Бейсенбі, 21 Шілде 2022 10:57

Бізге артылар жүк ауыр

Қай уақытта да, қандай елде де жастар мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл тақырып қашан да өзекті. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру бастамасында да қоғамды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің қатарында жастар саясатына жаңа өзгерістер енгізу туралы жиі айтыла бастады. Қалай десек те, ел өркендеуін жастардың жалынды рухы мен жаңашыл көзқарасынан бөле қарауға болмайды. Осыған байланысты өңіріміздегі жастардың қазіргі жай-күйі мен олардың тыныс-тіршілігін білу мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Әбітпен сұхбаттасқан едік.

– Айжан Советбекқызы, бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру пәрменіне сай жастар саясатында да түбегейлі өзгерістер орын ала бастады. Жақында Зерендідегі съезде жастар қанатының атауы «Жастар рухы» болып өзгерді. Бұл қадам жастар саясатына жаңа өзгерістер ала келмек пе?


– Зерендідегі съезд кезінде ұйымға «Жастар рухы» атауын беру туралы ұсыныс жасалды. Бұл атауды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» Партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов та қолдап, съезд делегаттары да бірауыздан құптады. Жаңарған атаумен «Жастар рухы» әрбір қазақстандық жасты елдің өткенін бағалап, ертеңін жарқын ету үшін нақты іс-қимыл жасайтын мықты азамат болуға шақырады. Рас, Қазақстандағы миллиондаған жастың өз көзқарасы бар. Бірақ бізді елге, жерге деген сүйіспеншілік, Қазақстанның болашағы жолында адал еңбек ету мақсаты біріктіреді. Қоғам мен мемлекет өміріндегі кез келген өзгеріс жастарға байланысты. Сондықтан жастардың рухы ең әуелі ар-ұждан мен ақыл-парасатқа сүйенуі қажет деп білемін. Олардың бойларына әділет, білім, адал еңбек, еркіндік, патриотизм секілді құндылықтардың сіңіргенін қалаймын. Сол арқылы жастар мұқалмас, қайсар рухқа кенеледі. Дәл осы ізгі қасиеттерді бойына сіңіре алған өрендер тарих көшінде елімізді дамудың даңғыл жолына шығарады. Президенттің жаңа бастамасы шынайы саяси жаңғыру мен кешенді реформаларға бастау боларлық тарихи маңызға ие. Сонымен қатар біздің ұйымның атауы өзгергені – оның 20 жылдан астам уақыт тарихындағы жаңа кезеңді білдіреді. Бүгінде елімізде терең реформалар жүріп жатыр. Жастар осы өзгерістердің бел ортасында болуы тиіс. Осыған сай біздің орталықта жаңа бағыттағы жұмыстар жүргізіле бастады.

– Нақты қандай бағытта жұмыстар жүрігізіліп жатыр? 

– Қазір «Жастар рухы» филиалдарының жұмысына арнайы индикатор белгіленіп, тиісті рейтингі түзіледі. Бұл ұйымның жергілікті жердегі құрылымдық бөлімшелері арасындағы бәсекені арттыруға негіз болмақ. «Жастар рухы» жастардың зияткерлік әлеуетін, кәсіби деңгейін көтерумен де айналысады. Жоғары сынып оқушыларына дұрыс кәсіптік бағдар беріп, жастар арасындағы пікір-сайыс қозғалысы күшейеді. Балалар мен жасөспірімдерге гранттар, стипендиялар, конкурстар, шахмат турнирлері, бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпарат ұсынамыз. Мүмкіндіктер форумын өткізу жоспарымызда бар. Сонымен қоса, жастардың арнайы санаттарына арналған кешенді жобаларды іске қосамыз. Әсіресе, ауыл жастары, NEET пен жұмыссыз жастар да басты назарда. Оларға ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен көмек көрсету үшін «Жастар-Жастарға» мобильді топтары жасақталады. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды, патриотизмді насихаттауды да өз парызымыз деп білеміз. Жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру үшін «Сарбаз болғым келеді!» ашық есік күні, «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы жалғасады. Құқықтық сауатты жастар елдің, өңірдің дамуына, оларды басқаруға атсалысады. Ауданымыз бойынша 65 781 жас бар. Олардың жұмысқа қабілеттілерінің ішінде 1734-і жұмыссыздар қатарында. Десе де, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан гөрі азайған. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар халық арасында жан-жақты насихатталып, жаңа жобаларға жастарды шақырып жатырмыз. 

– Сөз етіп отырған жобалардың  жүзеге асуы мен негізгі бағыттарына тоқталып өтсеңіз.

– 2022 жылға арналған «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған» ұлттық жобасының 3 бағыты бойынша қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 1-бағытқа сай, аудан аумағында орын алған нарықтық жұмыс орындарының қажеттілігіне байланысты бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді қайта даярлау курстарымен қамтамасыз ету бойынша 360 адамды оқумен қамту жоспарланып отыр. 2022 жылы қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 89 азамат жолдама алды. Оның ішінде Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне 33 азамат және «Данышпан бала» оқу орталығына 56 азамат оқуға жіберілді. Ал ауылдық елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2022 жылы 187 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант беру жоспарланған (152 млн 640 мың  тг). Қазіргі таңда 6 азаматқа комиссия құрамы тарапынан оң шешім қабылданып, мамыр айында тисті қолдау қаражатына ие болды. Ал біздегі кешенді жобалардың үшінші бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту болмақ. Осы бағытта 2022 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру аясында 1065 адамды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 633  азамат жолдама алды. Сонымен қоса, 2022 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 72 азамат жоспарланып отыр,. Бүгінде 81 азамат жолдамамен жұмысқа жіберіліп, жоспар 112,5 пайызға орындалды. 2022 жылы жастар практикасынан өтуге жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес ауданның 132 түлегін жіберу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 61 азамат жолдама алды. «Алғашқы жұмыс орны» пилоттық жобасы аясында 2022 жылға 19 азаматты жіберу көзделіп, 15 адам жолдама алды. Бүгінде «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде NEET санатындағы жастардың (білімі жоқ жастар индексі, кәсіби білімсіз) тіркелмегендігін хабарлаймыз. Жастарды еңбекпен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 7022, жұмысқа қабілеттілігінен айырылмаған 2162 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 2022 жылы 310 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде 29 азамат квота бойынша, ал 281 квотадан тыс тұрақты жұмысқа орналастырылады. 2022 жылы орталыққа жүгінген мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 73, оның ішінде 14 азамат квота бойынша тұрақты жұмысқа жіберілді, ал 2 адам квотадан тыс тұрақты жұмысқа орналастырылды, 28-і ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты, 7 азамат қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына жіберіліп, 1 адам қайтарымсыз грант алды. Мұнан өзге ауданымыздың ерікті жастары да қыруар игі істерге мұрындық болуда.

– Осы тақырыпқа, яғни, ерікті жастардың игі істеріне толығырақ тоқталып өтсеңіз.

– Игі істер ауыз толтырып айтарлықтай. Жастар орталығының жанынан құрылған «Иманды жастар» еріктілер тобы бар. Еріктілер түрлі әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға, отбасыларға  қажетті қаражатарын жиып, азық-түлікпен, қыстық отын-көмірмен қамтып,  көптеген игі істерге мұрындық болып жүр. Сонымен қатар жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясына да еріктілеріміз белсене атсалысып, мұқтаж балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын алып береді.

– Өңіріміздегі жастар ұйымының жетекшісі ретінде «Жаңа Қазақстан» жастарға қандай мүмкіндік береді деп ойлайсыз?

– Зерендідегі съезде Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» Партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жастар қанатының алдына бірқатар перспективалық міндет қойды. Атап айтқанда, жастар проблемаларының аймақтық карталарын енгізу, дарынды жастар үшін жобалар жәрмеңкесін және басқа да іс-шараларды өткізу, жас көшбасшыларға арналған оқу бағдарламаларының тиімділігін арттыру, NEET санатындағы жастардың проблемаларын шешу жөніндегі жұмысты күшейту, «Бір толқында» пікірталас алаңын және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша агенттік құру. Қалай десек те, жастар – елдің ертеңі. Сондықтан оларды болашаққа бүгіннен дайындаудың маңызы зор. Қоғам жұмысына, елдің ішкі-сыртқы саясатына араласып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып өскен жас келер күннен көп үміт күттіреді. Қазір жастарды жан-жақты қолдауға және олардың мүмкіндіктерін пайдалануға нақты қадамдар жасалып жатыр. Меніңше, «Жаңа Қазақстан» жастарға мол мүмкіндік береді. Сол үшін жастар ел өркендеуін жаңа сатыға көтеру үшін аянбай еңбек етуі қажет. Кезінде Сингапур экономикасын жаңа белеске көтерген үздік саясаткер Ли Куан Ю: «Біз жеңіске жетуіміз үшін, дарынды жастарға көп сенім артуымыз керек» деген еді. Сол үшін «Жаңа Қазақстан» құру үшін де жастарға ауыр жүк артылады деген ойдамын.

– Әңгімеңізге көп рахмет!  

 

Тілдескен

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 2270 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет