Дүйсенбі, 02 Наурыз 2026 16:52

Түйткілді тақырыптар талқыланды

Өткен аптада аудандық мәслихаттың мәжіліс залында мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен  отырысы өтті. Жиынды мәслихат төрағасы Бекет Ахметов жүргізді.

Бекет Төлегенұлы отырыстың күн тәртібімен таныстырып, аудан аумағындағы өзекті мәселелерді шешу бағытында қабылданған шаралар және атқарылған жұмыстарға талдау жасалынатынын жеткізді. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Руслан Каипов баяндама жасады. Бөлім басшысы өз құзыреті шегінде 5 мемлекеттік  қызмет, жер, құрылыс мәселесі бойынша  да тиісті жұмыстар атқарғанын айтты.

– 2024 жылмен салыстырғанда бөлім тарапынан көрсетілетін қызметтердің көлемі айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта  қаланың дамуы мен көркеюі тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары көптеген қала мен ауылдарда заңсыз құрылыс пен дүңгіршектердің саны күрт өсті.  Бұл мәселе  қаланың көрінісін бұзып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздік және қозғалыс еркіндігіне де кедергі келтіреді. Осы мәселеде Есік қаласы мен ауылдық  округтер бойынша орналасқан заңсыз дүңгіршектер бойынша тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 145 хабарлама таратылды, – деді Руслан Каипов. Баяндама аяқталған соң, Бекет Ахметов аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілу керектігін атап айтты.

Бөлім басшысы аудан аумағындағы заңсыз  құрылыстар бойынша ақпарат берді. Бөлім басшысының сөзіне сенсек, бүгінгі таңда бөлім тарапынан 6 заңсыз құрылыс  нысаны анықталған. Оның ішінде 4 нысанның қожайыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса  қаланың сәулеттік келбетін сақтау және заңсыз құрылысқа жол бермеу  бөлімнің, қала және ауылдық округ әкімдіктерінің ортақ міндеті екенін айтты. Жүйелі жұмыс пен құқықтық бақылау арқылы қаланың көрікті және қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету мақсатында. қала  және ауылдық округ  әкімдіктері тарапынан заңсыз құрылыс нысаны анықталған жағдайда толық ақпаратты бөлімге  ұсыну мәселесін                                  басты назарға алу керек, – деді бөлім басшысы Руслан Каипов.

Жоғарыда аталған мәселе бойынша, Ақши ауылдық округінде Сібір жарасы ошақтары тіркелген жер телімдерінде құрылыс жүргізу мәселесі қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қарастырылсын деген ұсыныс айтылды. Сондай-ақ,  Ават, Қазатком, Қайрат, Бәйдібек би, Көктөбе, Қазақстан, Қайыпов, Талдыбұлақ, Лавар, Екпінді, Саймасай ауылдарының  Сібір жарасының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу мақсатында бас жоспар әзірленеді.  Оған қоса, Қазақстан ауылы маңындағы жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдерінің заңдылығы зерделеніп,  жаңа құрылыстарға көше атауларын беру кезінде ономастика талаптарының сақталуы қамтамасыз етіліп, ұсыныстар тиісті комиссияның қарауына енгізілуі талап етілді. Бүгінгі таңда, саяжай  аумағында тұратын тұрғындар инфрақұрылымның жоқтығын айтып, мәселе көтеруде. Бұл  мәселені шешу үшін алдымен саяжайға елдімекен мәртебесі берілуі қажет. Аталған мәселені шешу мақсатында,  Рахат ауылдық округіне қарасты 19 саяжайлар мен бағбандар аумақтарын  қалақұрылыстық құжаттамалармен қамтамасыз ету үшін топографиялық түсірілімді орындай отырып,  егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын дайындау арқылы Азат ауылының бас жоспарына қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалақұрылыс құжаттамасын әзірлеуші мекеме «Казгипроград» ЖШС.  Бас жоспар әзірленген соң жергілікті мәслихат отырысында талқыланып, аудандардың шекараларын өзгерту мүмкіндігі зерделеніп, аталған саяжайларды Талғар ауданына енгізу мүмкіндігі қарастырылады, – деді аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Руслан Каипов. Сонымен қатар біраз жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің бірі, Малыбай ауылының маңындағы сүт тауарлы ферма  ауылдың бас жоспарына қосылып,  бюджеттік өтінім қайта жолданған. Оған қоса, Бәйтерек, Қойшыбек, Қайназар, Бөлек, Алға, Ақши, Күш, Қаракемер, Сатай, Түрген, Қызылшарық, Қорам, Ащыбұлақ, Ақтоған, Сарыбұлақ, Ақтоғай, Қайрат ауылдарының бас жоспарына түзетулер мен толықтырулар енгізу мақсатында     бюджеттік өтінім жолданған. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, «Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін толық іске асыру және дамыту, 2026 жылғы көктемгі егістікке дайындық жұмыстарының  барысы, суармалы су мәселесі  туралы» аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы М.Умиргалиеваға Асы мен Қорам  ауылдарындағы су арналарының  жөндеу жұмыстарын жеделдету, Есік көлінен алынатын  су арналары арқылы ауыл шаруашылығы алқаптарын суару жұмыстарын ұйымдастыру, таудан келетін су көздерін  тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы су арналарын жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу,  су алу кезінде лимиттерді қарастыру, Бәйтерек ауылдық округі аумағынан өтетін каналдардың қақпақтарының  жабылуын қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік  талаптарының  сақталуы бақылауға алынсын деген ұсыныстар айтылды. Қазіргі таңда су үнемдеу мәселесі тек елімізде ғана емес,  Орталық Азияда да басты мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан су үнемдеу бойынша  ауқымды  мәселелер атқарылады. Жалпы аудан бойынша су үнемдеу технологиясын 177 шаруашылық 14,5 мың гектар жерге енгізген. Оның ішінде 2025 жылдың басынан 100 шаруашылық 5356 гектарға енгізген. Ал осы жылы 2004 гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізу туралы келісім-шарт жасалынған. Айта кету керек, су үнемдеу технологиясының  1 гектарға кеткен 800 мың теңге шығынның 640 мың  теңгесі шаруаларға субсидия ретінде кері төленіп беріледі. Бұл шаруалар үшін өте тиімді. Отырыс барысында депутаттар тарапынан көтерілген мәселелер, ұсыныстар, ескертулер хаттамалық қаулыға енгізілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы, есепті кезеңде атқарылған жұмыстар   және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы, аудандық мәслихаттың 2023 жылғы  27 желтоқсандағы «Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық және учаскелік  комиссияларының  мүшелерін сайлау туралы» №  13-59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қаралды. Аудандық статистика басқармасының басшысы Алуа Елеусизованың  баяндамасы назарға алынды.

Сонымен қатар, тұрақты комиссияның бірлескен отырысы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 55 сессиямен жалғасты. Сессияда күн тәртібіндегі  жоғарыда аталған үш мәселе көтерілді.  Айта кетейік, бірнеше күннен кейін  аудандық мәслихатта кезектен тыс 56 сессиясы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Оның ішінде  Еңбекшіқазақ ауданы бойынша тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы шешімді жою туралы мәселе қарастырылды. Және кәмелетке толмағандардың істері, олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша аудан аумағындағы ахуал және осы бағыттағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы  ведомствоаралық  комиссияның 2025 жылы атқарған жұмыстары кеңінен қаралды.

 

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 34 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет