Бейсенбі, 27 Қазан 2016 11:40

Келінім саған айтамын

Ай тығылып, күн шыққанын тоқтатпаса, тіршілік те жалғаса бермек. Сұрапыл соғыстан жараланып келген әке жүрегі елжіреп туыстарын іздейді. Әттең, таба алса... амал жоқ, үкілі үміті үзіліп, ет жақындарына деген шексіз сағынышын соғыс өрті басады. Қарағанды топырағында асыр салған сол бір бала кез бұлдырап сағымға айналды. Ақылды Іңкәр ана болса жолдасының тон қалтасынан табылған бір жапырақ суретті алып, құлыпты сандықтың түбіне жасырады. Балаларыма өз елін көрсетіп, атасының мәңгілік сапарға аттанған жері Қарағанды топырағына бір аунатып, балалық шағымның бел жоталарына бурадай мінгізіп келсем деген әкенің арманы еріксіз қара жер қойнына кіреді.

 

Керуен көшеді, ұрпақ өседі. «Ақылды ұл білім іздер, ақылсыз ұл шылым іздер» демей ме. Сол кездегі шынашақтай ұл ат жалын тартып мініп, білім қуып оңтүстік астана, арман қала Алматыға аттанады.

Рас, заманның ағымымен қоғамның қарымының үз-діксіз жалғасып, ескіні жаңаның, алдыңғыны соңғының алмастырып отыратыны заңдылық. Бірақ Жаратқанның жазмышымен дүние есігін ашқан біреуге ұлтының мүддесі үшін моншақтатып тер төгуге тура келеді. Сондықтан қазақ: «Жазмыштан озмыш жоқ» деп тоқетерін бір-ақ айтқан.

Әсем шаһар қойнауына қоныстанған сол бір бала арман күннен-күнге өсіп, тынысы ашылған тұлпардай Төкең мақсаттарына межелеп жете бас-тайды. Оқуды үздік тәмамдап, былғары креслоның қожайыны атанады. Қызметі – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры. Қысқасы, жарқын болашақтың іргетасын біліммен қалау. Жауапты қызметте жүрген баласын Іңкәр ана шақырып алып, егіліп отырып өткенінен өрнек салады. Есейген ер жігітке туған-туыстары жайлы біраз әңгіме айтуды жөн көреді:

– Сонау бұлыңғыр замандарды білесің. Кеңес кімге кесірін тигізбеді дейсің? «Ұлтым» деп ұрандаған ел қалаулыларын жер қойнына апарып тынды. Балам, бұл соғыс біздің ғана әулеттің емес, ұлағатты халқымыздың қабырғасын қайыстырды. Тілімізді мешеулетіп, дінімізді тұншықтырды. Ол былай тұрсын, қазақ пен қазақты айырып, болашағын бұлыңғырлады. Сонау қиын-қыстау кезеңде әкең туған жерін сендерге көрсетіп, аталарың жатқан маңайда Құран оқуды арман еткен еді. Көзімізден кетсе де, көңілімізден сөнбеген сол бір еңселі әкеңнің арманын орындау енді сенің міндетің. Елдегі туыстарыңды естігенім болмаса, көзбен көрген емеспін. Менің саған тигізген пайдам болсын, мынау бір жапырақ суреттегі кісі әкеңнің туысы. Соны тауып алуға тырыс» – деп сонау сандық түбінде бірнеше жыл сақтаған кішкентай суретті ұсынады. Жансыз бейнеге телмірген жігіт біраз үнсіз отырып, келіскен рай танытып, есікке қарай беттей береді...

Төкеңнің жоғарғы оқу орнын-дағы кезекті дәріс оқу сәті еді. Жан-жаққа көз жүгірте бермей, бір бағытқа бағдар қойып сабағын бастайтын әдеті бар-тын. Аудиторияға кірген 120 студенттің ішінен өзіне жақын көрінген, түсінеді-ау деген бір бозбаланы таңдап алды. Жас жігіт те оқытушының өзіне зер салғанын байқап, дәрісті бас шұлғи беріле тыңдап отыр. Дәріс аяқталып, студенттер орындарынан тұрып, шығуға беттеген болатын. Төкең күтіп тұрған әлгі жігітті жанына шақырып алды.

– Ассалаумағалейкум, –деді сұраулы пішінмен студент ұстазының жанына таяп.

– Сен өзі қай жақтың бала-сысың?

– Мен Қарағанды өңірінен боламын. Ақадыр ауданынан.

– Онда сен мүмкін Бимақ атаны танитын шығарсың? – дейді кенеттен. Төкең аузына бұл сұрақтың қайдан түскенін де аңғармай.

– Иә, танимын. Атам екеуінің әңгіме-дүкен құрып отырғандарын қызықтап, мен де жиі қастарында отыратынмын. Керек десеңіз мен олардың нақты мекен-жайларын біліп берейін, – деп балаң жігіт орнында қозғалақтай берді.

Хабарсыз кеткен бауырлары-ның жалғыз тұяғы өздерін іздеп жатыр екен. Әкесінің туған жерін көргісі келетінінен хабардар болған Бимақ ата Алматыға ат терлетіп өзі жетеді. Бимақ ақсақал Іңкәр ананың ақылдылығына ризашылығын білдіргісі келіп, тіптен мойнына отырғызып алып жүруден де тайынбады. «Балаларға бізді ұмыттырмай, табысуға себепкер болғаныңа мың алғыс» деп шын көңілімен алғысын жаудырды. Танысып-табысып, көз көріскен туыстар бір-бірімен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуді мақсат етеді. Баласын қасына отырғызған ана: – Ат тұяғын тай басар балам. Туыстарыңды тапқаныңа ризамын. Әкең де бір аунап түскен шығар, әттең өзі бұл қуанышқа куә бола алмады, – деп көз жасын бір сығымдап алды. Жұбайынан ерте айырылып, жесір қалғаны есіне түсіп, жүрегіндегі жазылмас  жараның беті қайта ашылғандай қансырап қалды.

«Жақсы болсаң жердей бол – шыдап бәрін көтерген. Таза болсаң судай бол – жуып бәрін кетірген» деген қайсарлығының арқасында қиыншылықтың құр-ған талай тұзағына сан мәрте түссе де бәріне төзді абзал ана. «Не де болса, ата-ене топырағына барып келіндік парызымды бір өтеуім керек» деген көңіл түбіндегі ойды көкірегіне түйді.

Бір жыл уақыттың қалай өтіп кеткені байқалмай да қалды. Бір күні көзінің қарашығы – ұлы қоңырау шалып: «Апатай, осы аптаның жұмасына Қарағандыға билет алып қойдым. Жаңыл әпке екеуің дайындалыңдар», – деп хабарлады. Енді Іңкәр ананың көңілі көкке шауып, аяқ астынан естіген жаңалығы жасы келген адамға ерекше әсер етті.

Ұзақ жол... Алыстан мұнарла-ған мұнар белдер менмұндалап қол бұлғайды. Бұлтсыз ашық аспан «Сапарың сәтті болсын, жолаушы» деп шалғай жолдың қиындығын жасырып тұрғандай. «Қарағанды қайдасың?» деп тоқтаусыз зуылдап бара жатқан жүрдек пойыз. Ақ арман болған Ақадыр...

Қашанда қонақжай қазақ сол бір қарапайым қалпынан танып көрмеген шығар. Іңкәр ананың келуі де шағын ауылдың шуағын асырғандай болды. Сол кездері жасы 70-75-ті еңсерген ақ жаулықты ана көліктен түскенде жиналғандардың барлығы құрақ ұшып, қолтығынан демеп, төрге қарай сүйреген еді. Жаңыл әпке де бауырларымен көрісіп, баршасын барлай қарап, жүзі ұқсас адамдарсдың шынымен туыстары екеніне тағы бір мәрте қаныққандай қалыпқа енді. Әншейінде, тұңғыш қызы Жаңылмен тең құрбысындай араласып, қалжыңдасатын Іңкәр ана бұл жолы мүлдем басқа басқа кейіпке енгендей көрінді қызының көзіне. Құрметтеп, төрден ұсынған орынға өзі жайғаспай, «Сен осы ауылдың, осы әулеттің қызысың, төрге шық» – деп қызына төрін ұсынып, өзі асүй жаққа бет алды.

Қолын суға бір малып, шай кеселерін шайқап қойып жатқан кейуананың қылығына аңтарылып тұрып қалғандар не істерлерін білмей, бір-біріне қарасты да қалды. «Мұныңыз не, апа, кесемізді өзімізге беріңіз» - деп алып ұшқан келіндер кемсеңдеген анаға сүлгілерін ұсынып, қонақ бөлмеге қарай сүйреледі. Бір сәт тыныштықтан кейін Іңкәр ана:

– Айналайындар, мен сендерге бір әңгіме айтып берейін. Ертедегі Қабылиса жыраудың қызы Қоянкөз бен қалмақ қызы Жырғалының кемеңгерлік кейпі келіп отыр ойыма. Тарихта ақындығымен Қабылиса атанған бабамыздың жалғыз қызы Айманкөзге (Қоянкөз) шапырашты Байтемір құда түседі. Салттан аттамай, ырымын жасағаннан кейін Байтемір қалмақтармен соғысқа аттанады. Қырғын қызған сәтте қалмақтың бір қызы жасырын келіп, Байтемір батырмен жүздеседі. Сол қалмақ қызы арқылы жау жасағын, жайғасқан жерін біліп алған Байтемір шабуылға шығып, жауды өкшелей қуады. Қалмақ қызы болса, еліне оралмай, Байтемір жасағында қала береді. Есімі Жырғалы еді. Өжет қызбен Байтемір көңіл жарастырады. Ұзынқұлақтан естіген бұл жаңалыққа Қабылиса жырау намыстанып, қолға найза алып, атқа қонбақ болады. Оны естіген Айнамкөз:

– Әке, мен үшін қан төкпе. Қазақтың қазақты шапқаны жараспас. Ол менің қайын жұртым. Барар жерім, - деп әкесін ашулы қадамнан қорғап қалады.

Қалмақты қуып, жеңіспен оралған шапыраштылар құдалы-ғымызды жарастырамыз деген ниетті хабарын жібереді Қабылиса жырауға. Соңынан артынып-тартынып, жөн-жоралғы-сын жасайды. Ал қалмақ жерінен жар болып қайтқан Жырғалы болса, күндестікке жол  бермей: «Отау үйдің келіні, Байтемірдің алғашқы некелі бәйбішесі сенсің. Сенің жолың үлкен» деп Қоянкөз-дің алдынан шығып, шашу шашып, ақ босағасын аттатады. Содан екеуі бірі бәйбіше, бірі тоқал болып тату-тәтті өмір сүреді. Бірнеше ұрпақ тәрбиелейді. Міне, білген адамға шешенің өмірі қыз бен келінге, әкенің өмірі ұлға үлгі. Біле білсеңдер, мен де осы әулеттің келінімін. Саналы ана артына жаман өнеге қалдырмайды. Ата-бабамыз келіннің үш күйеуі болады деп айтқан. Алғашқы күйеуі – алтын елі, екінші күйеуі – ар-намысы, соңғы күйеуі – алған жары. Алған жарымның әулеті алдында келін боп түскен еліме істеген қызметімді міндет етпеймін. Бұл менің көптен аңсаған арманым әрі келіндік парызым, – деп даналықтан асқан – байлық, тәр-биеден асқан – мұра, кеңестен асқан – қорған жоқ екенін үлгісі-мен дәлелдеді.

Құрметті қонақ қай жерде болса да қадірін жоғалтпайды, шіркін. Іңкәр ана қайын жұртында ата-енесіне, жолдасына құран бағыштатып, бірнеше күн ішінде әулеттің туған анасындай болып кетті. Барша ауылдың қыз-қырқын, келін-кепшіктері дуалы ауыз ананың даналық ойларына, өмірлік тәжірибесі мен тұщымды әңгімелеріне әбден қанықты.

Ақ дастархан басында абзал ақыл иесі болашақты терең ойлады. Өмір көзі өзгереді, оны тірі көз көреді... Қазақтың ырым-дәстүрлерін берік ұстанған ақыл иесінің ендігі арманы – жеті атаға толған туыстар тамырын бір арнада тоғыстыру яғни, сүйек жаңғырту. Осы мақсатта өзінің қос немересі Мақтагүл мен Бауыржанның танысып, табысуына жол ашады. Сол сәттегі адамдардың даналығы шығар, қария ананың көздегенін түсінген қыздың әкесі Сағат пен анасы Бағила да қарсы болмай, мақсаттарына жетеді. Қос көзінің қарашығындай немерелері бір-бірін ұнатып, өмірлік сапарға бірге аттанады. Қазіргі таңда екеуі жұбы жазылмаған үлгілі отбасы, екі баланың ата-анасы.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 2677 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Келінім саған айтамын Келінім саған айтамын »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет