Жұма, 10 Наурыз 2023 10:32

Қауіпке қарсы дайындық

Жуырда Еңбекшіқазақ ауданында «Көктем-2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде көктем мезгілінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау жөнінде жоспарлы іс-шаралар пысықталды.

Аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына және ауданның шұғыл әрекет ету жасағының күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру жөнінде тапсырмалар берілді.

Жоспарға сәйкес су тасқынына қарсы бірқатар іс-шаралар кешені жүргізілді. Атап айтсақ, Есік қаласы, Алматы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің арасынан өтетін су өткізу арнасы мен құбырлы өткелді күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ Уральская, Вавилова, Трудовая көшелерінен ағып өтетін Микушин өзені арнасының түбі тереңдетіліп, мұз құрсауларынан тазартылды.

Сонымен қатар, ауданымыздағы Тескенсу, Бәйдібек би, Қаратұрық, Қазақстан және Қорам ауылдық округтерінде аса қауіпті болып табылатын учаскелерде арнайы техниканың көмегімен өзен арналары, арықтар, каналдар тазартылды. Аталған аймақтар үнемі бақылауда.

Аудандық ауқымды оқу-жаттығу шарасына 13 техника мен 80 адам жұмылдырылды.

Аян ЫДЫРЫСОВ,

аудандық құрылыс, сәулет, қала құрылысы бөлімінің бас маманы.

Оқылды 550 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет