Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 12:34

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — мемлекеттік саясаттың басым бағыты

Әлемде жең ұшынан жалғасқан жомқорлық мәселесін түбегейлі шешкен мемлекет жоқ. Дегенмен де, дамыған мемлекеттерде жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмен. Дамуға бағыт алған елімізде де сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқынды жалғасуда.

Жемқорлық – қоғам дерті. Осы қауіпті дерт белең алған тұста онымен күрес те жандана түсері хақ. Қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, мемлекеттің қаржысын, мүлігін талан-тараж етіп, «бармақ басты, көз қыстылыққа» салып, тура жолдан тайған жемқорлармен күрес үдей түсті. Үйіміздегі көк сандықтан, газет беттері мен интернет ресурстарынан «пара алып, тұтылыпты» дегенді жиі естиміз, тіпті, бұндай оқиғаларға етіміз үйреніп те кетті. Топшылай келе, жемқорлық дерті қарсы күресті қатаңдатқан сайын үдейтін қазіргі қоғамның «қотыры» ма деген ойға қаласың, қасыған сайын қыши түсетін.

Экономиканың дамуына, барлық сала-лардың тұралауына тікелей әсер ететін жемқорлықпен күрес мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі алаңдаушылық білдіріп, жыл сайынғы Жолдауларында осы дертпен күресуді шегелеп тапсырады. Тіпті, жемқорлықпен ұсталып, істі болғандарға заңды қатаңдатып, жазалуды күшейтуде. Бүгінгі таңда жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері жүзеге асырылып, қоғам дертінің алдын алудың барлық шаралары қолға алынуда. Ең бірінші, жемқорлық жайлаған мемлекеттік сатып алу процесі толықтай автоматтандырылды. Мемлекеттік қызметтердің барлығы дерлік цифрлық жүйеге ауысты. Кез келген қазақстандық үйде отырып-ақ порталдан өзіне қажет қызметті ала алады. Бұл жаңашылдық Орта Азия елдерінің қызығушы-лығын тудыруда. Мұндай цифр-лық технологияға кейбір дамыған мемлекеттердің өзі әлі күнге қол жеткізе алмай отыр. Оған қоса, қазіргі уақытта жемқорлық әрекеттері туралы хабарлаған азаматқа сыйақы тағайындалып, то-лықтай анонимдік қамта-масыз етіледі. Жалпы мемлекет парақорлықпен күресте қолда бар ресурстың барлығын қолдануда. Десек те, бұл қоғамдық дерт тыйылмай тұр.

Парақорлықты түп тамырымен жою үшін алдымен қоғам өзін тәрбиелеу тиіс. Қоғам – сіз бен біз. Жасыратыны жоқ, жұмысымызды жеңілдету үшін, жұмысқа орналасу үшін немесе құжат мәселесін тезірек реттеу үшін пара ұсынып жатамыз. Жол ережесін бұзсақ та мәселені сол жерде шешіп кетуді қалаймыз. Сондықтан, жемқорлықпен күресуді әр адам өзінен бастауы тиіс. Бойымызда жемқорлыққа қарсы сана қалыптастырсақ және соны дұрыс насихаттай білсек, бұл дерттен де құтылатынымыз сөзсіз. Сонда ғана елімізде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Әділетті Қазақстан» салтанат құрады.

 

Г.ЖАКЫПБЕКОВА,

аудандық соттың жетекші маманы.

Оқылды 505 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлағат иелерінің еңбегі ақталды Жыр жампозы »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет