Бейсенбі, 19 Ақпан 2026 10:51

Поэзия падишасының тағылымды кеші

Өнер мен білімнің ордасы саналатын Алтынбике Бертаева атындағы орта мектепте қазақ поэзиясының ақиығы, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгі жүректе» атты тағылымды рухани кеш өтті. Бұл шара жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті сіңіруге бағытталды.

Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен бай шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орны айтылды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, ел мен жерді асқақтата жырлаған «Алтай-Атырау», ерлік пен рухты арқау еткен «Райымбек! Райымбек!», сондай-ақ терең философиялық мәнге ие «Моцарт. Жан азасы» реквиемі туралы мазмұнды ойлар ортаға салынды.

Шараның ресми бөлімінде сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Смағұлова ақын мұрасының тәрбиелік маңызына тоқталды. Келесі кезекте Мұқағали Мақатаевтың кең   тынысты шығармаларының бірі «Алтай-Атырау» поэмасынан үзінді оқылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Кештің екінші бөлімі «Бала дауысы» байқауымен жалғасын тапты. Байқау барысында Мұқағалидің өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың әділқазылар алқасының құрамында Қаратұрық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Адиша Кегенбаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Ызғарбекова, музыка пәнінің мұғалімі Тұрғанжан Ганиев болды.

Әділқазылардың шешімімен байқаудың бас жүлдесін жанды дауыста домбырамен өнер көрсеткен 10 сынып оқушысы Мұрат Мағыпар иеленді.

Шара соңында әділқазылар алқасы сөз сөйлеп, қатысушылардың өнеріне жоғары баға берді. Кешке белсене қатысқан оқушылар Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының директоры Дариға Жанабилованың Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл – жас өнерпаздарға көрсетілген үлкен қолдау мен рухани ынталандыру болды.

 

Есен НАҚЫСБЕК,

А.Бертаева атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Оқылды 28 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ақын жыры ел жүрегінде Өлеңмен өрілген өмір »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет