Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 14:16

Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады

Əлемді өзгерістердің өкпек желі өбіп тұрған сəтте, оған қарсы қорған құру – əбестік. Керісінше, желкен тұрғызу керек. Көреген Көшбасшымыздың осы ойы сəт санап маңыздылығын көрсетуде. Оң бағытқа бастаған қадамын жүйелі Жол- дауларымен, берері мол бағдарламаларымен, түрлі сындарда қалқан боп қарсы тұрар стратегияларымен нықтап басып келеді. Нəтижесін көріп те, біліп те жүрміз. Осы ретте дəстүрлі биылғы Жолдауы тағы бір жарқын келешекке даңғыл жол ашты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы бағыт-бағдарымызды талдау, түсіндіру мақсатында жиын өтті аудандық əкімдіктің мəжіліс залында. Аудан əкімі орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, ауыл əкімдері ақсақалдар алқасы, əйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді жастар бас қосқан жиында аудан басшысы Бинəлі Ысқақ кеңейтілген баяндама оқыды. Отырысты аудандық мəслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.

«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын- қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» – деген еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, əлемдік қиындықтарды болжап қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігін білеміз. Сонымен қандай басымдықтар? Ол ауданымызда қалай жүзеге асатын болады? Осынау сұрақтардың жауабын Бинəлі Əбдіқапасұлы берді.

– Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Бұл бағытта Елбасы өз Жолдауында 3 негізгі кешенді міндетті атап өтті. Бірінші міндет. Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету. Екінші міндет. Жаңа индустриялар құрумен қатар дəстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру. Үшінші міндет. Еңбек нарығын жаңғырту. Яғни, соңғы жылдары шапшаң дамып жатқан интернет саудалары, энергоүнемді желілер, транзакцияларды жүзеге асыру бағытындағы мобильді қосымшалар жəне тағы басқалары – ең үлкен басымдыққа ие болады. Осыған орай, Үкіметте «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасы əзірленуде. Бірінші басымдық аясында қарасытырылған жаңа əрі озық технологияларды белсенді енгізу тəжірибесі Біздің ауданымыздың негізгі əлеуетін құрап тұрған дəстүрлі салалар: өнеркəсіп пен агроөнеркəсіптік кешендерінің секторында бірнеше жылдан бері табысты орындалып келе жатқандығын атап өтуге болады. Мəселен, «Голд Продукт» акционерлік қоғамының зауытында құны 200 млн теңгені құрайтын шарапты өндіру мен құю бойынша жаңа желі орнатылып, іске қосылды. Түрген ауылында "Apple World" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шырын өндіретін жəне алманы сұрыптайтын заманауи инновациялық желісі ашылды. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде ылғал сақтау, тамшылатып суару, интенсивті технологияларды пайдалану арқылы сапалы өнім көлемін жоспарлы түрде арттырудамыз. Бұдан бөлек берілген барлық мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланудың арқасында кəсіпорындарымызды сұранысы бар өнімді өндіруге қайта бағдарлап, отандық тауарлардың сапасын жақсартып, жаңа жабдықтар мен технологияларды қолдану есебінен өнімнің өзіндік құнын азайтуға қол жеткіздік. Сондай-ақ, жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қомақты инвестиция жұмсалды. Осы бағдарлама арқылы жүзеге асырылған жұмыстардың қатарындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бір бөлігі біздің ауданымыздан өткендіктен, бірқатар салалардың да- муына бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Урбанизациялауды жеделдету үшін құрылыс секторын дамытудың қажеттігі айқын сезілуде. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша биылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда еліміздегі 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Ал ауданымызда 2016 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 34 млрд. 800 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 14 млрд. теңгеге артық. Тұрғын ұй құрыылысы барысында 26,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы Қорам мен Қырбалтабай ауылдық округтерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды салу бойынша бюджеттен 1 млрд. теңгеден арттық қаражат бөлінген. Жол, жарық жəне ауыз сумен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 800 жер телімін мұқтаж азаматтарға бөліп беру мүмкіндігін береді, – дей келе екінші басымдық бизнес ортаны түбегейлі жақсартудың негізгі 5 бағытын бағдарлап өтті. Яғни, Жолдауда айтылғандай, Үкімет биылдан бастап «Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыратын болады. Бұл өз кезегінде ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алуға жол ашып отыр. Ал оның ауданда жүзеге асуы бойынша Бинəлі Əбдіқапасұлы: – Ауданымызда тек 2016 жылдың өзінде ғана «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік несиелеу аясында 4,6 млрд. теңгеге 21 жоба қаржыландырылды, – деді. Екіншіден, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылданады. Бұл əсіресе энергетика, көлік жəне логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына    қатысты екенін атады Мемлекет басшысы. Ал үшінші – мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдері деңгейіне дейін төмендету көзделгенін жеткізді. Төртінші тармақ бойынша Бинəлі Ысқақ: – Кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік- жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту. Бұл жерде əңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр. Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нəтижелер бар. Өткен жылы мемлекеттік 380 орынға арналған 3 балабақша ашылса, жекеменшік сектор 330 орынға арналған 5 балабақша ашты. Біз үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігінің үлгісі өте маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мəселесін мемлекет пен биз- нес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді. Ал бесінші – баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет. Елба- сы осы бойынша Үкіметке бəсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заңнамаға «ревизия» жа- сауды тапсырды, – деді. Жолдауда көрсетілген үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Мұндағы Жолдаудағы көзделген басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру жəне экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тар- ту. Ал төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Бұл ретте əлемдік деңгейдегі білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін қалыптастырмай, Үшінші жаңғыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін Жолдауда білім беру, медицина, əлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Бұл ретте білім беру жүйесінің рөлін өзгерту – алғышарт. Яғни, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуға барынша назар аударылу лəзім. Осынау міндеттер ауданымызда нақты нəтижелермен көрініс табуда: – Бұл тұрғыдан, 2016 жылы білім беру саласының бюджеті 16 млрд. 861 млн теңгені құраса, оның ішінде материалдық- техникалық базаны нығайтуға 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша «Казтестке» барлық білім саласындағы 4722 мұғалім қатысты, ал «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 89-қадамының аясында əзірленген «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы» негізінде тіл үйретудің халықаралық стандарты негізінде əр мектептің базасында «жаздық тіл мектептері» ұйымдастырылып 420 мұғалім, 1245 оқушы оқытылды. Сонымен қатар, біз осы саладағы реформаларға шұғыл əрекет етіп, оқытушылардың кадрлық құрамын нығайтып, олардың кəсіби даярлығын арттырып, оқытудың озық əдістерін енгізудеміз. Бұл бағытта біліктілік деңгейлерін арттыру курстарынан 1543 мұғалім, оның ішінде «Үш деңгейлік бағдарлама бойынша» 615 мұғалім өтті, – деді аудан басшысы. Ал екінші міндет – ұлт саулығын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша да ауданда ауқымды істер атқарылуда. Ойымызды алыстан орағытпай нақты дəлелдермен келтірсек, өткен жылы жалпы сомасы 80 млн теңгеге медициналық диагностикалық жабдықтар мен мүлік, 760 млн теңгеге медициналық препараттар алынды, оның ішінде амбулаторлық деңгейде тегін ем- деу препараттарымен қамтамасыз етуге 650 млн теңге жұмсалды. Кадрларды дайындау жəне олардың біліктіліктерін арттыру мақсатында былтыр 221 дəрігер, 145 орта буын қызметкерлері білімдерін жетілдіріп, 3 дəрігер қайта даярлау курстарын аяқтаса, 113 дəрігер мен 329 орта буын қызметкерлері санаттық біліктіліктерін арттырған. Сонымен қатар, осы Жолдау- ында Елбасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін, ол жүйенің тиімділігі əлемдік тəжірибе арқылы дəлелденгенін баса айтты. Үшінші міндет аясында аудан əкімі: – Əлеуметтік қамтамасыз ету баса назарда болмақ. Ұлт Көшбасының тапсыр- масы бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздегі 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа əдістеме бойынша жүзеге асырыла- ды. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жəрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Осы салада ау- данымызда қаржыландырудың барлық көздерінен 19992 адамға 432 млн теңгеге əлеуметтік көмек көрсетілді. Жыл басы- нан «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш берген 365 аз қамтылған отбасына (1903 адам) бюджеттен 59,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды, – деді. Жолдаудағы бесінші басымдық – қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осы бағыт бойынша негізгі 4 міндет қарастырылып отыр. Олар: үшінші жаңғырту аясында экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының озық тəжірибелері мен ұсынымдарын им- плементациялау жұмысын қамтамасыз ету, жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне жəне баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізу. Үшінші, қауіпсіздік ахуалын қамтамасыз ету. Бұл бағытта қазіргі заманда барша адамзатқа қауіп төндіріп отырған терроризм мен діни экстремизмді насихаттаудың алдын алуды күшейту. Ал төртінші, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту. Қорытындысында Бинəлі Əбдіқапасұлы: – Бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті уысымыздан шығармайтын боламыз. Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Алдағы асулар мен белестерді бағындыру тек өз қолымызда. Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық ре- формаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде алдымызға қойған межеге жетуіміз сөзсіз, – деді. Жарыссөзге шыққан «Балтабай сүт» ЖШС директоры Ө.Нүпбаев, орталық емхананың ересектер бөлімінің меңгерушісі В.Дүйсебаева, Қаратұрық орта мектебінің директоры Ж.Мұқалиева бірауыздан Жолдауға қолдау білдірді. Тұрғындарды еліміздің жарқын болашағы үшін бағытталған Жолдауды нақты істермен орындауға шақырды. Шындығында, «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деді Мемлекет басшысы Жолдауында. Мұндай зор міндеттерді жаһандану жүйесі артып отыр. Сондықтан межені бағындыруға керегі тек – еңбек. Мұндайда қазақ: «Еңбегің егіз болса – байлығың сегіз болады, еңбегің қатты болса, татқаның тəтті болады» демей ме...

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

 

Оқылды 7187 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет