Жұма, 11 Қыркүйек 2015 10:27

Астың адалдығы – бастың амандығы

«Басқа амандық, асқа адалдық берсін» дейтін тәмсіл бар-ды қазақ халқында. Бастың амандығы, астың адалдығы қашаннан мәнін жоймаған құндылықтар болса, бүгінгі таңда оның өзектілігі тіптен артуда. Химиялық зиянды қоспалармен өсірілетін көкөністерден бастап дәрі беру арқылы тез арада сойысқа жараған тауық еттері, ГМО өнімдері астың адалдығын күннен-күнге күрделі мәселеге айналдыруда.

 

Сөзімізге дәлел – Қытайдан келетін алма өнімдері. Жақында ғана жүргізілген зерттеулерге сәйкес қытай алмасы құртсыз біркелкі көркемдігімен көз тартады. Саудагерлер де тауарлы түрі бұзылмаған бұл өнімді алып-сатуға құмар. Десек те, қытай алмасының зиянды химиялық қоспалармен суарылып өсірілетіндігін біреу білсе, біреу білмес. Тағы бір мәлімет: Қытайдың Сычуань провинциясында пестициттерді шектен тыс қолданған қытайлық шаруалар жеміс ағаштарын тозаңдандыратын аралар мен түрлі жәндіктердің мүлдем жоқ болып кетуіне себепші болған. Бүгінгі таңда сансыз жеміс ағаштарының гүлдерін қолмен тозаңдандырып әлек. Айта кеткен жөн, зиянды химиялық қоспалар мен пестицидтер қытайлық шаруалардың шектен тыс көп қолдануы себебінен жерге 15 метр сіңіп те кеткен. Нәтижесінде, жер бірте-бірте шаруашылықтың кез-келген түріне жарамсыз болып қалған.

Қытай алмасы жылтыр әрі әдемі болуы үшін парафинмен қапталатындығы анықталған.Бұл әлгі алманың Қытайдан Қазақстан тұтынушыларына тасымалдануы барысында бұзылмауы үшін істелген амалы тәріздес қытай шаруаларының. Оны жумай жеу асқазан ішек ауруларына душар етеді.

Алматы маңы қашаннан апорттың отаны саналған-ды. Әлем ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі барлық алманың шыққан тегі Алатау етегі екендігі анықталған. Адам ата мен Хауа анамыздың жұмақтан жерге түсуіне себепші болған алма, алма атауын әлі күнге өзгертпеген. Жеме немесе алма, яғни алуға болмайды деген ұғым. Ал, алып жеп қойған Адамның ендігі мекені жер беті. Мұнымен айтпағымыз не? Қытай алмасын алмауға тырысыңыздар. Оның денсаулыққа зиян екендігін ескергейсіздер, оқырман.

Нарықтық экономика еліміздің жеміс-көкөніс саласын құрдымға жіберді десек, артық айтқандық болмас. Бау-бақшалар балтаның жүзінде кеткені белгілі жәйт. Олар тоқырау кезеңінде жекешелендіріліп алынды әрі өзгедей мақсаттарға пайдаланылды. Самсаған сансыз жеміс ағаштарының орнында, бүгінде зәулім сарайлар салынуда. Осыған орай еліміздің жеміс-жидек импортына деген тәуелділігі күн санап арту үстінде.

Жақында ғана Қазақстан Республикасының, Ресей Феде-рациясының және Беларусь Республикасының басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойғаны белгілі. Ет, сүт, көкөністер мен арақ-шарап өнімдері Еуразия кеңістігіндегі үш мемлекет арасында еркін айналымда болмақ. Алайда, аталған өнімдер қауіпсіздігін қадағалау қай деңгейде? Осыған орай аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына бас сұққан едік. Бас маман Ардақ Жаппарханова ойын былайша өрбітті: «Бүгінде Кеден одағы аясында тағам қауіпсіздігі камералды бақылау арқылы тексерілуде. Мысалы жақында ғана шет елден импортталатын құс еттеріне жүргізілген тексеріс нәтижесінде техникалық регламент талаптарына сәйкес емес, құрамынан патогенді микрофлора табылған және құрамындағы ылғалдың массалық үлесі артық өнімдер анықталды. Олар: «Мясоптицекомбинат Благодарненский» ААҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Ставропольский өлкесі, Благодарный қаласы, Вокзальная көшесі 37) «Благояр» балапан еті, «Нагайбакский птицеводческий комплекс» ЖШҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Челябинск облысы, Нагайбак ауданы, Фершампенуаз селосы, Речная көшесі, 1) бройлер балапан және бройлер балапан төсі, «Юбилейное» ЖШҚ өндіретін (Ресей Федерациясы, Мордовия Республикасы, Чамзинск ауданы, Чамзинка кенті, Юбилейное көшесі, 1) «Хорошее дело» бройлер балапан ұшасы өнімдері. Бұл өнімдердің сатылуы Республика бойынша тоқтатылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге де жоспарлы тексерістер аясында ақпараттық насихат жұмыстары да жүйелі жүргізілуде».

 

ГМО – ажал азығы

 

ГМО-ны 1970 жылдары гендік инженерлер ойлап тауып оны 1980 жылы жетілдіріп алғаш коммерциялық мақсатта пайдаланған. ГМО – бұл гендік кодына бөтен гендер жабыстырылған ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Бұл картоп колорад қоңызынан зардап шекпейді. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбала балығының генін пайдаланған. Нәтижесінде ол аязға төзімді, үсімейтін болып шыққан. Сондай-ақ, оны солтүстіктің ызғарлы аязында да өсіруге болады. Сонымен қатар бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп бітпейінше керемет иіс береді. Немесе қазақ халқы ғасырлар бойы жүнін иіріп киімін тоқыған, етін қорек еткен қой жануары. Бұл жануардың бүгінгі таңда бір жылда екі рет егіз табатын түрі де шыққан. Оған доңыздың гені ендірілген екен.

Бүгінгі таңда ең кең таралған гендік модификацияланған дәнді дақылдар қатарына – соя, жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.

ГМО қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіледі де адам мен жануарда аллергия тудыруы мүмкін. ГМО өнімдері иммунитеттің төмендеуіне, аллергиялық реакциялардың өліммен аяқталуына және ісік ауруларына соқтырады.

Құрамында ГМО бар азықтар өндірушілерге өте көп пайда әкеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда арнайы «Халал» комитеті бар. Аталған комитеттің үгіт-насихат бөлімінің басшысы Кәрім Қалиев: «Ислам дінінде Алла харам еткен нәрсені ешкім де халал ете алмайды, ал біле тұра харамды халал деу немесе халалды харам деу діннен шығарады. Ислам ғұламалары егер халал генді халал өсімдікке енгізсе ол халал, ал егер халал өсімдікке харам жануар немесе өсімдік генін қолдану харам» деп пәтуа берген. Сол пәтуалардың негізінде жасалған Ислам конференциясы ұйымының базасындағы халықаралық «Халал» стандарттарымыз бар солардың талаптарына сай жұмыс жүргіземіз. Бүгінгі таңда елімізде ең қауіптісі жаппай гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерді тұтынған жанның ұрпағы белсіз немесе бедеу болып қалатындығы. ГМО жасушаларды мутацияға ұшыратып, түрлі аллергияларды тудырып, ақыры ер адамды да, әйел адамды да бала сүю қабілетінен айырады. Мысалы Ресейде бүгін әрбір 6-шы адам бедеу немесе белсіз болса, біздің елімізде ер мен әйелдің бала сүю қабілеті 50/50 екендігін атап өткім келеді. Демек, ГМО ұрпақ сүю бақытынан айыратын тура жол екендігін айтуымыз керек. Кола, Пепси сынды көптеген сусын түрлерінен әсіресе жастар қауымы сақ болғаны абзал.

ГМО-дан сақтану жолдары тек қана құрт түскен өнімдер немесе арнайы гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар-ды зерттейтін зертханадан тексерістен өткен өнімдерді ғана тұтынуға кеңес береміз. Көбіне шет елдерден келетін өнімдер – ГМО. Мысалы: көрші Қытай, Европа, Америка сияқты елдерден келетін өнімдерден сақтанған абзал. Есесіне, барынша өз еліміздің және орталық Азия елдерінің өнімін тұтынған жөн. Айталық, алмаға пингвиннің генін енгізу арқылы суыққа төзімді құстың қабілеті алмада пайда болады, нәтижесінде, алма қыстың қақаған аязында да үсімейді. Бүгінгі күні гендік модификацияланған ГМО өнім-дер АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Үндістан, Қытай және т.б елдерде өндіріліп жатыр. Қытайдың өзінде қоян, үйрек, доңыз етін арнайы дәм өзгертетін қоспа арқылы сиыр етіне айналдырып жатыр. АҚШ-та жасанды түсіктен қалған нәрестенің эмбрионын Пепси сусынына қосып жүрсе, Жапонияда адам нәжісінен ет жасауда. Енді осыдан өзіңіз қорытынды жасап көріңіз.

 

Күрішке адам бауырының генін қосу арқылы әртүрлі гербицид, пестицид сияқты 14 түрлі улы-химикаттарды жасап, оны егіс алқабына ұшақпен сепкенде, сол егістік алқапта тек қана күріш өсіп шығады және бірнеше есе жоғары өнім береді. Есесіне ол алқапта тірі өсімдік те шыбын-шіркей немесе зиянкес паразит те өмір сүрмейді. Адам бауырының гені бүкіл улы затты өзі сүзіп алады. Сол бауырдың гені бір мезгілдік науқанда бүкіл химиялық улы заттарды өзіне алады. Бірақ ол күріштен ешқандай тұқымдық алу мүмкін емес. Сондай-ақ оны тұтынған адам – адам бауырының генін де қоса тұтынады. Мұның барлығын не үшін айттық, оқырман. Ұлт саулығы сіздің тұтынған тағамыңызға тікелей байланысты. Ас – адамның арқауы десек те, бүгінде ол ауруын арқалаған тажалға айналуда. Асқа адалдық берсін. Таза тағам тұтынуға тырысқайсыздар.

                                                              

 Әділет САРЫБАЙ.

Оқылды 8237 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет