Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 12:15

Ұлағат иелерінің еңбегі ақталды

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, елімізде 5 285 ауыл мектебі бар. Бұл барлық мектептің 75 пайызын құрайды. Демек, орта білімнің деңгейі ауыл мектептерінің аяқалысына, жалпы жағдайына тікелей байланысты. Осыдан-ақ ауыл мектебін елдегі барша білім ошағының діңгегі деуге болады. Осы орайда Алматы облысы әкімінің номинациясы аясында облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Үздік ауыл мектебі» байқауының облыстық кезеңі өтті.

 

Ауыл мектептерінің мәртебесін арттыру, жаңа идеямен шығармашылық-инновациялық режимде жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарын анықтау, қолдау және тәжірибесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейінде өтті. Іле ауданындағы №48 орта мектебіндегі байқауға аудандық сайыстарда үздік деп танылған 9 білім шаңырағы қатысты.

Шығармашылық бағытта жұмыс істейтін үздік білім шаңырағын анықтап, озық істәжірибені тарату байқауының бірінші кезеңінде білім беру мекемесі жетістіктерінің портфолиосы сараланды. Одан кейін байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру сынынан өтті. Ал үшінші кезеңінде мектеп моделі қорғалды. Бұл ретте ұстаздар білім берудің озық технологияларын қолдану аясын, нәтижелі жұмыс үлгілерін ортаға салып, мектептің жалпы ұстанған бағыт-бағдарын атап өтті.

Байқауда ауданымыздың намысын қорғаған Жанар Мұқалиева басшылық етіп отырған Қаратұрық ауылдық округіне қарасты А.Бертаева атындағы орта мектеп III орынды иеленді.

Ұлт болашағын тәрбиелеудегі ұлағат иелерінің жемісті еңбегінің арқасында облыстық деңгейдегі сайыстан жүлделі оралған білім шаңырағының әлі де биік белестерді бағындырары сөзсіз. 

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 597 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет