Шекара қызметінің шекара бөлімшелерінде алған мамандықтары бойынша қызмет атқаратын болады. Мұнда дизельші-электрик, автодәнекерлеушілер даярланады.

Еліміздің Әнұранымен ашылған салтанатты шараға әскери ұжымның Туы әкелінген соң, Техниканы және қару-жарақтарды жөндеу басқармасының бастығы подполковник Ернат Қырғызбаев сап түзеген сарбаздарды бүгінгі төл мерекелерімен құттықтап, шекара мен ел шебінің еліміз үшін алар маңызына кең тоқталды.

Бұдан кейін болашақ шекарашылардың Отанына ант беру рәсімі де басталды.  

Ант қабылдау рәсімінің соңы жиынға ұласып, алғашқы сөз кезегі ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, бір кездері аталған басқарманы басқарған запастағы полковник Әлихан Артықбаевқа берілді. Саналы ғұмырын ел шебінің сызатсыздығына арнаған сардар шекараны қорғағалы тұрған жас буынның қадамына сәттілік тіледі. Мұнан кейін ата-аналар атынан сөз алған Орынтай Оспанова бүгін өзінің немересі Әлиханның да сарбаз атанғанын, шекарашы болуға өзі тілек білдіргенін мақтанышпен айтып, Отан қорғауға ант берушілерге аналық батасын берді.

Жиын соңында ата-аналар басқарма басшылығымен кездесіп, өздерін толғантқан сауалдардың жауабын алды.

Осылайша, араға екі жыл салып, өзінің дәстүрлі форматына қайта оралған рәсім – «Көктем-2022» шақырылымы үшін есте ерекше қаларлықтай өтті. Өйткені, Ант қабылдау – жас сарбаздардың ер-азамат атанып, Отан оғландарының қатарын толықтырғанын білдіреді.

Т. ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі.

Оқылды 694 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет