Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:38

Есіктің бүгіні, ертеңі

Есік өзенінің жоғарғы оң жағасынан бастау алатын қаламыз төмендеген сайын жайыла кеңіп Рахат, Бөлек округтерінің аумағындағы сая-жайларды «бауырына» баса Үлкен Алматы каналына беттей өсіп келеді. Келесі ұрпақтарға тұрғын үй, мектеп, спорт алаңда-рын басқа әлеуметтік нысандар салу үшін Құлжа жолына дейінгі аумаққа да жетері сөзсіз. Есіктің бүгіні мен ертеңі жайлы қала тұрғындары өкілдерімен, кәсіпкерлермен, ауданның, қаланың құрылыс, жобалау, сәулет, қаржы, бюджет салалар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізген аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың пікір алмасу жиынында туған ойларды Есіктің кешегісімен бастағанды жөн көрдім. Өйткені өткеніміз бен бүгінімізді салыстыруға құмар жандар бар. Бұл жайында да кіріспе сөзінде аудан әкімі де айтып өтті.

 

Елу жылда ел жаңа десек те тым әрі кетпей отыз жыл бұрынғысын көз алдымызға келтірсек қаланың көк желегі көп болғаны шындық. Көк желек туралы айтсақ алды жүз елу жылға жеткен алып ағаштарды кесіп құлатпасақ, мерт етері анық. Оның орнын басқан талдар өсіп өнгенше ондаған жылдар өтуі керек. Есіктің байырғы тұрғындарының есінде болар бұрындары педучилище, кейіннен педколледж аталған бүгінгі ЕГЭК осыдан оншақты жыл бұрын жабайы орман ішінде қалған жөнсіз жобасыз  ғимарат күйінде болатын. Қураған ағаштар қырқылып оқу орнының фасады да жарқыратып жөнделді, іші де бүгінгі күннің талабына сай күйге енді. Бұл ғимаратта биік деңгейдегі жиындар өткізілетінін айтпағанда, бүгінгі күн сұранысына сай мамандар дайындауға өте қолайлы.

Мәденит үйі бей-берекет өскен ағаштардың тасасында қалған еді. Ескілерін отап жас талдар отырғызылды. Мәдениет үйінің алды кеңейтіліп, Наурыз дейсіз бе, мамыр мерекелері дейсіз бе осы алаңда өткізілетін болды. Аудан әкімінің айтуынша Мәдениет үйінің алды әлі де кеңейтіліп, Уәлиханов көшесі жағынан батырлар аллеясы ашылмақ. Орымбетов көшесі жағы да жаңғыртылып спорт алаңдары салынбақ. Көз алдымызда өзгеріп жатқан Есік қала-мыздың жақсысын жақсы дейік те кемшілігін қалай кетіру жолын іздейік.

Қаланың кәзіргі шекарасы Құлжа жолына түсер жолдағы кіреберіс, қақпа (арка) деп есептесек, бұдан жоғары респу-бликалық қорық-мұражай мен Рахат дачаларының ортасынан жаңа мектептің іргетасы қалануда. Есік аумағында мектеп саларлық орын табылмай осы қорғаныс аумағындағы жерді алу қаншалықты қиын-дыққа түскенін жеткізді әкім. Бұл аймақтан қаланың мектеп-теріне оқушыларды тасымалдау қаншалықты қиын және балалардың қауіпсіздігіне де қолайсыздығымен қатар мектеп-тердің үш ауысымдылығын азай-туға да көп кедергі болып отыр. Келесі жылы пайдануға берілетін мектеп аумағында жолдан өтетін жаяу көпір және қаланың Уәлиханов көшесіне дейін жаяулар жолы (тротуар) да салыну көзделген. Ал енді осы жол бойындағы күннен күнге оталып азайып жатқан жасыл желекті қалпына келтіріп, тротуар бойын бульварға айналдыруға билік пен мемлекеттік қызметтермен қатар тұрғындар да атсалысуы азаматтық парыз болу керек. Қолмен жасаған жұмысыңды қорғай да білген абзал.

Қаланың орталығындағы демалыс саябағы жаңғыртылып жөнделіп жатыр. Басшылардың айтуынша, бұл саябақта әртүрлі ішімдік, құмар ойын орындарын қоюға тиым, керісінше тұрғын-дарға демалыс, әсіресе жас есік-тіктерге жақсы жағдай жасал-мақ.

Байыптап қараған жан осы саябақ пен оған жалғас стади-онның жанынан салынған дене-шынықтыру сауықтыру кешені (ФОК) жас өркеннің шымыр да шыныққан ұрпақ болып өсуіне үлкен сеп болатынын көреді. Ауданымызда жаңадан бой көтер-ген «Айжан» балабақшасы-ның ашылуына келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты осы денешынықтыру кешенімен таныстыру үстінде аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бұл демалыс-шынықтыру, спорт ке-шені толыққанды қызмет көр-сету үшін жетіспей тұрғаны, тек стадионды заманға сай футбол алаңымен жабдықтау және баскетбол, үлкен теннис, волейбол сияқты ойын алаңдарын салу үшін қаржының қажеттілігін айт-қан болатын. Өңір басшысы қол үшін беруге уәде берген. Ол сөз-дің де өз кезегінде орындалуы күмәнсіз.

Ал қаланы қақ жарып ағып жатқан тау өзені Есіктің жаға-лауына да саябақ орындықтарын қойып  жасыл желекті көбейту, жаяу қыдыруға, спортпен – жүгі-румен айналысуға жағдай жасалу көзделген.

Көшелерді алатын болсақ біртіндеп, бірінен соң бірі жөн-деліп, абаттандыру жолында. М.Әуезов көшесі Алматы көшесімен қиылысу деңгейінде жөнделіп бітіп жатса келесі кезекте – Орымбетов көшесінің аяқталмаған бөлігі. Көше демекші мағына мен мәні жоқ көше аттары әлі де көп екенін атап өтті аудан әкімі. Ендігі кезекте-жолаушыларға жайлы аялдамалар орнату. Пікір алмасу барысында қала көркін бұзып тұрған ғимараттар мен құрылымдар туралы да айтып өтті әкім. Мысалы «ДСУ-13» акционерлік қоғамының иелігіндегі аяқталма-ған Агробанк ғимараты, оның қарсы алдындағы ол да бітпей қалған балалар поликлиникасы (Е.Дүйсенбаев иелігінде) Ал осы кездесуге арнайы шақырылған учаскелік полиция қызметкерле-ріне айтар арыз көп. Осыдан бірер жыл бұрын «тәртіп бұзушы-лаққа – төзімсіздік» деген атпен акция жүріп жатқанда жол бойына бос темекі қорабын, сусын шынысын, қап-қап қоқысты лақтыру жоққа жақын еді. Қазіргі кезде тәртіп бұзушылар қорқуды қойған ғой (орысшаласақ «страх потеряли»). Әне жерде бір қап-шық қоқысымен, мына жерде бір қоқыс, бос шыны, темекі тұқылы көбейіп жатыр. Аудан әкімі сол қоқыстың ішінен  оқушы дәптері арқылы табылған тәртіп бұзғыштың ұсталғаны жайлы мысалды да келтірді. Осы жайларды көріп, білу үшін тәртіпсіздерді табу үшін «Шерлок Холмс» немесе керемет криминалист болу тіптен қажет емес. Ал тәртіпсіздерді сөзбен тоқтату әзірге қиын. «Аюды үйреткен таяқ дегендей» тек айыппұл мен қоғамдық тез ғана жөнге салады мұндай басбұзарларды.

Бұл кездесуде қаладағы та-ғам базарындағы тазалықтың жоқтығы аталды. Осы орайда ойға оралатын мәселе тұтынушылар құқығын қорғау бөлімі неге үнсіз? Аты өзгергенмен санитарлық жағдайды бақылау міндетінен ада болған жоқ еді ғой бұл бөлім.

Жиында қозғалған мәселе-лерді жасалған істер мен жасалатын жобаларды түйіндер болсақ бір кездесуде, оның нә-тижесінде жазылған бір мақа-лада барлық мәселелерді қамту мүмкін емес, әрине. Аудан басшысын алаңдатқан мәселелер әр тұрғынның да ойында болса іс оңға басары анық. Көптің айт-қаны көңілде болып, өз кезегі-мен атқарылып жатса Есіктей қаламыздың ертеңі бүгінгіден де ерекше алға басарына күмән жоқ.

Мақаланың басында қоғамның дамуына қарай өткен өміріміздің артықшылығын айтуға бейім тұратын мінезіміз жайында ой тастадық. Бірақ кешегі мен бүгінгіні салыстыру үшін ғылым тілімен айтқанда объективті көз-қараспен қарау керек өткен шақ пен осы шаққа. Сөзімді мысалдармен тұздықтап көрейін. Өтпелі кезең аталған тоқсаныншы жылдардың басы сексенінші жылдардың соңында Есіктің «Площадка» – қырық үй аталған жоғарғы бөлігінен төмендегі саяжайларға дейін бір бағдаршам-светофорсыз көшелермен бір тоқтамай сырғып өте шығуға болатын еді. Бұл автокөліктер санының қазіргіден ондаған есе аздығынан. Бір үлкен іс-шараға алыстан келген мәртебелі қонағымыздың кейігенінің куәсі болдым: «Қаланы қандай күйге түсіргенсіңдер – пробка-тағырықтардың кесірінен талай уақыт жүріп әзер жеттім». Сол лауазымды қонаққа ол кісінің тұсында аудан аумағында бір ғана «Бедный Махмуд» (атын өзгертіп отырмын белгілі себептермен) дегенде ғана иномарка болған. Ал қазір әрбір аулада екеуден-үшеуден сол темір тұлпарлар жер тарпып тұр. Мұның бәрі көшеге шыққанда сонау патша заманындағы тар көшелер түгілі оңтүстік  астананың кең проспектілеріне, даңғыл көшелеріне сыймай кететін болған соң сол мегаполис басшылары қала төңірегіндегі елді мекендер көлігін кіргізбеу амалдарын ойластыруға мәжбүр. Міне объективті көзқарас та осы, өзгерген заман талабы да осы. Ендеше, осы талаптарға сый іс-қимыл жасалып жатқанын ескергеніміз абзал.                                                                 

 Х.АХМЕТЖАНОВ.     

Оқылды 2256 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Есіктің бүгіні, ертеңі Есіктің бүгіні, ертеңі »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет