Бейсенбі, 23 Тамыз 2018 11:56

Бай болуға — кәсіп керек

Өркениет дамып, цифрлық технология күн санап қарыштаған заманда екі қолға бір күрек табу оңай емес. Алайда, күнкөрістің көзін білетін адамға кәсіп ашып, еңбектің тәтті нанын жеу қиынға соқпасы анық. Ол үшін мемлекеттен арнайы бағдарламалар қабылданып, іс бастаған адамдарға түрлі жеңілдіктер мен көмек көрсетілуде. Осындай жақсылықтың шапағатын көріп отырған кәсіпкер Жолды Тоқтаржан бүгінде ісі өрге домалап, қарқынды бизнесімен қуатты мемлекеттің құрылуына септігін тигізіп отыр.

Елбасының өзі қатаң сынға алған жеңіл өнеркәсіп саласының бүгінде ақсап тұрғаны жасырын емес. Базар мен сауда орталықтарына бас сұға қалсаң Италия, Түркия, Қытай елдерінен, тіпті, көршілес Қырғыз ағайындардан жеткізілген киім-кешектер көздің жауын алады. Іздесең де таптырмайтын қазақстандық өнімдердің бағасы қымбат. Бұған себеп, шикізаттың жоқтығы. Ал шикізат қайдан шығады? Әрине, өрісі малдың жүнінен. Қойнауы шикізатқа толған ауылдағы осындай мүмкіндікті пайдаланып Шелек ауылынан жүн өңдейтін цех ашқан кәсіпкер Жолды Тоқтаржан «Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» – деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін ту ғып ұстайды.

Өгізаяңмен ілгерілеген саланы дамытуды көздеген кәсіпкер жүн өңдеуді 2010 жылы бастаған. Кейіндері жұмысы жанданып, кәсібін ұлғайтуды қолға алған. Бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен несие алуға кезекке тұрып, өткен жылы 1 ай оқудан өткен. Өзінің бизнес-жоспарын қорғап, кәсібін дамытуға «Бизнес бастау»      бойынша төменгі 6 пайызбен несие алған:

– Төменгі пайызбен 6 млн теңге несие алдым. Бір жыл, яғни, биыл каникул. Келер жылдан бастап, несиемді өтеймін. Ал алған қаржыма Қытайдан жаңа қондырғы әкеліп, бұрындары апталап күттіретін жүн түтуге деген кезек сейілді – дейді кәсіпкер. Айтуынша, 2014 жылы аспан асты елінен көрпе тігетін қондырғы әкелген. Бүгінде, көрпе мен жастық, қызға жасау жасатқысы келгендердің саны артып, алдағы екі айға тапсырыс қабылдап қойған. Оған қолданылатын маталар Алматы қаласынан жеткізіледі. Отбасылық бизнеске айналған цехта қазіргі таңда 6 адам жұмыс істейді. Тапсырыс көп түсетін маусымда қосымша жұмысшылар тартылады.

Мемлекеттік бағдарлама-ның жемісін көріп, ешкім қызығушылық танытпайтын іспен айналысатын кәсіпкер келешекте өндіріс пен цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр:

– Еңбек еткісі келген адамға жұмыс табылады екен. Біз уақыт өткен сайын цехымыздың аумағын арттырамыз, сәйкесінше, өндіріс көлемі де ұлғайып, ғимаратымыз таршылық етеді. Келер жылы нысанды үлкейтуді жоспарлап отырмыз – деген Жолды Тоқтаржан биыл есік алдынан дүкен ашпақ ниетте. Сауда орнында көрпе-жастық пен маталар сатылып, тапсырыстар қабылданатын болады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2467 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет