Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын бұл күнде облыстың барлық аудандары мен қалаларында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 13-наурыз күні Іле, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары көштің басын бастап берсе, Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек, Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14-наурыз күні сән-салтанатымен көріктендірді. Бұл күні жұртшылық бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Облыстың орталық алаңдары мен мәдениет үйлерінде ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, театрландырылған көріністер және көрмелер ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.…