Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019 09:13

Жаңа жылдың тарихы мен дәстүрі

Барша адамзаттың, әсіресе, балғын балалар қауымының асыға күтетін жаңа жыл мерекесі босағамызды аттағалы тұр. Әлемнің барлық елінде дерлік тойланатын бұл мейрам көптеген мемлекеттерде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. Алайда, жаңа жылдың шығу тарихы, оның дәстүрлері  туралы барлығымыз біле бермейтініміз белгілі. Соған аз-кем тоқталайық.

Әр елдің салты басқа...

Мерекенің шығу тарихы тереңде жатыр. Ғалымдардың зерттеуінше жаңа жыл алғаш рет біздің заманымызға дейінгі 3000 жылы Месопотамияда пайда болған. Көне замандағы адамдар дәл осы уақытта Мадрук деген құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті де, Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлаған. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізген. Сонымен қатар мерекеде еңбек етіп, жұмыс істеуге, адамдарды жазалауға және үкім шығаруға тыйым салынған.

Уақыт өте келе бұл дәстүр мысырлықтар мен гректер арасында жалғасын тауып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға кеңінен тарай бастаған. Ежелгі грек елінде жаңа жыл жазғы күні 22 маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған. Ал гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталған. Ежелгі Римде жаңа жылды наурыз айында қарсы алатын болған. Біздің заманымызға дейінгі 46 жылы рмдік иператор Юлий Цезарь жыл басын 1 қаңтар деп белгілейді. Оның атымен аталған юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралған.

Қазіргі таңда Грекияда тура сағат түнгі 12:00-де отағасы аулаға шығып, анар жемісін қабырғаға атады. Дәндері бақшаға шашырап кетсе, сол жылы отбасы берекелі, тату өмір сүреді. Греуияда жаңа жыл мейірімділігімен танымал Ұлы Василий күні болып есептеледі. Балалар пеш түбіне аяқ киімдерін қойып, оған Ұлы Василий сыйлық салады деп сенеді.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» – деген дана қазақ. Бұл нақыл жаңа жыл мерекесіне де қатысты айтылғандай. Мереке әр халықта түрліше тойланып, әр елдің салт-дәстүріне сәйкес атап өтіледі. Бірнеше ғасыр бойы көне мысырлықтар шылде-қыркүйек айларында алып Ніл өзенінің арнасынан асуын атап өткен. Бұл кезеңді жергілікті тұрғындар жаңа егін маусымының басталуы деп білетін. Ніл өзені суының киесі бар деп сенетін мысырлықтар жаңа жылды тойлаған кезде аталған өзеннің «қасиетті суын» құмыраларға құйып алатын болған. Наным-сенімге сүйенсек, Нілдің суы ескі-құсқыны шайып жібереді. Сол кезден бастап қазіргідей жаңа жылда ән айтып, би билеу, мерекелік дастархан жайып, бір-біріне сыйлық жасау дәстүрі басталыпты.

Еврейлердің жаңа жылы Рош Ха-Шана – йудейлердің ай күнтізбесі бойынша тишрей айының алғашқы күнінен басталған. Ол көбінесе қыркүйек айының ортасы, қазан айының басына сәйкес келеді. Еврейлер Рош Ха-Шана күні адамның келер жылғы тағдыры шешіледі деп сенген. Қазіргі уақытта да бұл дәстүр жалғасын табуда. Қасиетті саналатын бұл кезде адамдар жасаған күналарын ойлап, келер жылы жақсы істермен жуып-шаюды уәде етеді. Балаларға міндетті түрде жаңа киім алып береді. Дәстүрлі нандарын пісіріп, жемістер жейді.

Күз кезінде жаңа жыл тойлағандардың қатарында Кельттер де бар. Олар сол заманғы Батыс Еуропа дәстүріне сәйкес жаңа жылды қазан айының аяғында атап өткен. Ең қызығы, мейрам жаңа жыл емес, «Жаздың соңы» деп аталыпты. Адамдар үйлерін ақ жидекті улы бұталармен безендірген. Ол адамдарды зұлымдық пен жамандықтан қорғауға тиіс болған. Сонымен қатар, Кельттер арасында мистикалық наным-сенім де кеңінен тараған.  Жаңа жыл күні өлілер қайта тіріледі деген ұғым қалыптасқан. Бұл күні отағасы әйелі мен бала-шағасына әртүрлі сыйлық алу үшін ақша береді.

Қазіргі уақытта біздің 31 желтоқсан күні атап өтіп жүрген жаңа жылымыздың тарихы мүлдем өзгеше. Ол ежелгі Русьтің өткенімен тығыз байланысты. Русьте жаңа жылды көктемде, жергілікті адамдар ауыл шаруашылығы жұмыстарына кірісе бастаған уақытта – 1 наурызда тойлаған. Уақыт өте келе жылдың басы қазіргі білім күні саналатын қыркүйек айының алғашқы күніне ауыстырылған. Кейінірек, 1699 жылы І Петр жаңа жылды 1 қаңтарға қойып, жыл санау осы күннен басталатын болған. Сол кездегі адамдар жаңа жылды қазіргідей түн ортасында тойлайтын. Барлық отбасы мүшелері мерекелік дастархан басында жиналып, мерекені күткен. Сағат тілі түнгі 12:00-ді көрсеткенде, қалада хабар беретін зеңбіректер атылып, шіркеулерде қоңырау соғылған. Сонымен қатар, бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, жаңа жыл көшпелі халықтардың да байырғы мейрамы екендігін жазады.

Бағзы заманда аспан асты елінің жаңа жылы мүлдем өзгеше, қытай күнтізбесі бойынша мерекені бір ай бойы тойлаған. Жаңа жыл жаңа ай туған кезде басталатын – ай күнтізбесі бойынша 17-19 ақпан аралығы. Жаңа жыл түні Қытай көшелерінде сансыз көп шам жағу дәстүрі қалыптасқан.

Францияда 755 жылға дейін жыл басы 25 желтоқсан саналған екен. 1564 жылы ІХ Карл патшаның бұйрығымен 1 қаңтар деп белгіленген. Ағылшындар жаңа жылды 25 наурызда тойлаған. 1752 жылы ғана 1 қаңтарға ауыстырылған. Ал эскимостар жаңа жылды қар жауған күннен бастап санайды.

 

Жасыл шырша тарихы

Жаңа жылды сыйлықтар мен шырша, мерекелік безендіру мен шамдарсыз елестету қиын. Бұрындары да солай болған. Тарихшылардың дерегіне сүйенсек, алғашқы безендірілген шыршалар 1605 жылы қазіргі Франция аумағындағы Эльзаста пайда болған. Кейіннен бұл дәстүр бүкіл Еуропа аумағына тарап, мереке қарсаңында шырша безендіріле бастаған. Әрине, оған барлығының бірдей шамасы жетпеген. Тек, ауқатты адамдар мен саудагерлердің үйінде ғана шырша болған. Ал ХІХ ғасырда барлық жерде шырша қою дәстүрге айналған. 

Шыршаны безендіруге арналған алғашқы шар тәріздес шыны ойыншық Тюрингияда (Саксония) ХVІ ғасырда жасалған. Шеберлер шыныдан әртүрлі пішінді ойыншықтар дайындап, оларды көздің жауын алатын қанық түстермен бояған. Қоңырау, жүрек, аң-құс, шар, бүршік, жаңғақ тәрізді шынылар сол кезден бастап қолданылуда.

Ал жарық электрикалық түрлі-түсті тізбекпен (гирляндамен) безендірілген алғашқы шырша Америка Құрама Штаттарында пайда болған. 1895 жылы шамдары жарқыраған шырша Ақ үйдің алдына қойылған.

 

Кейіпкерлер қайдан шыққан?

Келер жылы молшылық болсын, жаңа дүниелерге қол жеткізейік деген ниетпен адамдар мейрам қарсаңында жаңа киімдерін киюге тырысады. Жаңа жыл алдында біреуге қарыз бермеген жөн деп санаған. Ал өзі біреуге қарыз болса тезірек қайтаруға тырысқан. Ескі-құсқыдан арылу дәстүрі алғаш Италия жерінде пайда болған. Адамдар осылайша жан дүниемізді тазарады деп сенген. Келе жатқан жыл жақсылыққа толы болу үшін мол дастархан жаюды да дәстүрге айналдырған. Сондай-ақ, жаңа жылдың ең маңызды дәстүрі – жақсы тілек тілеу көне заманнан келе жатса да әлі күнге ұмыт болған жоқ. Себебі, жаңа жыл қарсаңында қандай тілек тілесең де, әрқашан орындалады деген сенім қалыптасқан.

Жаңа жыл туралы сөз қозғағанда мерекенің басты кейіпкерлері жайлы ұмыт қалдыру мүмкін емес. Балалар тілек жазып, сыйлықтарын асыға күтетін Аяз ата соңғы бір жарым ғасырда ғана жаңа жылдың символына айналған. Алғашында Аяз ата мерекедегі жалғыз кейіпкер болған. 1873 жылы Александр Островский «Қаршақыз» пьесасын жазып, аппақ қардай сұлу қыз әуелі Аяз атаның туған қызы болған. Кейінірек, жұрт арасында немересі ретінде қабылдап кеткен. Ал қардан жасалатын Аққала ХІХ ғасырда жаңа жылдық кейіпкерлердің санатына енгізілген.  Сол кезде де қазіргідей қардан жасалған үш үлкен шарды бір-бірінің үстіне қойып, басына шелек кигізіп, мұрны сәбізден болған.

 

Баспаға дайындаған

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 2472 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа жылдың тарихы мен дәстүрі Қош келдің, Жыл басы! »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет