Жұма, 11 Қыркүйек 2015 10:47

Жаңа дерт

(Компьютерге тәуелділік ғалымдарды алаңдатуда)

– Балам, келе ғой кешкі асыңды іш.

– Қазір...

– Болсаңшы суып қалады.

– Міне, келе жатырмын.

– Не істеп жатырсың соншалықты?

– Ештеңе... Келе жатырмын ғой.

Таныс жағдай ма? Иә, үйінде компьютері бар ата-аналар үшін бұл күнделікті қайталанатын оқиға. Компьютердің алдына жайғасқан баланы дүкенге жұмсау былай тұрсын, тамаққа шақырудың өзі қиындап барады бүгінде.

 

 

 

Тәуелсіздік алғалы бері Аллаға шүкір, экономикамыз қарыштап дамып, түрлі сала жаңа инновациялық технологиямен жұмыс істеуге көшті. Барлық жұмысты компьютердің көмегімен атқарамыз, жұмысымыз жеңілдейді деп бөрігімізді аспанға лақтырдық. Алайда, сол компьютердің баламыздың санасын жаулап, өзіне тәуелді ететінін ойламадық та. Мәселен, Білім және ғылым министрлігінің балаларды қорғау комитетінің деректеріне сүйенсек, 12-13 жастағы жеткіншектердің 80 пайызында компьютерге тәуелділік пайда болған. Бұл дегеніңіз, 5-6 сынып оқушылары жаңа дертке жармасып, сабақ оқығаны былай тұрсын, ата-ана, жолдастарымен тілдесуден де қалады. Мысалға, өткен айдың соңында Екібастұзда жетінші сыныптың оқушысы инсульттен қайтыс болды. Дәрігердің айтуынша, оқушы қыз ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген. Кейіннен, инсульт қыз бірнеше сағат бойы компьютердің алдында отырғанның салдарынан болғандығы хабарланды. Алайда, дәрігерлер қыздың қазасын компьютермен байланыстырмайды. Неден өлгенін де дөп басып айта алмай отыр. Демек, жаңа дерттің балғынның өліміне қатысы болуы әбден мүмкін. Тағы бір мысал, өткен аптада Башқұртстанда 22 күн бойы компьютерден бас алмаған 17 жастағы қыздың қайтыс болғаны әлем жұртшылығының жағасын ұстатты. Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім аяғын жарақаттап алуына байланысты 8 тамыздан бастап үйде отырған. 30 тамызда есін жоғалтқан ол емхана төсегінде бақилық болды. Тергеушілер анықтағандай, бойжеткен жыл басынан бері компьютер ойындарын ойнауға 2 мың сағаттан артық уақытын жоғалтқан. Үйде жалғыз қалған сәттерінде онлайн ойындарын ойнаған ол тек ұйықтау үшін ғана үзіліс жасап отырған. Бойжеткеннің қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл – тек бір аптаның айналасында болған екі қайғылы оқиға. Осы күнге дейінгі қайғылы жағдайларды тізе берсек, бір газеттің көлеміне сыймасы сөзсіз.

Дәрігерлердің айтуынша, компьютерде ұзақ отыру адамның біріншіден, көзінің нашарлауына әкеп соғады. Психологияға да кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы көп тілдескен адамның сөйлеу қабілеті нашарлайды. Желіде «шешен» болғанымен, бетпе-бет келгенде сөзге шорқақ екендігі байқалады. Бұл, әсіресе, мектеп жасындағы оқушыларда қылаң беретін құбылыс. Себебі, енді ғана  қалыптасып келе жатқан бала өз ойын жазу арқылы жеткізсе, сөйлеуге келгенде тосылып қалады.

Бүгінде аудандық ішкі істер басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығы түн мезгілінде жастар көп шоғырланатын орындарға рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында компьютер клубтарының тұрақты келушілері кәмелеттік жасқа толмаған балалар екендігі анықталған. Үйден «қазір келемін» деп шыққан жеткіншектер осы жерге келіп, онлайн ойындардың «түбін түсіреді». Оны көзіміз көріп жүр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде ғаламтор желісін пайдаланатындардың саны дүние жүзі бойынша 35 милионнан асады екен. Олардың басым бөлігі 13 пен 40 жас аралығындағы адамдар. Ғаламтор – адамзат тарихындағы ең елеулі жаңалықтардың бірі. Ол арқылы біз оңай әрі жылдам жаңалық алмасып, әлемнің екінші бұрышындағы адаммен тілдесе аламыз. Ойлап тұрсаң керемет. Ал Сирия мемлекетінде болып жатқан қарулы қақтығыс жайлы адамдар қайдан біліп жатыр? Сириядағы адасушы «жихадшылар» өзінің қатарын қалай көбейтуде? Әрине, ғаламтор арқылы. «Мама, мен кетіп барамын. Алланың ісі. Ақгүлді саған тапсырдым. Жылатпай бақ. Мен Сириядамын. Мені іздемеңдер. Мені өлді деп санаңдар». Бұл – Қандыағаш қаласының 20 жастағы тұрғынының ата-анасына қалдырған хаты. Қаракөз келіншектің Сирияға кетуінің себебі – интернеттегі «жихадшылардың» «ертегісі». Сонымен қатар, Ұлыбритания полициясының хабарлауынша, Түркияда Сирияға бет алған үш жасөспірім ұсталған. Қыздардың екеуі кәмелеттік жасқа толмаған 17-де. Біреуі 19 жаста. Алла сақтап, оқушылар Түркияда қолға түсіп, өмірін өксікпен өткізуден аман қалды. Бүгінде әлемнің барлық мемлекеттерінде, оның ішінде өз елімізде де теріс діни ағымдарды уағыздайтын сайттарға тосқауыл қойылды. Десек те, сақтықта қорлық жоқ. Баланың компьютер алдында қандай істермен шұғылданатынын, қандай сайттарға кіретінін әрдайым бақылауда ұстап, оның бүгінгі «көк сандықтың» алдында ұзақ отыруына тыйым салған жөн.

Бұрындары таласа жүріп доп теуіп қызық қуатын балалар бүгінде үйде отырып-ақ саусақтарының көмегімен футбол ойнайды. Ал, әжелеріміздің іші пыспасын деп планшетке арналған киім тоқитын бағдарлама шығарылған. Ол ол ма? Компьютерде асық ойнаған балаларды көріп жағамды ұстадым. Ескіні жаңалаймыз деп есірмейік. Бар нәрсені дұрыс қолдана білген жөн. Технологиямыз дамыса да санамызды компьютермен алмастырмайық. Ал, сезімімізді виртуалды әлемде емес, шын өмірде білдіргенге не жетсін? Ұлттық ойындарымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа технологияның қолына ұстатпай, бағалай білейік, оқырман!

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5136 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа дерт Жаңа дерт »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет