Сенбі, 25 Қараша 2017 19:15

Алаш жолы ақиқат жолы

«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын

бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген».

 Н.Ә.Назарбаев.

 

Менің соғыстан кейін өмірге келген замандастарым, соғысқа дейінгі қазақ елінің ұрпақтары ел тарихында айшықты із қалдырған, өркениетті демо-кратиялық бейбіт жолмен қазақ мемлекетінің іргета-сын қалау үшін күрескен Алаш ардақтылары туралы мәліметтен бейхабар еді. Өйткені Кеңес Одағы құрамын-дағы қазақ республика-сының тарихын пышақтың қырынан аз-ақ қалың тарих оқулығынан оқыдық. Соның өзінде де Алаш қозғалысының қайраткерлерін халық  жауы ретінде ғана көрсетті кеңестік идеология ықпалындағы тарихшылар. Биыл азаттық үшін, мемлекеттіліктің негізін қалау үшін арпалысқан арыстар қозғалысына жүз жыл толып отыр. Осы тарихи оқиғаға орай Мемлекет тарихы институты мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді Астана қаласында 10 қарашада.

Жиынға қатысып сөз сөйлеген Қазақстан Республика-сының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назар-баевтың құттықтауын оқыды:

«Алаш қозғалысының ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының саяси-əлеуметтік құқықтарын қорғау, ұлттық бет-бейнесін сақтап қалу жолын-дағы күресі, азаттық үшін күрестің жарқын беті болып табылады. Алаш арыстарының пассионарлық идеялары біздің ата-бабалырымыздың азаттық алу, дербес мемлекет құру жолындағы сан ғасырлық аманатымен ұштасып жатыр. Сол кездегі ұлт зиялылары арман еткен мемлекет тəуелсіздігіне бүгінгі ұрпақ қол жеткізді. Еліміз егемендік алып, əлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесін теңестіріп отыр. Мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламда: тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлту-ма мəдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттерді атап көрсеттім. Біз қоғамдық сананы қазіргі заманға сай жаңғырту арқылы елімізді жаңартуды мақсат тұтып отырмыз. Еліміздің экономикалық əлеуеті артқан сайын, халқымыз бай рухани мұрасын дəріптеуге де зор мүмкіндік жасалады».

ЭКСПО-2017 аумағындағы Конгресс орталығының ауқымды залына еліміздің барлық аймақ-тарынан, Астана, Алматы қала-ларынан келген оқымыстылар, жазушы-журналистер, зиялы қауым өкілдері қатысқан кон-ференцияның еліміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған Рухани жаңғыру идеяларын іске асыру жолындағы маңызды кезең болғаны анық.

Конференцияға қатысушы ретінде, елімізге танымал азаматтардың баяндамаларынан түйген ойлар төмендегідей.

Тәуелсіздік қолға тигеннен кейінгі ширек ғасырдан асқан кезеңдегі жаңғыртуларды батыл жалғастыру керек. Мысалы, Уральск қаласын – Орал, Актюбинскіні – Ақтөбе, Алма-Атаны – Алматы, Боровоены – Бурабай деп өзгерттік. Бірақ Петропавл, Павлодар сынды еліміздің солтүстігіндегі ірі қалаларымыз өзінің ежелгі Қызылжар, Кереку атауларын қайтара алмай отырғаны қынжылтады. Ал Көкшетаудан Қостанайға беттеген күре жол бойындағы елді мекендер атары елге беймәлім кісі аттарымен Еленовка, Антоновка, Киририлловка тағы басқа «овкалармен» міз бақпай осы күнге дейін тұр. Абырой болғанда осы жол бойындағы аты алашқа әйгілі Айыртау өз атын қайтарып, осы аудан орталығының іргесінде мәңгілік дамылдау мекенін тапқан Қарасай, Ағынтай батырлар бейіті орналасқанын білеміз.

Бұл да үлкен жетістік дей тұрғанмен ұсақ-түйек мәселе емес екендігіне назар аударды конференцияға қатысушылар.

Конференция мінберінен кезек-кезек баяндама жасаған отандық жəне шетелдік ғалым-дар, бір ғасыр өткен алаштық-тар идеясына тарихи тұрғыдан баға беріп, Алашорда үкіметі кеңестік басқаруға қарсы балама билік ретінде құрылған ұйым десе, Парламент Мəжілісінің депутаты, саяси ғылымдар докторы Қуаныш Сұлтанов, дербес мемлекет құруды көздеген алаш арыстарының талаптары дəл бүгін іске асып отырғанын, сол себепті, тəркіленген тарихымызды қалпына келтіріп, аталарымыз армандаған тəуелсіздік, бостандық, теңдік, құқықтық, жасампаздық идеяларды келер ұрпақтың жадына сіңіру асыл мұратымыз екенін жеткізді.

Сонымен қатар көпшілік қауым Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин бастаған отандық зиялылармен бірге, əзербайжандық ғалым Мұса Ғасымлы, өзбекстандық тарихшы Ильхомжон Саидов, қырғыз профессоры Зайниддин Қурбанов, башқұрт оқымыстысы Марсель Фархшатовтың алаш арыстарына қатысты баяндамаларын тыңдады.

Азаттық жолында өз өмірлерін қиған алашордашылар азаматтық белсенділікті, сауаттылықты дамыту үшін де аянбай еңбек еткені аян. Осы жолдағы алаш арыстарының аттары белгілі. Ал осы қозғалыстың қатардағы мүшелері неге белгісіз болып қала бермек? – деген сұрақ туындады конференция барысында. Бұған жауап ретінде «Қаһармандар» қоғамдық қоры құрылғаны туралы ақпарат та айтылды.

Алашорда қозғалысы туралы қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялап жатса, еліміздің орыс тілді БАҚ-тары әрісі бұл тарихи оқиғаға топырақ шашып, берісі үнсіз қалып жатқаны да шындық.

Сонымен қатар конференция Алашты таптық қозғалыс деген ұғымнан аластатып ұлт-азаттық, өзін-өзі билеуге ұмтылған саяси партия деп бағалауды, осы тұрғыда саяси ағартушылық әдебиетте, тарих оқулықтарында түзетулер енгізуді ұсынып, бұл істегі енжарлықты да жою жөнінде пікір айтылды.

Конференцияның идеялық ұраны болған Н.Ә.Назарбаев-тың «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса ол адасуға бастайды» – деген сөздері тарихи оқиғаларды, оның ішінде Алаш қозғалысын әділ бағалап, ел дамуына тиімді қолдануға шақырады.

 

Хайролла Ахметжанов.

Оқылды 2473 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алаш жолы ақиқат жолы Алаш жолы ақиқат жолы »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет