Жұма, 19 Ақпан 2021 11:44

Дамудың даңғыл жолында

Алатаудың баурайындағы жасыл баққа оранған, жәннат мекен – Көктөбе. Аумағына Көктөбе, Қызылжар, Алмалы, Төле би ауылдарды кіретін окургте отыздан аса этнос өкілдері тату-тәтті күн кешіп, 15 мыңнан астам тұрғын өмір сүруде. Біз тілшілік сапарымызда Алтаудың іргесіндегі мекенде сан саланың түрленіп, аталған өңірдің алғы күндерге аршынды қадам басып келе жатқанына куә болып қайттық.

Жол жаңарып, көшелер көркеюде

Әлемдегі ең маңызды даму  көрсеткіштерінің бірі – инфрақұрылым. Өйткені аталған сала экономиканың қарқынды өсуіне серпін беретін  негізгі күш саналады. Жақынғы жылдардан бері еліміздегі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы көптеген елді мекендерді сапалы жолмен, жарықпен, ауызсумен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік беруде. Ауылдық округтің тыныс-тіршілігін таныстырмаққа сөз алған округ басшысы Жақсылық Жылқыбеков ең алдымен аталған бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл ретте: «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға бюджеттен 11 млн теңге бөлініп, аталған қаржыға «КВП» ЖШС-і Қызылжар ауылынан өтетін Алматы-Талғар-Бәйдібек би тас жолының бойын жарықтандырды. Былтырғы жылдың салық жоспарынан артық жиналған 6 млн теңгеден астам қаржыға Қызылжар ауылының төменгі жағында орналасқан Бокин көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1988 шаршы метр асфальт, 2588 шаршы метр тас төселді. Ал осы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бөлінген 10 млн теңге Алмалы ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуге жұмсалмақ. Сонымен бірге 2020 жылдың салық жоспарынан артық жиналған 37 млн теңгеге Қызылжар ауылының Есенбай, Жамбыл және Көктөбе ауылының Жанбакиев көшесіне  жөндеу жүргізіледі. Көп жылдан бері жұртшылық аңсаған сапалы ауызсу мәселесі де алда оң шешім таппақ. Өйткені ауданымызда іске асып жатқан ірі жоба – Есік топтық су құбырына Көктөбе, Қызылжар ауылдары кіреді», – дейді Жақсылық Жылқыбеков.

 

Жомарт жандар көмегі

Округ әкімдігінің мәліметінше, өткен жылғы қиын-қыстау кезеңде аз қамтылған отбасылар назардан тыс қалмапты. 88 отбасына (468 адам) 46 млн 316 986 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіліпті. Көктөбеде көпке көмек қолын созған жомарт жандар да жоқ емес. Ораза және құрбан айт мерекелерінде жеке кәсіпкер Тавабир Чикаев, Тілек Әлімжанов, Бағдат Майкеев және мешіт жамағаттары тұрмысы төмен отбасылар мен зейнеткерлерге 250 қап ұн және 70 отбасына азық-түлік пен ет таратқан.

  

Жұмыспен қамтуға мүмкіндіктер жасалуда

Тұрақты жұмыспен қамту – ауылдық жерлердегі өзекті мәселелердің бірі. Пандемия жағдайындағы киындықтарға қарамастан көктөбеліктерге екі қолға бір күрек табуға оңтайлы жағдай жасалған. Әкімдік мәліметінше, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 15 млн 400 мың теңгеге Көктөбе ауылындағы Қонаев көшесі және 11 млн 450 мың теңгеге Қызылжар ауылының Құрманғали көшесі ағымдағы жөндеуден өткізілген. Аталған жұмыстарға 30-ға жуық адам жұмысқа тартылған. Сонымен қатар «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 78 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 2 жас маман «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмысқа орналасқан. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3 азамат қысқа мерзімді курсқа қатысқан. Сондай-ақ  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 1 азаматқа шаруашылығын дамытуға 3 млн 700 мың теңге несие берілген.

 

Негізгі саладағы тың серпін

Бүгінде ауылшаруашылығы – округ экономикасының негізгі тірегі. Алатау бөктерінің құнарлы топырағы түрлі ауылшарушылығы өнімдерінің  жайқала өсуіне мол мүмкіндік береді. Бүгінде бақтары жеміске, төскейі төрт түлікке толған құт мекенде 538 шаруа қожалығы өңірдің әлеуметтік әлеуетінің артуына өзіндік үлес қосып келеді. Солардың бірі  – «Алимжанов Т.С»  шаруа қожалығы. Осыдан 20 жыл бұрын іргетасы қаланған қожалықта бүгінде 800 бас ірі қара бар. Сүт өндіруді негізгі бағыт еткен шаруашылық әлемдік озық тәжіриебелерді негіз етіп, жаңа технологияларды қолдануда. Бізге өз жұмысының жай-жапсарын танстырған Тілек Әлімжанов сиыр тұқымын асылдандыру үшін америкалық компаниямен ұзақ жылдық келісімшарт жасап, бүгінде олармен селбесіп жұмыс істеп жатқанын айтты.

– Қазір шаруа қожалғын өркендету үшін мол өнімділік пен жаңа технологияға басымдық беріп келеміз. Сол себепті жас мамандарды жетілдіруге күш салып отырмыз. Қазіргі таңда өзіміздің жем-шөп және техникалық базамыз қалыптасты. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Францияның «Danone» компаниясымен жасасқан келісімшарт бойынша күніне 4,6 тонна сиыр сүтін өткіземіз. Бүгінгі деңгейге жету үшін түрлі қиындықтарды еңсердік. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін тек мемлекетке иек арту жеткіліксіз. Кәсіпкер бәскеге қабілетті болуы қажет», – дейді шаруа қожалығының иесі.

Округ әкімдігінің мәліметінше, өңір ауыл шаруашылғын дамыту мақсатында өткен жылы ауқымды инвестициялар тартылған. Айталық, «Алма-Есік» ЖШС-і  30 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен интенсивті бақ салуға  150 млн теңге жұмсаған. «Утениязов» шаруа қожалығы 10 гектар алқапқа интенсивті алма бағын отырғызған. Аталған жобаға 120 млн теңге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қоса биыл 82 гектарға интенсивті бақ отырғызу жоспарланып, оған 410 млн теңге инвестиция тартылмақ.

 

Ырысты мекеннің берекесі бекем

Бүгінде Көктөбе ауылдық округіне көп этнос ірге тепкенімен, мұндағы тұрғындардың берекесі бекем. Өйткені округ аумағында тұрақтылықтың тұғырын мызғымас етуге  тиянақты істер тындырылуда.

– Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу туралы ауыл имамдары мен ақсақалдар алқасының мүшелері өз тарапынан тұрғындар арасында үнемі ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде қоғамда орын алып жүрген жат пиғылдағы діни ағымдар округімізде жоқ. Бұл мәселені тиісті органдармен бірлесіп, қатаң бақылаудамыз. Округте қандай да бір келелі мәселелерді шешуге көмектесетін ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңесі, жастар жеңесі, қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды, –  дейді округ басшысы Жақсылық Тілешұлы.

 

 

Жаңа амбулатория бой көтерді

Әлемдегі әр елдің  денасаулық сақтау саласын сынға салған пандемия медицина мамандарының қоғамға қаншалықты қажет екендігін терең ұғындырды. Бүгінде округтің денсаулық сақтау саласы жас мамандармен, жаңа емдеу құрылғылармен толығуда. 2020 жылдың желтоқсан айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Көктөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Қазір  округтегі  4 дәрігерлік емханада 59 медицина саласының маманы халыққа қалтқысыз қызмет етуде.

 

Шағын және орта бизнес өркендеуде

Бүгінде шағын және орта бизнес жұмыспен қамтуға жол ашатын, бюджет кірісін молайтуға мүмкіндік беретін сала ретінде қаралады. Соңғы жылдары Көктөбе округінде шағын және орта бизнестің тамырына қан жүгіріп келеді. Алда бұл сала тіптен қарқын алады деп күтілуде.

– Округімізде шағын кәсіпкерлік бойынша: 44 сауда дүкені, 6 тойхана, 1 қонақ үй, 3 автокөлік жуу, 3 техникалық қызмет көрсету орны, 3 сплитерлік кірпіш жасайтын цех, 1 жанармай бекеті мен жиһаз жасайтын 6 цех тұрғындарға қызмет көрсетуде. Өткен жылы округіміздің салық түсімі 68 млн 57 мың теңгеге жетті. Аталған салық түсімінің айтарлықтай бөлігін шағын және орта бизнес  құрады, – дейді округ әкімінің орынбасары Берік Саменов.

 

Жаңа мектептер салынады

Бүгінде округ аумағында Көктөбе орта мектебі, И.Шорманов атындағы, Төле би атындағы, О.Жандосов атындағы орта мектептер балаларды білім нәрімен сусындатуда. Төрт оқу ордасында жалпы 2815 оқушы білім алуда. Қазір  аталған мектептерде білім сапасына баса мән берілген. Сондықтан округтегі мектептерде оқығандар ҰБТ мен өзге де пәндік олимпиадаларда сан мәрте топ жарды. Айталық, 2017-2018 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл 88,3-ті құраса, 2019-2020 оқу жылында бұл көрсеткіш  89,7-ге жеткен.

Округте жаңа мектеп салу күн тәртібінен түскен емес. Былтыр Қызылжар ауылындағы 1969 жылы қолданысқа берілген О.Жандосов атындағы орта мектепттің шатыры 62 млн теңгеге ауыстырылыпты. Төле би ауылына жаңа мектеп ғимаратының құрылысы биыл басталады деп күтілуде. Сонымен қоса, Алмалы ауылына 600 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаражатқа сұраныс беріліп, қанағаттандырылыпты.

Өткен жылы округтегі мектеп жасына дейінгі балаларды біліммен қамту көрсеткіші 74 пайызға жеткен. Қазір өңір аумағындағы «Айгөлек», «Бөбек», «Алмалы», «Сезім» балабақшалары балдырғандардың базарлы өміріне шуақ шашып келеді.

Округ аумағындағы мектептер білім сапасын көтерумен бірге, ұлт руханиятының кемелденуіне келелі қызмет атқарып келеді. Бұл ретте Көктөбе орта мектебінің директоры Айжан Талқамбаева: «Мектебізде қашанда ұлт руханиятының шамшырағын жағатын шаралар жиі ұйымдастырылады. Өткен жылы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  «Мәңгілік елдің – мәңгілік ұрпақтар сабақтастығының бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты республикалық конференция ұйымдастырдық. Сонымен бірге «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі өтті. Мектебімізде ұлт құндылығын ұлық-тайтын «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы бар. Аталған қауымдастық өткен жылы  «Қазақтың 100 әні», «Дара тұлға», «Қазақтың 100 кітабы» сияқты игі жобалардың тұсауын кесті», – дейді.

 

ТҮЙІН

Дамудың даңғыл жолындығы  округтің  шаруашылығы шалқи түсуде. Тірлігі тынысты, топырағы  ырысты  өңірдің  «бір кем дүниесі» – мәдениет үйі. Қазіргі таңда округ аумағындағы төрт елді мекенде мәдениет ошағы жоқ. Жақсылық Тілешұлының айтуынша, мәдениет үйін салу туралы  аудан әкімдігіне өтініш берілген.

Окург жұртышылығы  да жақын жылдары  өз мекендерінде мәдениет үйі салынады деп үміттенеді.

Біз де жақсылыққа жаны құмар жандарға жарқын өмір тіледік.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 7177 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қалта сағаты мұражайға табысталды Сара жол »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет