Бейсенбі, 06 Қыркүйек 2018 11:26

Қару қасіреті Қайталанбасын

Ядролық қару – адамзаттың қас жауы. Десе де, қоршаған орта мен адам баласына орны толмас қасірет әкелген қаруды сынау жұмыстары өткен ғасырда Семей жерінде жүргізілді. 40 жыл бойы сынақ алаңына айналған Семей полигонына 1991 жылы 28 тамызда нүкте қойылды. Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де сынақтың зардабынан әлі күнге айырыла қойған жоқпыз. Бұл азапты күндер әлі күнге ел есінде. Осыған орай, жақында Шелек тарихи-өлкетану музейінде іс-шара өтті.

Жиынға Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушылар мен олардың жесірлері, Ауған соғысының ардагерлері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Шараны музей директоры Ердос Дәркенбаев жүргізді. Алғашқы болып сөз алған музейдің қор сақтаушысы Әбілбек Айтақынов орны толмас қасірет алып келген апаттар жөнінде әңгіме қозғады:

– Баршамызға мәлім, Чернобыль атом электр станциясында болған апаттың зардабын жоюға қатысқан азаматтардың ағзалары уланып, мүгедек болып қалды. Сын сағатта ерлік көрсеткен қаншама адамдардан айырылып қалдық. Ал Семей полигонында болған сынақтардың да зардабы Чернобыльден кем емес. Сынақтардың салдарынан мыңдаған бейкүнә сәбилеріміз мүгедек болып туылды. Даламыз жарамсыз күйге түсті. Сол қауіп-қатердің ортасында жүріп, басын қатерге тіккен сіздердің ерліктеріңіз – ұрпаққа үлгі – дей келе жиылған көпшілікке алғысын білдірді. Кейіннен сөз алған Манарбек Балпықов сол уақытта Семей жерінде әскери борышын өтеп жүрген:

– Біз түнде Курчатовқа барып, карантиннен өттік. Алты ай оқығаннан кейін 54014 әскери бөліміне әкеліп тастады. Сол жердегі күндіз-түні тоқтамай-тын бетон зауытында жұмыс істедік. Бірақ, сол бетонның қайда кететіндігінен бейхабар едік. Жарылыс болатынын да білмейтінбіз. «Казармадан шығыңдар!» деген пәрмен келгенде біз ғимараттың сыртында тұрамыз. Осылайша, үш, алты айда бір рет «жер сілкінісі» болып тұратын. Ешқандай қауіпсіз-дік киімдерін кигізбейтін, әскери формамен жүрдік – деп еске алды әскерде жүрген кезін Манарбек Балпықов. Айтуынша, өздерінің сынақ алаңында борышын өтегенін кейін ғана білген.

Чернобыль апатына қатыс-қан және Ауған соғысының ардагерлерінің ұйымына жетек-шілік етіп жүрген Ержан Омаров осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқтал-ды.

Кейіннен, келген қонақтар музейді аралап, биохимиялық қарудан, радиациядан қорғайтын жалпыәскери қорғаныс костюмін (ОЗК) көрді. Дененің барлық жерін жауып, аман қалуға мүмкіндік беретін мұндай костюм ең алғаш 1984 жылы шығарылған. Осыны айтқан музей директоры қонақтарды жаңа экспонаттармен таныстырды. Шара соңы Шелек модельді кітапханасында жалғасты.                

С.НҰРАДИН.

Оқылды 2430 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет