Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 11:53

Талапты жан табысқа жетер

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде облыстық білім басқармасының 2024 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында «Мен – кәсіпкермін» атты облыстық турнир өтті.

9 оқу орнынан 15 команда қатысқан ерекше сайыс жас талапкерлердің озық ойлары мен тың бастамаларына толы болды. Қатысушылар турнирде әлеуметтік, кәсіпкерлік, сауда, қызмет көрсету, өндіріс, технологиялық кәсіпкерлік (инновациялық жоғары технологиялық идея), байланыс және ақпарат, білім беру, шоу бизнес және мәдениет, туризм, экология бағыттары бойынша  бақ сынады. Қазылар алқасы екі кезең бойынша командалар ұсынған жобаларының құрылымын, негізгі серіктестер, ресурстар, қызмет түрлері, клиенттермен қарым-қатынас, өткізу арналары, тұтынушы сегменттері, кіріс, шығыс ағындары бойынша  бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Жарыс нәтижесінде, «Қызмет көрсету» бағы-ты бойынша I орынды Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің сту-денттері Даяна Юсупова, Мұхамедия Асанбай, Дінмұхамед Малик иеленді. Ал, IІ орынды Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенттері Расул Сабиров, Рамазан Кадыров, Шахзат Бакиев еншіледі. Сондай-ақ, ІІ орын кәсіптік оқудағы көпсалалы коледжінің студенттері Дас-тан Марат, Мәди Оңғарбайға бұйырды. III орын тұғырына Талғар политехникалық колледжінен Аружан Абильбек пен Ақниет Рысбаева жайғасты.

«Өндіріс» бағыты бойынша Шонжы политехника-лық колледжінің студенті Аружан Жұмағожаева, «Байланыс және ақпарат» бағыты бойынша Алматы экономикалық колледжінің студенттері Асылай Кумарбекова, Айдана Ақторпақ, Дулат Рахымқұл, «Білім беру» бағыты бойынша Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Мавлюда Полатова, София Вьюн, Ясмина Ниязова І орынды иеленді. Осы бағытта Алматы экономикалық колледжінен келген  Ұласбек Амирканов, Әсел Сабитова II орын иегері атанды.

«Экология» бағыты бойынша I орын Шонжы политехникалық колледжінің студенті Диана Селимахуноваға табысталды.

І орын иегерлеріне республикалық байқауға жолдама берілді.                                

Р.НАРХАНОВ.

 

Оқылды 514 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет