Сенбі, 14 Наурыз 2026 17:11

Отбасы бірлігін ұлықтаған сайыс

Ұлттың рухани дамуы отбасыдан басталады. Осы ұстанымды берік негізге алған О.Жандосов атындағы орта мектептің директоры Айжан Джамешеваның бастамасымен М.Ломоносов атындағы, Райымбек батыр атындағы және А.Жексембеков атындағы орта мектеп ұжымымен бірлесе «Тұлғатану» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасы бойынша мазмұнды QUIZ сайысы ұйымдастырылды. Сайыс Түргендегі М.Ломоносов атындағы орта мектепте өткізілді.

Шараның басты мақсаты – отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, сөздік қор мен ойлау қабілетін арттыру. Бұл жоба – білім беру үдерісін отбасы құндылықтарымен ұштастырып, оқушыны тек білім алушы емес, рухани дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Кеш шымылдығы «Бауыржан – алып тұлға» атты әсерлі концерттік бағдарламамен ашылды. Оқушылар сахна төрінде қазақ халқының даңқты перзенті, батыр, қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының ерлігі мен қайсар мінезін көркем сөз бен сахналық қойылым арқылы бейнелеп, көрерменге терең әсер сыйлады. Батыр тұлғасының елдік рухы мен өмірлік қағидалары жас ұрпаққа өнеге ретінде ұсынылды.

Сайыстың негізгі бөлімінде қатысушылар «Ақиқат пен аңыз» кітабы бойынша мазмұндық, талдамалық, логикалық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынға салды. Әр отбасы бір команда ретінде ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті. Ата-ана мен баланың ортақ дайындықпен келуі – отбасылық тәрбиенің жарқын көрінісі болды.

Шара аясында ақын, «Көңіл көзі», «Мінәжат» жыр жинақтарының авторы, Талғар ауданының Құрметті азаматы Қамнұр Тәлімұлымен «Ақиқат пен аңыз: Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында шығармадағы тәртіп, намыс, жауапкершілік ұғымдарының мәні кеңінен талқыланып, тыңдармандар рухани ой түйді.

Ауқымды іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мектеп басшыларының қолдауы ерекше ықпал етті. М.Ломоносов атындағы орта мектептің директоры Римма Ахметова өз сөзінде отбасылық кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай жобалар оқушының тұлғалық дамуына серпін беретінін, ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Бірлескен жұмыс ортақ мақсат жолындағы берік серіктестіктің айғағы болды.

Кітап – парасаттың қайнар көзі, ал отбасы – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі. Білім мен бірлікті ту еткен сайыстың қорытындысы бойынша білім бәйгесінде оза шауып, ұйымшылдықтың үздік үлгісін көрсеткен Қалиақпар отбасы (О.Жандосов атындағы орта мектеп) дараланып, І орынды иеленді. ІІ орын парасаттылық пен ізденімпаздықты серік еткен Махараман әулеті  (М.Ломоносов атындағы орта мектеп) мен Төрехановтар әулетіне (О. Жандосов атындағы орта мектеп)  бұйырды. Ой тереңдігімен танылған Суатаевтар әулетіне (Райымбек батыр атындағы орта мектеп), Бақадүр әулетіне, Қожан әулетіне (М.Ломоносов атындағы орта мектеп) ІІІ орын бұйырды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл кеш тек марапаттар үлестірілетін жиын емес, ол – рухани жеңістің салтанаты. Кітаптың киесі арқылы шаңырақ шаттығын арттыру, тарихи тұлғалардың тағылымын жас ұрпаққа аманаттау және ұлттық сананы жаңғырту – басты мұрат. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, мұндай мазмұнды жобалар өскелең ұрпақтың бойына парасат дәнін себері сөзсіз. Кітап оқыған отбасы – болашағы жарқын ұлттың негізі.

 

Ерзат КАРТАБАЕВ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Оқылды 24 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет