Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 14:49

Тұрғындар талабы тасада қалмайды

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, жұртшылыққа жайлы жағдай жасау күн тәртібінен түскен емес. Ауылдарды аралап, әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу – жергілікті атқарушы билік өкілдерінің басты міндеті. Осы мақсатта аудан әкімі Талғат Байеділов ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесуде.

 

Сөгеті

 

Аудан әкімінің сапары шалғайдағы Сөгеті ауыл-дық округінен басталды. Әлеуметтік нысандардың жағдайын тексерген Талғат Ескендірұлы әкімдік пен мектеп ғимараттарының айналасы мен ішкі жөндеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сынға іліккен басшыларға алдағы уақытта олқылықтың орнын толтырып, қорытынды жасауды тапсырды.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде жиылған көпшілік өз уәждерін жасырған жоқ. Тұрғындардың негізгі табыс көзі – мал мен егін шаруашылығы  болғандықтан, негізгі сауал ауыл шаруашылығына қатысты болды. Су мен жайылым сынды өзге де мәселелерді тыңдаған аудан әкімі мәселелерді шешу үшін ауыл шаруашылығы сала-сының қызметкерлеріне нақты тапсырмаларын берді. Сонымен қатар ауызсу мәселесі ескерусіз қалған жоқ. Бірнеше жыл бұрын ауылдың су жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, толық аяқтал-маған көрінеді. Салдарынан тұрғындар тіршілік нәрінің игілігін толыққанды пайдалана алмауда. Бұл мәселе де хаттамаға енгізіліп, тиісті мекеме басшыларына тапсырма берілді.

 

Бартоғай

 

Бартоғай ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі халыққа қызмет көрсететін нысандардың басшыларына ғимаратты талапқа сай күтіп ұстау және тұрғындар үшін жұмыс сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.

Әкімдіктің мәжіліс залында өткен кездесуге жиылған ауыл жұртшылығы көшені жарықтандыру, жол жөндеу жұмыстары, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ауылдық округтің электр желісін реттеуді сұрады.

Ауыл тұрғындарының пікір-лерін мұқият тыңдаған аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына мәселелердің оң шешімін табуды тапсырды.

 

Малыбай

 

Аудан әкімі Талғат Ескендірұлы Малыбай ауылдық окру-гінің тұрғындарымен де жүздесті. Кездесу жаңадан сайланған әкімді таныстырудан басталды. Жергілікті тұрғын-дардың сенімін арқалап, жуырда ғана өткен сайлауда малыбайлықтардың таңдауына ие болған Мәди Бектасов ауыл-дық округтің тізгінін ұстады. Кездесуде тұрғындар аудан әкімі мен округ әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар ұсыныс-тілектерін де жеткізді.

Округтің негізі мәселесі – қыр беткейде орналасқан Көктерек бөлімшесіне ауыл мәртебесін беру. Осыны жет-кізген көпшілік Көктеректе тұратын азаматтардың инфрақұрылымға қол жеткізе алмай отырғанын айтты. Құжат рәсімдеуде де бірқатар қиындықтар туындайды. Ма-лыбайлықтармен тілдескен Талғат Байеділов аталған мә-селе басты назарға алынатынын жеткізді.

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 864 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет