Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 14:57

Бұрымдылар бұрынғының үлгісін алсын

Қазақ қоғамында қыз баланың тәрбиесі ешқашан маңыздылығын жойған емес. Себебі бабаларымыз «ұл бұзылса жұрт, қыз бұзылса ұлт бұзылады» деп, қыз баланың тәлім-тәрбиесіне баса мән берген. Осы орайда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты республикалық қоғамдық бірлестігі елеулі еңбектер атқарып келеді. Жуырда аталған бірлестіктің аудандық филиалының төрайымы Базаркүл Камрадинованың ұйымдастыруымен, ақ жаулықты аналардың қатысуымен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Мәні мен мағынасы жа-расқан шарада Сажида Тұрғанбаева, Баян Лұқпанова, Нұрзира Қилыбасова, Бақытгүл Аубакирва, Күлсара Оразбекова, Тұрсынхан Танекеева сынды ардақты аналар ұлттық құндылық, қыз бала әдебі, салт-дәстүр, білім мен өнер тақырыптарында орамды ойларымен, келелі кеңестерімен бөлісті. Кеш барысында ақ жаулықты аналар ән салып, би билеп, әдет-ғұрпымызға сай көріністерін де ұсынды. Сұрақ-жауап айдарында жастар өздерін толғандырған сауалдарына мағыналы жауаптарын алды. Түрлі өркениеттер мен құндылықтар арпалысып, кейбір түсініктеріміздің өзі жаңа сипатқа ие болып, нәзік жандыларымыздың қоғамдағы орны әр қилы қиындықтарға тап болып жатқан қазіргі ғасырда қазақ қыздарының қандай болу керектігіне кеңінен тоқталып, өнегелі үлгісін көрсеткен аналарға колледж жастары зор ризашылықтарын білдірді.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 673 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет