Бала тәрбиесінде кітаптың атқарар рөлі зор. Себебі, баланың алғашқы оқыған кітабы, танысқан кейіпкері оның болашақ көзқарасы мен мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді. Бұл тұста балалар әдебиеті – жас ұрпақтың қиялын ұштап, дүниетанымын кеңейтетін, ізгілік пен адамгершілікке баулитын рухани қазына. Осы орайда, балалар әлемін терең түсініп, өз шығармалары арқылы бала бойына мейірім, адалдық, еңбекқорлық пен отансүйгіштік сияқты қасиеттерді дәріптеп қалам тербеген – қазақ әдебиеті мен баспасөзінің дамуына сүбелі үлес қосқан қаламгер, баспагер, аудармашы, мәдениет жанашыры, көптеген әдеби жинақтардың авторы, Қазақстан Жазушылар одағының…