Жұма, 26 Тамыз 2016 13:39

Білікті маман – болашағы зор мемлекеттің тұтқасы

Қай саланы болмасын білікті маман дөңгелетпесе өрге емес керіге кетері сөзсіз. Себебі, көзсіз ерлік жасай беретін жабайы орманда емес, алға қарай қарыштап дамып келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Атағанымыздай, мемлекеттің титтей болсын тетігін бітеуге

атсалысады білімді кадр, сол арқылы өзінің қажеттілігін білдіреді қоғамға. Бүгінгі таңда «Қай салаға қандай маман қажет? Қандай мамандық иелері жұмыс таппай бос сенделіп жүр?» деген сұрақтарға жауапты нақты дөп басып айту – қиынның қиыны болып отыр.

Кей мекемелер кадр тапшылығы салдарынан кеңге етек жая алмай отырса, кей мамандық иелері сонша уақыттарын босқа өткізіп білім алғандарына өкініп жүр. Кішігірім сараптама жүргізіп көрелік...

 

«Қазақстанда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар тапшылығы сезілуде» – дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Дейтұрғанмен, отандық білім беру саласында да алаңдатарлық мәселелер баршылық. Мысалы, қазір орта білімді мамандар тапшылығы сезілуде. Есесіне, қолында жоғары оқу орындарының дипломдары бар түлектер саны жыл сайын артуда. Бұл тұрғыда «Біздің елде жоғары білімді мамандар қаншалықты керек? Осыны зерттеп отыратын орталық құру қажет», – дейді сондай-ақ сенатор. Қазір студенттердің 63 пайызы жоғары оқу орындарында білім алса, 17 пайызы кәсіптік-техникалық колледждерде оқиды. Ал, қалған 20 пайызы еш жерде тіркелмеген. Осы орайда аудандық білім бөлімінің мәліметіне назар аударайық. «Кадр тапшылығы жыл сайынғы бас ауыртар мәселеге айналды. Әсіресе, физика, математика, биология, химия пәндері... Осы түйткілді шешу мақсатында жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасап, кадрлар жәрмеңкесіне қатысып біраз математика пәнінің мамандарын ауданға жұмысқа тартуға тырыстық. Өкінішке қарай, табылған мамандар ауылдық жерге емес, қалаға жұмысқа орналасқылары келеді» - дейді өз сөзінде аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Салтанат Беспаева. Иә, арман қуған жас маман еңбек жолын үлкен қаладан бастағысы келетін болар. Алайда, оны ол жерде құшақ жайып қарсы алар ешкім жоқ. Ал, егер алған білімін ауылдық жерлердегі білім ошақтарынан бастап, тәжірибе мен білік жинайтын болса, ол қай жерден болсын өз орнын табары сөзсіз. Әлбетте, егер білімді маман болса. Жастардың түсінігін де түбегейлі өзгерту керек сияқты осы тұста. Бұл – бірінші мәселе.

Екіншіден, Алматы облысының кәсіпорындарында шешімі өзекті болып отырған мәселе де – кадр тапшылығы екен. Онда 25 мыңнан аса маман қажет. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева айтқан еді.

Мамандардың жетіспеушілігі білікті кадрлардың шетелге кету себебінен болар, бәлкім. Маман тапшылығы, кадрмен қамтамасыз етудегі дисбаланс – Қазақстандағы бүгінгі жағдай. Студенттер мен жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылардың көбейгеніне қарамастан, елде кәсіби мамандар аз. Тіпті техниканы меңгерген қарапайым жұмысшылар жетіспейді.

Елдің жоғары оқу орындарында (ЖОО) оқитын студенттер саны көбейген сайын, ондаған мың маманның сырттан келуі немесе тапшы болуы –  таңғалатын жағдай. Бүгінгі таңда ЖОО мен студенттердің саны бұрынғымен  салыстырғанда үш есе көп. Ал ел экономикасы кейбір көрсеткіштер бойынша әлі де жоғары деңгейге жеткен жоқ.

Азаттық сайтының экономикалық шолушысы Қазақстандағы студенттер мен жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылар санының айтарлықтай көбейгенін айтады. Олай болса, ЖОО бітірген түлектер қайда кетті? Олар Қазақстанның еңбек нарығында неге көрінбейді? Ресми дерекке сәйкес, тек 2009 және 2010 жылдары сәулет-құрылыс мамандығы бойынша – 1 мың 891 адам, медицина – 1 мың 854, педагогика – 3 мың 923, техника – 9 мың 428, экономика – 4 мың 772, заң – 1 мың 319, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша – 1 мың 35, әртүрлі кәсіп игерген 8 мың 866 маман шетелге кеткен.

Осы арада «Білім және ғылым министрлігі мамандық түрлері бойынша еңбек нарығындағы сұранысты мүлдем зерттемейді ме?» деген ой келеді. Билік Қазақстанда білім алып, тәрбиеленген, бірақ шетелге кеткісі келетін білікті мамандарды елде алып қалудың жолдарын іздестіргені жөн емес пе? Олар ел экономикасын, оның қыр-сырын, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдениетін жетік білетін мамандар емес пе. Оларға қолайлы жағдай мен еңбекақысын ұйымдастыруды жолға қою қажет. Бұл – үшінші.

Тағы бір ескеретін жайт –  Қазақстаннан негізінен техникалық білімі бар мамандар кетіп жатыр екен. Елді индустрияландыру жоспары қолға алынған тұста мұның әсері қатты білінді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын ішкі еңбек нарығына керек мамандықтардың тізімін құрастырады.Тізімге техникалық шикізатты химиялық өңдеу аппаратшысы, ұңғымаларды күрделі жөндеуші, теңіздегі қалқымалы ұңғыма агрегатының бұрғылаушысы, биіктікте істейтін монтаждаушы-дәнекерлеуші мен монтаждаушы-элекромонтер, гальваник, геодезист, геолог, гидротехник, гидрогеолог және басқа да көптеген мамандар енген. Тіпті, тілімізді сындырып әрең оқып алармыз. Ол саланы таңдап, оқып, маманы атану былай тұрсын. Мектеп бітіруші түлектер арасында осы мамандықтарға жарнама жасап, оның мүмкіндіктерін де кең құлашты етіп түсіндіріп берсе де болар еді. Бірақ, сол мамандықты алғаннан кейін жаңағы маман оған мүмкіндіктің шетелде көбірек екенін байқайды да, ол да аттанып кете барады мұхит асып. Маман тапшылығын айтпас бұрын, маманға жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалғаны жөн. Бұл – төрт.

Алысқа ат шаптырмай, аудандағы кадр мәселесіне көз жүгіртейік енді. Қазіргі кезде біздің ауданда аграном, есепші сынды мамандық иелері тапшы екен. Аталған мамандықтар бойынша бос лауазым күндері  60 күннен асуда. Бұл әсіресе болашақ түлектердің құлағына алтын сырға.

«Жалпы, ауданымызда штат бірлігі 375-ті құраса, оның ішінде 23-і бос орын. Жылдың басынан  кадрдың таза ауысымдылығы 7,1 пайызға жетті.  Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш – жақсы нәтиже» – дейді персоналды басқарудың бірыңғай қызмет бөлімінің бас маманы Ақмарал Манасбаева. Билікке ұмтылған азаматтар арасында мемлекеттік қызмет – зор сұранысқа ие болып тұр. Бұл біздің ауданға да тікелей қатысты. Оған да талап жоқ емес. Мемлекеттік қызметке өту үшін өтініш білдірушілердің қолында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білетіндігі жөніндегі сертификат болуы қажет. Ескеретін жағдай, мемлекеттік қызметте жоғарылату төменгі лауазымдардан басталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы №12 бұйрығы негізінде, жетекші мамандардан басқа, жоғары тұрған лауазымдар үшін міндетті түрде жоғары білім және мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс өтілі болуы тиіс. Яғни, бас маман лауазымына орналасу үшін алдымен жетекші маман қызметінде бір жылдан кем емес жұмыс өткеру қажет. Ал жетекші маман лауазымдарына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.Бұл – бесіншісі.

 

Т  Ү  Й  І  Н:

Мәселелерді түгендедік. Түгел болмаса да шетін шығардық. Бес мәселені бес саусаққа теңесек, онда ол шешімін табады ендеше. Себебі, елде «бес саусақ біріксе – жұдырық» деген бар емес пе?! Сондай-ақ, «Саусақ бірікпей – ине ілікпейтінін» ескерейік.

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 4773 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет