Жұма, 23 Қыркүйек 2016 09:53

Жетістіктер айтылып, кемшіліктер сараланды

Бүгінгі таңда кез-келген сын-қатермен түйіткілді мәселелердің үнемі алдын алып отыру өте маңызды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырып, саяси көзқарастарын қалыптастыруда мәслихат депутаттарының атқарар рөлі орасан зор. Осы орайда, жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылайтын тұрақты комиссиялардың кезекті біріккен отырысы өтті. Басқарма, бөлім басшылары мен округ әкімдері есеп берген жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді.

 

Алғашқы болып мінберге аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмас Найзабеков көтеріліп, шағын және орта кәсіпкерлікті, сондай-ақ, туристік, экономикалық аймақты дамытудың барысы туралы сөз етті. Сөзіне сүйенсек, мекеніміздегі кәсіпкерлік саласының дамуы көңіл қуантады. 3 ірі, 6 орташа кәсіпорын тұрақты еңбек етуде. Ағымдағы жылдың 7 айында ауданымызға 32 млрдтан астам инвестиция тартылған. Бөлім басшысының баяндамасынан кейін комиссия өкілдері түрлі бағытта сауал жолдады. Мәслихат хатшысы Бекет Төлегенұлы туризм саласының бүгінгі күйін сынап өтті:

– Қазіргі таңда Текелі қаласы туристерді қабылдау арқылы жылына 120 млн, Қапшағай 58 млн теңге қаржы табады. Әйгілі Шарын шатқалымен Ұйғыр ауданы да бұлардан қалыспайды. Ал табиғатына көз тоймайтын, туризмге өте қойлайлы ауданымыз осы көштің соңында келеді. Себебі, бізде жарнама жоқ. Байқасаңыз, республикалық, әлемдік телеарналардан Шарын шатқалын, Қапшағай су қоймасын көрсетіп жатады – деп шатқаяқтап тұрған туризмді дамытуға бар күшімізді салу керектігін айтты. Аталған сала туралы да Алмас Найзабеков атқарылып жатқан шаралар мен кем-кетіктерге тоқталды:

– Ауданымызда «Алтын адам» кешенінің жобасы қазіргі уақытта әзірленуде. Құны 20 млн еуроға жуық жобаның жетекшілері ресейлік компания. Сонымен қатар, қазақ халқы-ның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрып-тарын дәріптейтін этноауыл жасақтау қолға алынуда. Бұл арқылы біз шетелдік қонақтарға өзіміздің мәдениетімізді дәріптеп қана қоймай, экологиялық таза өнімдерімізді көрсетеміз. Осы саланы дамыту барысында кедергілер де жоқ емес. Айталық, инвесторлар ауданымызға келіп, туристік орын ашқысы келеді. Оларға жер беру үшін бізде жер картасы жасалмаған. Ал жеке меншік жер телімдерінің бағасы өте қымбат әрі тиімсіз. Сондықтан, жер қатынастары бөлімімен бірлесе осы мәселені шешіп жатырмыз – дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ, туристік орындардағы инфрақұрылымның жоқтығын да тілге тиек етті. Айтуынша, инфрақұрылым дәретханадан басталады. Ал біздің демалыс орындарында, шыны керек, қажеттілікті өтейтін орындардың өзі талапқа сай емес. Бірінші, осы мәселелердің түйінін тарқатуымыз керек.

Мәслихат депутаттарының алдында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту бойынша есеп берген Көктөбе ауылдық округінің әкімі Болат Жасыбаев округтегі тіршілік нәрінің сапасына тоқталды. Алмалы мен Төле би ауылдарындағы судың сапасы нашар. Тұрғындар Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының суын тазартып ішіп отыр. Алайда, көктем мен күз маусымдарында ауыз судың сапасы тіптен нашарлап кетеді. Тұрғындар судан құрт пен қоқыстардың шығатынын айтып шағымдануда. Ол аз болса, соңғы уақытта Үлкен Алматы каналының басшылығы судың бағасын қымбаттатып жіберген. Онсыз да таза суға жарымай отырған көктөбеліктердің жағдайы қиындай түскен. Сапалы тіршілік нәрінен тарығып отырған Көктөбе ауылдық округінің тағы бір өзекті мәселесі – үш ауысымдағы мектептер. Алмалы мен Төле би ауылдық мектептері тіптен талапқа сай келмейді. Кезіндегі шаруалардың жатақханаларын мектеп ғимаратына жасақтап берген. Одан қалса, сыныптардың төбесі аласа, іші тар оқушыларға емін-еркін білім алуына кедергі келтіреді. Осы мәселелерді тізіп берген округ әкімі жаңа мектептің құрылысына сұраныс жіберіп қойғандығын айтты. Жер телімі де әкімдік тарапынан бөлінген. Бекет Төлегенұлы келесі мәслихат сессиясында Үлкен Алматы каналы басшылығының есебі тыңдалатынын және сол жиында көктөбеліктердің мәселесін көтеретіндігін жеткізді. Ал Көктөбе округінен аудандық мәслихатқа сайланған

Сейітхан Қырқымбаев округте бой көтеретін кез-келген нысандар мен жүргізілетін инфрақұрылымдарды аудандық мәслихаттың депуттарымен ақылдаса отырып жасау керектігін жеткізді. Себебі, кабинеттерінде отыратын бөлім, басқарма басшылары халыққа не керектігін, және сол нысанды қай жерге салса қолайлы болатындығын біле бермейді. Ал депутаттар жұртшылықтың жай-күйінен хабардар.

Сондай-ақ, жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен стратегиялық жоспарлар туралы ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Сәуле Жапсарбаева, денсаулық саласын дамытудың «Денсаулық-2020» және басқа да бағдарламалардың орындалуы жайында аудандық емхананың бас дәрігері Болат Балақойшиев есебін берді. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы», «Қазақстан республикасының жарнама туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңдарының орындалу барысы, «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылуы, сонымен қатар, ономастика бағытындағы жұмыстардың жүргізілуі бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы баяндамасын оқып, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Оған қоса, жарнамадағы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Ал аудандағы құқық бұзушылық пен оны болдырмау мақсатында қандай шаралар атқарылуда? Осы сұрақтарға жауапты ішкі істер басқармасы берді. Осы жылғы аудандық бюджеттің бірінші жартыжылдықтағы орындалуы мен игерілуі жайында сөз кезегін алған қаржы бөлімінің басшысы Бақыт Жексембиев айтып берді. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы комиссия төрағасы Жұман Мықыбаевтың есебі тыңдалды. 9 айдың қорытындысы бойынша жасалған жұмыстар бойынша баяндама оқыған басшыларға түрлі сұрақтар қойылып, тапсырмалар жүктелді және бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берілді. Және отырыс барысында енгізілген ұсыныстар мен ескертулер бойынша мекеме басшыларына төмендегідей тапсырмалар берілді.

 

Аудандық кәсіпкерлік бөлі-мінің басшысы А.Найзабе-ковке:

Ауданның  туристік бағы-тын және осы саладағы басым-дылықты дамыту, бұл орайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тетіктерін жүзеге асыру мақсатында экономикалық тұрғыдан дамымай тұрған ауылдық округтердің негізгі ерекшеліктерін мониторингтен өткізе отырып, тың ұсыныстар енгізсін;

 

Ауылшаруашылығы бөлі-мінің басшысы Ә.Жұмағали-евке:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы мен ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар аясында азаматтарға көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктер туралы ауылдық округтерде ақпараттық жұмыстар жүргізі-ліп, қорытынды есебі тапсырылсын;

Ауылдық жерлердегі мал шаруашылығына арналған жайылымдардың сақталуы мен нысаналы пайдалануына мониторинг жүргізілсін;

Ауылшаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз етуші меке-мелердің тарифтерінің негізсіз өсуі бойынша нақты шаралар қабылдансын;

 

Денсаулық сақтау саласы бойынша Б.Балақойшиевке:

Ауылдық елді мекендердегі мамандардың жетіспеушілігін алдын алу және медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша жұмыстар жүргізсін;

Ауылдық елді мекендерге қызмет көрсететін жедел-жәрдем қызметіне байланысты шаралар қабылданып, халық санының артуына байланысты олардың аумақтық бөліністерін қайта қарастыру мәселесі     бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілсін;

 

Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Б.Жексембиевке:

Аудандық бюджеттің иге-рілуі, нысаналы пайдаланылуы мен тиімді атқарылуына бақылау күшейтілсін;

 

Аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Б.Әшімовке:

Аудандық ішкі істер басқар-масының атқарып отырған жұмысын халыққа кеңінен жет-кізу мақсатында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде тұрақты түрде ақпараттық материалдар жариялау қолға алынсын;

Аудандық ішкі істер басқар-масының қызметкерле-рінің жергілікті атқарушы органдармен тығыз қызмет атқаруы қолға алынсын;

Аудан аумағында жол қозғалысын реттеу мақсатын-да түскен ұсыныстар бойынша Есік қаласы мен өзге де халық көп шоғырланған елді мекендерде рейдтік жұмыстар жүргізу ауқымы кеңейтілсін деген нақты тапсырмалар жүктелді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4926 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет