Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 15:07

Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы

Абылай хан атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен «Ғаламтор – ғаламның ғаламат қоймасы» атты облыстық іс-тәжірибе тарату мақсатындағы ашық есік күні өтті. Іс-шараға Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гульжихан Иманхатова, Алматы облысы білім басқармасына қарасты ақпараттық технологиялар орталығының директоры Марлен Аубакиров, аудандық білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Зарина Булекбаева, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айжан Тортаева және мектеп мұғалімдері қатысты.

Ең алдымен қонақтарға шараның бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама «Жоба жұмыстарын қорғау», «Жұлдыздар аллеясы», «Композицияланған көрме», «Lunch event «Qatty tatti» фуршет», «Ашық сабақтар аллеясы», «Ашық есік күніне кері байланыс» сынды 6 бөлімнен тұрды.

«Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор» жас зерттеушілер аллеясы көпшілік алдында өз жобаларын қорғады. Жанеля Камаш ұстазы Айгүл Жүнісжановамен «Қанағат, рақым, ойлап қой», «Интернеттің зияны», Көркем Сарабек ұстазы Айгүл Досымхановамен «Ғаламтор ғаламаты мен мектептегі ғаламтор», Мерей Батырғали ұстазы Орынкүл Мыркалыковамен «Табысты оқушы және ғаламтор, ҰБТ-ға дайындықтың тиімді жолдары», Жанбота Сыдыкова мен Айзере Еспенбет ұстазы Елена Мамедовамен «The power of Internet», Аяла Қалманбай ұстазы Жанар Уразимбетовамен «Ғаламтордың пайдасы» тақырыбында ғылыми жобаларды қорғады.

Бағдарлама бойынша жиналған қонақтарға фуршет ұсынылды. Іс-шараның келесі бөлімінде қонақтар «Жұлдыздар» аллеясымен, «Суретшілер» галереясымен танысып, әлеуметтік желі логотипі бойынша өткізілетін ашық сабақтарға қатысты. Әр сыныпта жаңа заман талабына сай әдістермен ашық сабақтар өтті. Шара соңында ұстаздар арасында ашық есік күніне кері байланыс жүргізілді.                      

 

    А.МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 682 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет