23 ақпанда Шелек ауылының мәдениет үйінде Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен дәстүрлі кездесуі өтті. Жиынды облыс әкімі өзі ашып, сөзді аудан әкімі Алтай Мәшікұлы Досымбаевқа берді.
Аудан әкімінің өткен жылғы атқарылған істері мен алдағы жоспарлары жайлы есебі тыңдалды. Баяндамада айтылған маңызды мәселелерге тоқталсақ, ауылшаруашылығы бойынша ауданда жайылымдық жер 330 мың гектар болса, оның 148,3 мың гектары ауылдық округтерге бекітілген. Мониторинг нәтижесінде 120 мың гектар жалпы алаңның пайдаланылмай жатқан 54,8 мың гектар жайылымдық жер анықталып, материалдары жер инспекциясына тиісті шара қабылдауға тапсырылған. Бүгінгі күнге дейін 678 гектар жер қайтарылып, бекітілген.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 72 күрделі мәселелер, оның ішінде 1-еуі орындалған, 63-і орындалу үстінде, 8-і орындалмаған. Су құбыры жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 21 күрделі мәселенің 20-ның жұмысы қолға алынған. 7 ауылдың құрылыс-монтаж жұмысына, 3240,1 млн, ал 13 ауылдың жобалық-сметалық құжатын (ЖСҚ) жасатуға 320 млн теңге бөлінген. Тек Рахат ауылдық округіне қарасты саяжай учаскесіне жаз маусымында ауызсудың тапшылығы қол байлау болып, жұмыс жүрмей тұр. Кәріз жүйесіне құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстарындағы 4 мәселе қолға алынып, Қазақстан ауылында ЖСҚ-ын жасатуға 50 млн тг бөлінсе, Бәйдібек би, Түрген ауылдарының ЖСҚ және мемлекеттік сараптамасы бар, Есік қаласының құжаты мемлекеттік сараптамадан өтуде. Газ мәселесіне келер болсақ, құбырлар жүргізу және қазандықтарын орнатуда 10 мәселенің 9-ы орындалуда. Атап айтқанда, 3 ауылда газ құбырын жүргізуге, 2 нысанның қазандығын орнатуға ЖСҚ-ы жасалуда. Ал 4 ауылдың ЖСҚ-ын жасатуға қаражат бөлінген.
Ағымдағы жол жөндеу бойынша 30 мәселенің 2-уі орындалған, 5-інің жұмыстары жүргізілуде. Олар – 13 ауылдың жолдарын орташа жөндеуге 1,5 млрд, ал облысқа қарасты Есік – Саймасай тас жолын орташа жөндеуге 40 млн теңге бөлінген. Малыбай ауылындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жүругізілуде. Сондай-ақ 9 ауылдың жолдарын орташа жөндеуге 5321,1 млн тг бөлінген. Шелек, Бәйдібек би, Қайназар, Ащыбұлақ, Бөлек, Әймен ауылдарына тапсырыс берілсе, Тескенсу ауылына су құбыры жүйесі жүргізілген соң жолдар жөнделеді. Ал, Ақжал, Ташкенсаз ауылдырының жолдары аудан бюджетінен бөлінген қаражатқа жасалады. Енді, облысқа қарасты Шелек – Қаражота – Сарыбұлақ – Ақтоған 24,5 шақырым, Алмалыға апаратын 3,5 шақырым, 9 шақырым Ақши – Саз, 4 шақырым Бәйтерек – Қойшыбек – Алға тас жолдарын жөндеуге 11,8 млн тг бөлінген.
Білім саласы бойынша 52 мәселенің 15-і орындалу үстінде. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Тескенсу, Бәйтерек, Түрген, Бәйдібек би, Қайназар, Достық, Алмалы ауылдары мен Рахат саяжайында 8 мектепке қаржы бөлінген. 2 мектепті бейімдеп, Ақтоған ауылындағы мектеп құрылысы мемлекеттік сараптамадан өтуде, Азат ауылындағы мектептің ЖСҚ-ы жасалуда. Есік қаласындағы Сәтпаев атындағы, Жаңашар ауылындағы Рысқұлов атындағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының ЖСҚ-ы мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаражат бөлінген. Бубенцов атындағы және Нұрлы мен Масақ мектептері-нің күрделі жөндеу жұмысының ЖСҚ-ы әзірлеуге қаражат бөлінген. Шешімін таппаған мәселелерді облыстық білім басқармасымен бірлесіп, ескі ғимаратты бейімдеп, жаңа 16 мектеп салуға, 17 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге ЖСҚ-тары жасалуда. 3 мектептің спорт залын салу, Май ауылындағы балабақша ғимаратын мемлекет теңгеріміне қайтарып, күрделі жөндеуден өткізу қарастырылуда.
Денсаулық сақтау саласында 44 мәселе, оның ішінде 38 нысанды – жаңа 22 ауылдық дәрігерлік амбулатория (АДА) салу, 6 ФАП, 4 шағын медпункт, 1 емхана, құрылысын, 4 АДА-ны және 1 медпункті күрделі жөндеу ұйғарылды.
Мәдениет саласында 8 мәселе бойынша, Қызылшарық, Бәйтерек, Қайы-пов атындағы 3 ауылдық мәдениет үйі құрылысына ЖСҚ-ын әзірлеуге 206 млн тг бөлінсе, Ақши, Қорам, Қаратұрық, Қ.Ұлтарақов атындағы, Балтабай ауылдарының мәдениет үйлерінің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге тапсырыс берілген.
Мінбеге облыс әкімі Марат Елеусізұлы көтеріліп, атқарылған және алдағы атқарылар ауқымды жұмыстар жайлы ақпарат берді. Ауылшаруашылығы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының егіс алқабы 85,7 мың гектерды құрайды. Оның 6,2 мың гектары картоп, 9,6 мың гектары көкөніс, 10 мың гектары жеміс-жидектер (оның ішінде жүзімдіктер) өсіріледі. Жеміс бақтары (оның ішіңде ірі қарқынды «AimaGreen-Fields» ЖШС 250 га, «Жетісу бақтары» кооперативі 210 га, «Apple World» ЖШС 78 га) 81,7 мың тонна жеміс-жидек (оның ішінде жүзім), алма 63,6 мың тонна жиналған. «Есік жеміс консервілеу зауыты» ЖШС-нің өндірістік базасы 800 га, 48 жұмыс орны бар, өңдеу қуаты тәулігіне 900 тоннаны құрайды.
Ауылшаруашылығы бойынша облысқа мемлекеттік қолдау 34,1 млрд теңге, оның ішінде субсидиялар 31 млрд теңге, 15 мыңға жуық агроөнеркәсіп кешені субъектісі қамтылса, Еңбекшіқазақ ауданында 5,9 млрд теңгеге 1 208 шаруашылық қолдау алыпты. Ауданның өсімдік шаруашылығына 1 079,1 млн.теңге бөлінсе, оның 253,8 млн тг басым дақылдар өндірісін дамытуға, 113,1 млн тг пестицидтердің құнын субсидиялауға, 216,5 млн тг тұқым шаруашылығын субси-диялауға, 476,9 млн тг тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға, ал 18,8 млн тг суару қызметтері құнын субсидиялауға бөлінген. Мал шаруашылығы бойынша 1 431,4 млн тг қарастырылып, сиыр сүтіне 584,7 млн тг, бордақылау алаңдарына 15,7 млн тг, мал азығын субсидиялауға 307,4 млн тг, селекция және асылдандыруға 167,5 млн тг, асыл тұқымды мал және құс сатып алуға 350,5 млн тг, ара шаруашылығына 5,6 млн тг бөлінген. Ал, инвестициялық және қайта өңдеу кәсіпорындарына бөлінген субсидия көлемі 3 346,2 млн тг, оның 2 840,9 млн теңгесі инвестициялық салымдар кезінде шығындардың бір бөлігін субсидиялауға, 505,3 млн теңгесі қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялауға бөлінген.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша, 2023 жылы облыста жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша қаражат қарастырылуда. Еңбекшіқазақ ауданынан Қаражота, Асы, Қырбалтабай, Тескенсу, Балтабай, Ақши, Қорам, Рахат, Бартоғай, Бәйдібек би, Қаратұрық, Масақ, Шелек, Сөгеті ауылдық округтерінен 1 576 өтінім берілген. Бұл жобаның мақсаты – жаңа жұмыс орнын құру, АӘК алушыларды 2 есе қысқарту, ауылдардағы орташа айлық табысты 1,5 есеге ұлғайту, жұмыссыздар санын 30 пайызға азайту. Өнеркәсіп өндірісінде 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Еңбекшіқазақ ауданының үлесі 79 738 млн тг болған.
Туризм. Еңбекшіқазақ ауданы Алматы тау кластеріне қосылған. Өткен жылы туристерді қабылдау орны 14 бірлікті құрап, 9,4 мың адам қабылдап, 124 млн тг қызмет көрсеткен. Түрген ірі тау шаңғысы курорттарының құрылысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген. Оның инвестициялық көлемі 400 млрд теңге, іске асыру кезеңі – 2022-2025 жылдар аралығы. Шаңғы жолдары 94 шақырым, көрсеткіш 22 бірлік, 3,5 мың жұмыс орны болады.
Тұрғын үй кезегі облыс бойынша 36,7 мың адам болса, оның 23,7 мыңы әлеуметтік осал топқа жататындар. Еңбекшіқазақ ауданында 4434 адам кезекте тұр, оның 2447-сі әлеуметтік осал топқа жатады. Ағымдағы жылы пәтер алатын отбасылар саны – 180, оның 60-ы көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылар. Есік қаласында екі 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, инфрақұрылымның дамуы бойынша Еңбекшіқазақ ауданында орталықтандырылған сумен 276 мың адам немесе 97,4 пайыз қамтамасыз етілген. Облыс бойынша 1 011 мың адам немесе 67,3 пайызы газбен қамтылған, Еңбекшіқазақ ауданында 30,5 мың адам, яғни 24,4 пайызы газға қол жеткізген.
Еңбекшіқазақ ауданында жолдардың ұзындығы 2 555 шақырым. Биыл жоспар бойынша облыстық маңызы бар жолдардың 5,8 шақырымы (442,2 млн тг) күрделі жөндеуден, 52,4 шақырымы (1 071 млн тг) орташа жөндеуден, 150 шақырымы (311,3 млн тг) ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал, ауылішілік жолдардың 67,9 шақырымы (3 686 млн тг) орташа, 597,7 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жоспарланған. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі облыс бойынша 90 пайыз болса, Еңбекшіқазақ ауданында бұл көрсеткіш – 89 пайыз.
Облыс және аудан басшыларының баяндамаларынан соң ауданның әр округінен келген тұрғындар тарапынан өз ауылындағы және жеке мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.