Сәрсенбі, 20 Сәуір 2022 23:52

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділжан СМАҒҰЛОВ: «Азаматтарды баспанамен қамту — маңызды міндет»

Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі – күн тіртібіндегі өзекті тақырыптарың бірі болып саналады. Себебі, азаматтардың әлеуметтік игілігі олардың үймен қамтылуына тікелей байланысты. Ел Президенті Қ.Тоқаев отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырғаны мәлім. Ал, біздің мемлекетімізде тұрғын үйге кезекке тұрушылардың саны жыл сайын 50 мың адамға ұлғаяды екен. Аталған ауқымды мәселелерді шешу үшін үкімет тарапынан сан түрлі бағдарламалар әзірленіп, ел игілігіне ұсынуда. Себебі, елімізде тұрғын үй, құрылыс саласы – ең өзекті мәселе. Азаматтарды тұрғын үймен қамту және әлеуметтік нысандардың құрылысы ауданымызда да жүзеге асуда. Осы орайда аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Смағұлов Әділжан Мұхаметжанұлымен  сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– Әділжан Мұхаметжанұлы, біз мекен еткен аудан халық саны мен жер көлемі жағынан республикамыз бойынша алдыңғы қатарда. Осындай ауқымды ауданда тұрғын үй салу бойынша атқарып жатқан жұмыстарды тарқатып өтсеңіз.

– Оныңыз рас, ауданымыз ауқымды. Тиісінше, тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған азаматтардың саны да күн санап артып келеді. Азаматтар үшін баспана – басты мәселе. Оларды қолжетімді тұрғын үймен қамту – мемлекеттің ең маңызды міндеті. Осы тұрғыда ауданымыз бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айталық, Есік қаласында келісім шарт бойынша құны 782 млн 952 мың және 778 млн 592 мың теңге болатын 60 пәтерлі 2 тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар Шелек ауылында да дәл осындай үлгіде 750 млн 306 мың теңгеге  60 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Есік қаласындағы қос бірдей тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын «Капстройгрупп-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізуде. Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына «Асан М Компани» ЖШС жауапты.

– Салынып жатқан тұрғын үйлердің айналасын абаттандыруды, инфрақұрылым жұмыстарын ұмыт қалдырмаған боларсыздар.

– Әрине, баспана салған соң, сол үйдің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау – бірінші кезекте. Тұрғын үй салудағы жұмыстың ажырамас маңызды бөлігі, тұрғын үйлерді абаттандыру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу болып табылады. Есік қаласындағы аталған тұрғын үйлердің аумағын абаттандырып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге жалпы сомасы 231 млн теңгеден астам, Шелекке 109 млн 657 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «МОНОЛИТ» ЖШС және «Энергохолдинг LTD» ЖШС жүргізуде.

– Аталған пәтерлер қолданысқа қашан беріледі?

– Есік қаласындағы пәтерлер осы жылдың 30 маусымында, Шелек ауылындағы тұрғын үй құрылысы 30 шілдеде толығымен аяқталады. Құрылыс аяқталған бойда кезекте тұрған азаматтарға баспана кілті табысталатын болады.

– Мемлекет басшысы азаматтарды баспанамен қамтуды қарқынды жүргізу керектігін тапсырғаны мәлім. Аудан аумағында бұл жұмыстар тұралап қалғаны жасырын емес. Көппәтерлі үйлерді салу жалғаса ма?

– Әрине, азаматтарды басапанамен қамтамасыз ету бойынша жоспарымыз ауқымды. Биылғы жылы Есік қаласында 40 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы басталады. Одан бөлек 5 көппәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр, жоспар бойынша құрылыс жұмыс-тары 2023-2024 жылдары жүзеге асады.

– Баспана мәселесін жер телімдеріне инфрақұрылым жасау арқылы да шешуге болады. Ауданымызда жер кезегіне тұрған азаматтардың  қарасы қалың. Бұл кезек жақын арада жылжиды ма?

– Жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Шелек ауылында 237 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр, аталған аймақта 1700 жанұяға жеке үй салу үшін жер телімі беріледі. Сонымен қатар, Ақши ауылындағы 90 гектар жерде кезекте тұрған 610 азаматқа жер учаскесі берілетін болатын. Алға ауылында да 22 гектарға инфрақұрылым жасалуда.

– Білім беру саласындағы мәселелерге ойыссақ. Білім беру ошақтары білім бөліміне қарағанымен, тозығы жеткен мектептерді қайта жаңғырту және мектеп салу сіздің бөліміңіз арқылы жүзеге асады. Бүгінде 3 ауысыммен білім беретін оқу ордаларының саны артып келеді. Осы мәселені шешу мақсатында қосымша ғимараттар мен жаңа мектептер салынады ма?

– Қазіргі таңда Рахат ауылдық округі мен Есік қаласындағы мектептер, Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы және Ташкенсаз ауылындағы  Х.Абдуллин атындағы орта мектептер 3 ауысымда білім беруде. Бұл балалардың сапалы білім алуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, аталған мектептерге қосымша ғимараттар салынуда. Жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Тескенсу, Рахат, Түрген, Балтабай, Бірлік ауылдарында орналасқан білім ошақтары да 3 ауысымды жүйеге өту қаупі бар. Соны ескере отырып облыстық білім басқармасына сұраныс беріліп, қосымша ғимараттар салу үшін жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл мәселелер де оң шешімін табатын болады.

– Есік қаласындағы 1500 орындық мекетеп құрылысы тоқтап қалғаны бізге мәлім. Білім ордасының құрылысы қайта жандана ма?

– Иә, өкінішке қарай қаражат тапшылығына байланыстыаталған мектептің құрылысы тоқтап тұрған еді. Қазіргі таңда мәслихаттың шешімімен 1 млрд 300 млн теңге қаражат бөлінді, құрылыс жұмыстары қайта жанданып, жоспар бойынша 2023 жылы аяқталуы тиіс. Десек те, құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдері 2022 жылдың соңына дейін аяқтауға күш салатынын айтуда.

– Ащыбұлақ ауылындағы А.Бубенцов атындағы және Қаражота ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп ғимараттарының тозығы жеткен. Осы ауылдардың тұрғындарынан білім ордалары күрделі жөндеуден өткізілсе деген талап-тілектерін жиі естиміз. Аталған шаруаны жүзеге асыру жоспарда бар ма?

– Аталған мектептердің қазіргі ахуалы сын көтермей тұрғаны бізге мәлім. Бүгінгі таңда А.Бубенцов атындағы мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы бөлінді. Мердігер мекеме анықталды. Сметалық құжаттама сараптамадан өткеннен кейін 2023-2024 жылдары күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Ал Қаражота ауылындағы Б.Момышұлы атындағы мектепке жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға сұраныс берілді. Қаражат бөлінген бойда шешімін табады.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Тілдескен Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 3266 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Нағыз қазақ осы, міне, танып қой Қаһарман ардагер »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2024

Тәуелсіздікке талпынған Тезек төре

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН КЕЙІН ҒАНА ТҮГЕНДЕП, АРХИВТЕРДІ АҚТАРЫП, ТЫҢ…
Қаз 31, 2024

Ауылына қарап, азаматын таны

Адам баласы өмірге келгенде алғаш болып мейірімділікті сезері хақ. Жөргекте жатқан…
Қаз 31, 2024

Құқық бұзушылыққа кім кінәлі?

Қоғамымызда жасөспірімдер мен балалар арасында құқықұзушылық пен тәртіп бұзушылық жиі…
Қаз 31, 2024

«Желаяқтар» марафоны

Республика күні қарсаңында Қырбалтабай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен…
Қаз 31, 2024

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет…
Қаз 31, 2024

Мектептегі мерейлі мереке

Республика күні қарсаңында Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Қазақстан – туған елім, ұлы…
Қаз 31, 2024

Девушка с корзиной «ожила»

Пожалуй, единственное сохранившееся творение рук скульптора советских времен – девушка с…
Қаз 31, 2024

Он жил для людей, и они его помнят

Марупа Якуповича Касимова, уроженца с. Ташкенсаз, с большим сердечным теплом вспоминают…
Қаз 31, 2024

Абырой – адал қызметте

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен – әлеуметтік қорғау жүйесі…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет