Жұма, 10 Наурыз 2023 10:37

Заманауи жабдықтармен толықты

Есік қаласындағы зерде бұзылысы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты заманауи  жабдықтармен толықты. Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру бойынша қайырымдылық бағдарламасы аясында «Қазақстан халқына» қоры оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңартты.

Зердесі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта логопед, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, психолог кабинеттері және спорт залы жаңартылып, жабдықталды. Кабинеттерге 180 балаға оңалтуға көмек беретін жаңа тактильді-дамытушы және сенсорлық жабдықтар, сөйлеу тренажерлары, интерактивті панель, компьютерлер, заманауи және ыңғайлы жиһаз қойылды.

Аталған білім ордасындағы ашық есік күніне «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев қатысып, еліміздегі арнайы мектеп-интернаттардың маңыздылығы жайлы айтты.

– Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 188 мың бала бар, олардың 7 мыңнан астамы Алматы облысында. Ерекше балалар үшін білім беру үдерісі мен оңалтудың маңыздылығы зор. Арнайы білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайына назар аудару қажет, себебі олар тиісті деңгейде қаржыландырылмайды. Екі жыл ішінде «Қазақстан халқына» қоры еліміздегі 98 арнаулы мектептің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайтатын болады, оның ішінде үшеуі Алматы облысындағы Есік және Қаскелең қалаларында жабдықталады, – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева аймақ көлеміндегі мектептер мен арнайы интернаттарға қолдау көрсетіп келе жатқан «Қазақстан халқына» қорына зор алғыс білдірді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыта отырып оқыту, еңбекке тәрбиелеу, өмірге даярлау бағытында білім беретін  мектеп-интернатында бүгінде 180 оқушы бар. Мектеп ұжымында 120 адам қызмет етеді.

– Мектеп-интернатымыздың материалдық-техникалдық базасын қайта жаңғырту үшін «Қазақстан халқына» қорына өтінім бердік. Сол өтінім негізінде 16 млн теңгеге жуық қаржыға логопед кабинеті 75 пайызға, психологиялық кабинеті 92 пайызға, ӘБТ кабинеті мен спорт залы 100 пайызға жабдықталды, – дейді мектеп-интернатының директоры Анар Сарсекова.

Білім беру үдерісінде заманауи оқу және түзету-дамыту жабдықтарын пайдалану ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоры еліміздің 98 арнаулы мектебіне және барлық арнаулы мектептердің жұмысын үйлестіретін «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-ге жалпы сомасы 2 млрд 764 млн теңге бөлді.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 815 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет