Сәрсенбі, 02 Қыркүйек 2020 17:41

Жаза қатаңдаса да, ЖАРНАМАСЫ ЖЫПЫРЛАП ТҰР

Жыл сайын есiрткiнiң салдарынан республика бойынша 300 адам қайтыс болады. Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл – тек ресми мәлімет қана. Ал тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Өткен жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйелдер екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлінген. Бiрақ нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуыынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда.

Еліміздегі күштік құрылымдар есірткі бизнесіне тұсау салудың өзіндік қиындықтар бар екендігін жасырмайды. Өйткені Еуразия жолдарының қиылысында  орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде қалыптасқан. Сондықтан да  әлемдік ұйымдасқан қылмыстық топтар  Ауғанстаннан Ресейге, одан кейін Еуропаға есірткі заттарын осы дәліз арқылы контрабандалық жолмен тасымалдайды. Сол себепті де елімізде, Орта Азиядан әлемге жөңкілген есірткі ағынына тоғытылғандар толықпаса, азаятын түр жоқ. Онымен қоса, Қазақстан  көлемінде  де есірткі ошақтарының болуы, аталмыш атың  өшкір  індеттің ауа жайлыуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас директоры Сәуле Мешітбайқызының «Есірткі саудасы есіл ерлердің есін алып тұр» атты мақаласында: «Сол аты жаман есірткінің бір ошағы Шу өңірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Бірақ оны түпкілікті жоюға біз түгілі әлем алпауыттарының шамасы жетпей жүр. Оны мойындау керек. Бірақ қол қусырып отыруға уақыт тар. Тым болмағанда індеттің кеңге жайылуына тосқауыл қойсақ, мыңның болмаса да жүздің бетін бері бұрсақ жеңіс сол», – деп жазады.

Барша әлем, қала берді Қазақстан болып күресуі тиіс есірткі бизнесіне Алматы облысының полицейлері де өзіндік тасқауыл қоюға күш салып келді. Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының дерегіне негізделсек, жыл басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 403 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Есірткі қылмыстарының 88, аса ірі көлемде есірткі құралдарын сақтау мен тасымалдаудың 20, есірткі құралдарын өткізудің 52, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 16 дерегі анықталған. Аталған ведомство өкілдер есірткі бизнесіне күресті кеңінен қанат жайдыруға белсене крісетіндіктерін айтты.

Қазіргі таңда алыпсатарлар  есірткіні онлайн саудалаумен жарнмалауға көшкен. Олардың осындай замануи сауда тәсілін тез игеріп кетуі де есірткі  алыпсатарларын құрықтауға мұрша бермей отыр. Полицейлер интернетте синтетикалық есірткінің жарыса жарнама жасайтындардың көбейгендігін, олармен күресудің «теңізден тебен іздегендей» машақатты екендігін айтады. Дегенмен оңай олжа тапқысы келгендердің  дерлік шолжаңдап жүр деуге келмейді. Тобымен торға түскендері де бар. Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мухамедов: «Біздің осы бағыттағы басты міндетіміз интернет ресурстар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, есірткі қылмыстарын мониторингілеу, анықтау, жолын кесу. Бүгінгі таңда Алматы облысының аумағында синтети-калық есірткі түрлерінің заңсыз айналымға  байланысты 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12 есірткі, екі дерек ҚР ҚК 296 – бабының 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтау, төрт дерек ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша  анықталды», – деп атап өтті .

Бүгінде есірткі өсімдіктерін өз ауласында егетіндер де бар екені байқалған. Алматы облыстық Полиция департа-менті баспасөз қызметінің мәліметінше, Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы салмағы – 51 келі. Екінші жағдайда, заңсыз өсімдік «бағы» Іле ауданының 54 жастағы тұрғынының үйінің ауласынан табылды. Полицейлер 54 түп марихуана өсімдігін тәркіледі. Аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

2020 жылы Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Онда есірткіні насихаттап, жарнамалағаны үшін үш жыл-ға дейін, топтасып қылмыс жасағаны үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге жазаға тарту қарастырылған. Сала мамандары нашақорлық пен есірткі бизнесіне өнімді  соққы беру үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы  ең көлемді мәдени-тәрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың бос уақыттарын қоғамдық құндылықтармен байыту керек деп қарайды. Қалай десек те, осы  салада негізгі бағыт беретін күш-жергілікті  атқарушы  органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетілдіру және жандандыру қажет. Ең бастысы – нашақорлыққа итермелейтін негізгі себептер мен жағдайларды  анықтау  және оларды қалпына келтіруге күш салу қажет.

 Ерзат Асыл

Оқылды 2679 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет