Интернет – алысты жақындатып, жұмысымызды жеңілдетіп, көптеген жетістіктерге жеткізетін құрал. Дей тұрғанмен, оның да пайдаланушыларға тигізетін кесірі бар. Әсіресе, алаяқтар үшін қарап жатып, пайда табатын құралына айналды. Олар интернеттен жеке деректерді ұрлау, адамдарды алдап, қаржылық шығын келтіруде алуан түрлі құйтырқылыққа баруда. Алаяқтар – заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы киберқылмыстар жасаудың шебері. Интернеттегі алаяқтықтың мақсаты – заңсыз жолмен басқа адамдардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Олар материалдық шығыннан бөлек, моральдық шығынға да ұшыратады. Сондықтан да құқық қорғау орғандарында интернет алаяқтарынан сақтандыру бағытында…