Дүйсенбі, 02 Наурыз 2026 16:49

Жұмақ мекен – Қазақстан!

Алғыс айту күні – бірлік пен өзара құрметтің, адамгершілік пен мейірімнің мерекесі. Бұл күн бізге бейбітшілікті, қолдауды және ашық аспан астында өмір сүру мүмкіндігін қадірлеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. 

 

Қазақстан – картадағы жай ғана мемлекет емес. Ол – еркіндіктің лебін сездірген ұлан-ғайыр дала. Ол – дәстүр мен заманауилық тоғысқан қалалар. Ол – ортақ тарих пен ортақ тағдыр біріктірген түрлі ұлт өкілдері. Үлкендеріміз қуғын сүргін мен күштеп қоныс аудару жылдарының ауыр кезеңдерін жиі еске алатын. Мыңдаған адамды өз еркінен тыс қазақ жеріне қоныс аударған еді. Олар ұзақ жол, аштық пен суық, жоқшылық туралы айтатын. Бірақ, сонымен қатар көрші-қолаңның қолдауы, өзара көмегі мен адамдық қайсарлығы жайлы да бөлісетін. Көптеген жандар осы жерде жаңа шаңырақ көтеріп, өмірін қайта қалпына келтіріп, өз мәдениетін сақтап қалды. Осындай тағдырлы тарих бізге бейбітшілікті, келісімді және туған жерде тыныш өмір сүрудің қадірін түсінуді үйретті.

Бүгін біз Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық үшін, халықтар бірлігі мен әр азаматқа деген құрмет үшін алғыс айтамыз. Өткеннің қиындықтарын еңсерген ел бүгінде адамдарды біріктіріп, шабыттандырып, жарқын болашақ құруға мүмкіндік беріп отыр. Алғыс айту күні мемлекет күші – оның халқында екенін еске салады. Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, көршімен тату болу, түрлі мәдениет пен дәстүрдің бірлігі – осының бәрі елдің берекесін арттырады. Бұл мереке бізді бір-бірімізге мейірімді болуға, ал қарапайым «рахмет» сөзінің өзі жүрекке жылу сыйлайтынын ұмытпауға шақырады. Әр шаңырақта алғыс сөздері айтылсын.

Әр жүректе туған елге деген мақтаныш сезімі болсын. Рахмет саған, Қазақстан, өмірдің қадірін ұқтырған өткенің үшін, өсіп-өркендеп жатқан бүгінгі күнің үшін және баршамыз бірге құрып жатқан бейбіт, тату әрі нұрлы болашағымыз үшін! Гуля ОСМАНОВА, Абай атындағы орта мекетебінің әлеуметтік педагогі, Қарасай ауылы.

Оқылды 32 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет