Жұма, 28 Шілде 2023 10:37

Құрылыс қарқыны қуантады

Аудан әкімі Алтай Досумбаев пен орынбасары Әділжан Смағұлов бірқатар  ауылдық  округтерге  жасаған жұмыс сапары барысында жаңадан бой көтеретін және  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы ахуалды бағамдап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

Қазақстан  ауылында  осы күнге дейін ауызсу мәселесі өзекті болып келген. Бүгінгі таңда аталған елді мекен тұрғындарын сапалы   ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «Баймен» ЖШС  тарапынан   ауызсумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Аталған  сапар  аясында аудан басшысы  жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысты. Аудан әкімі  бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына ауызсу құрылысының сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Округ әкімдігінің мәліметінше, бюджеттен 629 млн теңге қаржы бөлінген  сумен қамту жүйесін жаңғырту жұмыстары келер жылы толығымен аяқталмақ.

 

ауылындағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен спорт кешенінің құрылысын көрді. Бүгінде Ащысай ауылында 50 орындық спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келісім-шарт бойынша құны – 870 233,5 мың теңге. Мердігер мекеме  «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС-і  қазір құрылыс жұмыстарына белсене кірісіпті. Биыл Ащысайдағы Абай, Ә.Молдағұлова, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин атындағы   көшелерді  жөндеу жұмыстарына  бюджеттен 100,6 млн теңге қаржы қарастырылған. Аталған  жөндеу   жұмыстарын «Прогрес KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Алтай Машикұлы  мердігер мекемеге атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

2022 жылы Нұра ауылындағы (жобалық құны 962 млн теңге) сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмысы басталған болатын. Биыл күзге қарай құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Ауызсу тарту жұмыстарын жеке-жеке аралап, көзбен көргеннен кейін аудан басшысы  жауапты мердігер мекемеге  жұмысты сапалы орындау бойынша тапсырмалар берді.

Келесі нысан Шелек ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.Келісім-шарт бойынша құны 2 млрд  464 млн теңге  болатын  кешен құрылысына «СП NEFT» ЖШС-і   мердігерлік етеді. 2022 жылы 1 млрд  195 млн қаржы игерілген. 2023 жылға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 459 млн теңге бөлініпті. Ал жергілікті бюджеттен 460 млн  теңге бөлінген. Құрылыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған. Қазір жалпы төрт блоктың бетон құю жұмыстары 100 пайызға, төрт блокта металлоконструкция-60 пайызға,  қабырға қалау 60 пайызға, электр желілері 70 пайызға, сылау жұмыстары 80 пайызға орындалыпты. Аудан басшысы  жұмыс сапасына жауапкершілікпен қарауды да ескертті.

Көптеген жылдар бойы жөндеу жүргізілмеген ауыл орталығындағы Абай атындағы орта мектеп ғимараты да биыл қайта жаңғыруда. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі бұл білім мекемесіне арнайы барды. Мердігер мекеме «СП NEFT» ЖШС-і  оқу орнының жөндеу жұмыстарына жауапты. Бірақ құрылыс жұмыстары мерзімінен кешігіп жатқаны байқалады. Сондықтан жаңа оқу маусымында кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Сол үшін аудан басшысы мердігер мекемеге жұмыс қарқынын жылдамдатуды тапсырды.Салаға жауаптылар жұмыстың  сапалы әрі уақытында аяқталуын бақылап отыруға уәде етті.

Биыл Ащысай, Алмалы мен Қаражота ауылдарында 600 орындық, ал Сатай ауылында 900 орындық білім нысанының құрылысы басталатын болады. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс нысаны 2024 жылдың оқу жылында аяқталады. Бүгінгі күні Есік қаласында 1500 орындық мектептің және Төле би ауылында 450 балаға арналған білім ордасының құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданда 2025 жылға дейін 13 мектеп салынады. Өңіріміздегі  жаңадан бой көтерген  білім ордаларының бірі – Шелек ауылындағы 900 оқушыға арналған  жалпы білім беретін орта мектеп. Білім ордасының құрылысын кәсіпкер Болат Өтемұратов қоры қаржыландырады. Жаңа мектеп оқу сыныптарымен қоса рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорттық және гимнастикалық залдармен, ақпарат орталығымен, зертханамен, шығармашылық студиямен және коворкинг кеңістігімен жабдықталады. Мектеп құрылысы 2024 жылдың тамызында аяқталатын болады.

Аудан әкімі әрбір нысан басында мердігер мекемелердің жауапты қызметкерлеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ал, ауылдық округ әкімдерін атқарылып жатқан жұмыстарға жанашырлықпен қарауға шақырды.

 

Е.АСЫЛ

Оқылды 701 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…
Шіл 10, 2025

Жизнь человека и общественная…

30 июня на футбольном поле в селе Алмалыбак на 10-летнего Максим Головачёва напала…
Шіл 10, 2025

Дизентерияның алдын алу шаралары

Дизентерия — негізінен Shigella spp. туыстығына жататын бактериялар қоздыратын, ішек…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет