Сейсенбі, 01 Тамыз 2023 09:55

Тұрғындар кірпіш зауытының жұмысына наразы

Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауыл тұрғындарының тарапынан «Құрылыс Көмек-ХХІ» кірпіш зауытының жұмысы бойынша бірнеше мәрте наразылық білдірген болатын.
Сонымен қатар, Республикалық БАҚ өкілдерін шақырып, Алматы облысы, аудан әкімдігіне бірнеше мәрте өтініш арыздарын жазып жұмыс істеуіне қарсылық білдірген. Есепті кезеңде «Құрылыс Көмек-ХХІ» кірпіш зауытының жұмыс істеуіне жалпы 20 наразылық кездесу өткізіп, жалпы 600-ге жуық адам жиналған. Оның ішінде 8 кездесу аудан әкімдігінде, Алматы облысы әкімдігінде 4 кездесу жиналысы өткізілген.
Қайназар ауыл тұрғындарының тарапынан кірпіш зауытының жұмысынан шаң көтеріліп, ауылды шаң басып ауаны ластады деген дерекпен Республикалық БАҚ өкілдерін шақыртып, жағымсыз мақалалар жарық көрген:

https://www.youtube.com/watch?v=P_M9tRsPddM,https://www.nur.kz/incident/crime/1996253-derzhal-nozhi-v-rukah-konflikt-s-uchastiem-vladeltsa-zavoda-snyali-na-video-bliz-almaty/,https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/141955-kajnazarlyktar-zansyz-salyngan-zauyttardyn-zhumysyn-toktata-almaj-alek, https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/557541-almaty-oblysynda-za-syz-kirpish-zauyttary-s-riledi,https://youtu.be/PobGpBtPjSY, https://kazakh24.info/12712-vladelets-zavoda-v-almatinskoi-oblasti-ugrozhal-nozhom-novye-podrobnosti-1668045389/?alias=incidents, https://youtu.be/XwqsIl0onGI
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылауы мемлекеттік басқару» мемлекеттік мекемесінің тарапынан "Д" және "Е" Литерлерін мемлекеттік тіркеудің күшін жою және кірпіш зауытының (цехтың) өз бетінше құрылысын қойма түріндегі тұрғын емес үй-жайларды бұзу туралы талап арызына сәйкес 20 шілде күні мамандандырылған ауданаралық Алматы облысының экономикалық соты өткен.
Соттың шешімінің негізінде «Құрылыс Көмек-ХХІ» зауытының кірпіш кептіргіш бөлмесін және өз еркімен рұқсатсыз салынған қойма түріндегі бөлмені бұзу туралы шешім шығарған.
Шешімнің негізінде 27 шілде күні «Құрылыс Көмек-ХХІ» кірпіш зауытының кірпіш кептіргіш бөлмесі мен өз бетінше салынған қойманы көлігімен бұзған.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.

Оқылды 648 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет