Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 14:25

Сара жол

Алматы облысы ауыл шаруашылығының дамуына үлкен әсер еткен Бартоғай су қоймасы мен Үлкен Алматы каналының құрылысына қатысқан 2,5 мың адам мен 42 ұжым жұмысшыларына тұрмыстық жағдай жасауда аудандық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінде ауданның қызмет көрсету мекемелері қызметін үйлестіру, қоғамдық тәртіп және идеологиялық жұмыс маған жүктелген еді. Қазтелевизия тілшісі А.Кораблин екеуіміз ҮАК құрылысы аяқталуына орай деректі фильм түсіргенбіз. 10 минуттық 18 мм пленкаға түсірілген фильмнің 3 данасының  біреуі облыстық партия комитеті үгіт-насихат бөліміне, екеуі Шелек аудандық партия комитетіне өткізілген еді. Фильмнің авторы ретінде Алматы облыстық партия комитетінің Мақтау грамотасын алған едім. 27 жылдан кейін фильмнің көшірмесін жасап алу мақсатында оны қайдан табуға болатынын білейін деп, аудандық партия комитеті идеология саласы хатшысы  болған Орынбетова Алмагүл Әбиірқызына жолықтым. Ол кісі – «Көкше» атты базар жетекшісі. Партиялық қызметте ашық сөйлесуге мүмкіндік қайдан болсын. «Тау» кафесінде шай үстінде Алмагүл Әбиірқызының өзінен өмір жолын, көп жылдар мен үшін жұмбақ «патша сарайындағы таққа таластың бетпердесі» жайын естудің сәті түсті.

Мына жарық дүниеге  келген  әр тірі  жан – өз заманының  өнімі. Шыншыл, әділ, таза адамға қайда болса да орын бар, ол – қоғамның қаймағы. Бұл қасиет – Алланың берген сыйы, оны арзан қолды адамнан күтуге болмайды. Қоғамдық ортада көзге  ілініп, қызмет бабында  көтерілу талаптану мен қажырлы еңбектің арқасында  адам басына  бақтың қонатынының айғағы – наурыздың екісі 80 жасқа толатын  Алмагүл Әбиірқызының  өмірі.

Қатардағы мектеп мұғалімінен аудан-дық партия комитетінің идеология саласы хатшысына дейін көтеріліп, басшылық жасаған Алмагүл Әбиірқызы өмір жолы,  қызметі,  өмірде өз  орнын  табудағы  талаптанып ізденуі, сеніп тапсырған  қызметіне адалдығы, жауапкершілікті  түсінуі, мемлекеттік  қызмет  пен отбасы жүктерін қатар алып жүруі оқырман назарына арналады.

Адам баласы өмірде білімімен, өнерімен ерекшеленеді, адамгершілігімен, еңбегімен бағаланады. Сондықтан да Алмагүл Әбиірқызы «Өмір – өзен» деген кітабында еңбегімен ел құрметіне бөленген Шелек өңірінің қыздарын, соғыс жылдары  Асысаға колхозын басқарған, 50 мың сом  өз қаражатын майданға жіберген  Қ.Бектемісова, дәрігерлер, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген, «Құрмет белгісі» ордені иегері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаты Р.Данилевская, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» орденді Қ.Әбдікәрімова, Ж.Раимжанова, Социалистік Еңбек Ерлері, темекіші А.Бертаева, қойшы Ә.Бибаева, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаты, Ленин ордені иелері О.Ысқақова, Ә.Тәжібаева, З.Өзбекова, С.Тасыбекова, ҚР мәдениет қайраткері А.Белянская,  КСРО үлгілі кітапханашысы К.Ибраева, ҚР халық артистері, «Құрмет белгісі» ордені иелері М.Рақымжанова, Г.Разиева, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаты, «Құрмет белгісі» орденінің иесі М.Семятова, «Құрмет белгісі» орденді, «Қазақ ССР еңбегі сіңген қызметкер» К.Сүтбекова, Ұлы Отан соғысы ардагері, ҚР тұтынушылар Одағы қайраткері М.Ахметова, А.Сұлтанбаева, құрылысшы «Ленин» ордені иесі Н.Рооде, ұстаздар «Халықтар достығы» орденді Жолдыбаева, «Еңбек Қызыл Ту ордені» иесі Ж.Үмбеталиева, «Құрмет белгісі» ордені иелері А.Ус, және В.Шихотова, «Құрмет белгісі» орденді сауыншылар А.Көпшілбаева, Ф.Шакиржанова, Н.Құлжабаева, К.Жидебаева, жұмысшы «Құрмет белгісі» ордені иелері С.Аксамбаева, Г.Шимиева, «Еңбек даңқы» орденді М.Искандерова, Ленин ордені иегері, «Батыр Ана» темекіші Т.Хамраева, «Батыр Ана», «Октябрь революциясы» орденді Т.Илиясова, «Батыр Аналар» М.Байсадықова, Д.Әбдіқалықова сынды аяулы адамдарды, тәлімді тәрбиемен өркен жаяр өмірлік іс – жастарға әйелдер слеті, көгілдір от, Батыр аналарды, еңбек озаттарын құрметтеу, кездесулерде өнегелі өмір, ғибратты жолмен үлгі болған апалардың  өмір жолын іс-шараларда мысалға келтіріп отырғанын жазады.

Әр ұрпақтың өз жүгі бар. Бүгінде ол – еңбек ардагері. Ауылдағы қоғамдық жұмыстардың ортасында жүретін белсен-ді апа. Адамдармен жұмыс істеуді біледі. Көпшіліктің қалауын таниды. Өз тәжірибесін бөлісуге әркез даяр. Округтік әкім-шілік те, ардагерлер кеңесі де Алмагүл Әбиірқызының ақыл-кеңестеріне құлақ асып жатады. 

Алмагүл Әбиірқызы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында қарапайым шаруа Әбиір Орынбетовтың шаңырағында дүниеге келген. Отбасы – кез келген халықтың тамыры, қоғамның ұйытқысы ғой. Ата-анасы перзенттерінің бойына еңбексүйгіштік, адалдық, кішіпейілділік сияқты құндылықтарды  дарытуға ұмтылды. Әкесі Әбиірдің: «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін. Өзге құрметтесін десең, өзіңнің қадіріңе өзің жет. Өзін  қадірлей білген адам өзгеге де құрметпен қарайды. Құрметтің  кілті адамгершілікте. Бағың да, бақытың да елмен бірге болсын!» – дейтіні әлі күнге құлағында.

Ұстараның өткір болмағы – қайрағынан. Әкесі Әбиір, анасы Жекбала  ақылдың  азбайтынын, білімнің тозбайтынын, өнер қуып, ғылым жолына түскеннің қол жетпесі жоқтығын  қызы Алмагүлге  ұғындырды. 

Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келген Алмагүл Әбиірқызын өмір тез есейтті.Алдына мақсат қойды, арманы алға жетеледі. Орта мектепті үздік аяқтап, Абай атындағы Қазақ педагогикалық  институты физика-математика факультетіне  оқуға түседі.

Институтты бітірген бойда еңбек жолын  тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасына сәйкес жолдамамен Көкшетау облысында  бастады. Мектепке орналасты. Өмірлік жары Қабдешпен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. Перзентті  болды. Денсаулық жағдайына байланысты 2 жылдан соң отбасымен туған өлкеге оралады. Мектепте мұғалім болды. Лениннің 100 жылдығына  ГОЭЛРО жоспарына  кабинет жасап,мектепте іс-шара өткізді. Қазақстан кеңшарында облыс, аудан басшылары қатысқан үлкен жиналыста мектептің жағдайын айтып, сөйлейді. Сол жылы 100 жылдық мерей-тойлық медальмен марапатталады. Өткірлігі, көпшілікпен  жұмыс істей білетін қабілетін көрсете білу арқасында мектеп директорлығына, Шелек  аудандық атқару комитетіне жауапты хатшы, одан соң атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Алмагүл Әбиірқызы бұл қызметте халықтың әл-ауқатын жақсарту арқылы ғана  емес, сонымен бірге адамдардың санасына  кісілік,  ізгілік  рухын  егу арқылы да әсер етуге ұмтылды. Қазақ «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп өмір кешеді. Талай қиын сәттерді бас-тан өткерді. Ата-анадан дарыған адалдық пен іскерлік, ақыл мен парасат бәріне де серік болды.

Алға қойған мақсатына жетіп, биік белестерден көрініп, өмірі өнеге тұтарлық жандардың біріне айналды. Аудандық атқару комитетінде бірнеше жыл қызмет атқарып, тәжірибе жинаған Алмагүл Орынбетова Шелек аудандық партия комитеті идеология саласына жауап беретін хатшысы етіп сайланды.

Идеология қарапайым халық пен басшыға бірдей ортақ міндет жүктеді. Адамдарды саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдыру, әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыруды жүзеге асыру арқылы түпкілікті мақсатқа жету көзделеді. Білім, денсаулық, мәдениет салаларына жетек-шілік ете жүріп өзі де өсті. Халыққа жақын болуға тырысты.

Ол заманда ертеңгі күнге деген алға жетелейтін сенім болғандықтан халық бәріне төзіммен қарады, жұмыла еңбек етті. Еңбегіне қарай табыс тапты.«Ердің асылы – күшінен, әйелдің асылы – ісінен» деп бекер айтылмаса керек. «Бүгінде  еңбегінің қорытындысы не?» – деген сұрақ көп қойылады.

1978 жылғы тарихи  маңызды оқиғаның бірі – Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы  форумына  қатысушылардың  Шелек өңіріндегі Қазақстан, Қаратұрық, Шелек ауруханалары жұмысымен танысып оң баға беруі.

Өңірлерде қоғам түбегейлі орысшаға ауысып жатқанда, Шелекте жиын қазақша жүргізіле бастады. Халыққа оңтайлы, жағымды іс істесең, жақтаушы көп болады емес пе? Іздену, ұйымдастыру, уақытпен санаспай даярлық жұмыстары арқылы қазақ халық театры ашылды. «Жігер» ансамблі құрылып, «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны» байқаулары өткізіліп, салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғыруға жол ашылды.  Белгілі өнер қайраткерлері, ақын, жазушылармен кездесулер жиіледі.  Қазақ тілді мектеп, ондағы  сыныптар азаймады. Аудандағы қоғамдық ұйымдардың жұмысы да күн тәртібінен  түспеді.

1981 жылы Шелек ауылында облыстық тарихи өлкетану музейі ашылуына Алмагүл Әбиірқызы аудандағы 17 кеңшардың, елді мекендер тарихы, жәдігерлер, еңбек адамдары туралы мәліметтер жиналуының ұйымдастырушысы бола білді. Ұлттық мәдениетімізді гүлдендіріп, қазақ тілінің бәсеңдеуіне жол бермеу, ұлттық болмысымызды жоғалтпауға тырысуы – нағыз ерлік.

1982-1983 жылдары Бартоғай су қой-масы мен Үлкен Алматы каналының құры-лыстары жүріп жатқан кезде құрылыс-шылардың күнделікті тұрмыс жағдайына ауданның қызмет көрсету мекемелерінің үйлесімді жұмыс істеуі де аудандық пария комитеті назарында болды.

1984 жылдан зейнет демалысына шыққанға дейін Алмагүл Әбиірқызы аудандық тұтынушылар одағының кәсіп-одақ комитетін, Қаратұрық селолық тұтынушылар  қоғамын басқарған. Сауда саласында кәсіподақ жұмысын жан-дандыруға сатушы, жұмысшылардың мүддесін қорғауға, оларға еңбек етуге жасалған жағдайларын жақсартуға, үлгілі сатушыларды, олардың балаларын туристік жолдамамен Мәскеу, Ленинград қалалары мен Орта Азия елдеріне сапарға жіберіп отырған. Азық-түлік дүкендеріне тауарлардың сандық-есебін жүргіздіріп, Талдықорған қант зауытынан, тігін фабрикасынан тікелей тауар алатын болды. «Қазақстан» совхозының тауда алма тергізіп, қоймасына сақтап, қыста Қарағанды, Көкшетау қалаларына апарып сатқызып, қоғам жұмысын тиімді мекеме күйіне жеткізіп, 90 мың таза табыспен өткізген.

Екі рет облыстық тұтыну  қоғамының Қызыл Туын жеңіп алып, Мәскеуге Орта-лық Тұтыну қоғамы конференциясына  қатысқан.

Алмагүл Әбиірқызы  Шелек  ауданның өркендеуіне, ілгері басуына сіңірген еңбегі өзгелерге өнеге тұтарлық.  Елге сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ. Мемлекеттік марапат – бірнеше медальдар мен республикалық деңгейдегі ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалі иегері. Ауданға сіңірген зор еңбегі жоғары бағаланып, Еңбекшіқазақ ауданының «Құрметті азаматы» атанды. Зейнетке шықтым деп те қарап  жатқан жоқ. Кәсіппен айналысып, 40 адамды жұмыспен қамтып, ұлын ұяға, қызын  қияға  қондырып,  олардан  өрбіп-өскен немерелерінің аяулы әжесі  атанып, ұрпақ  қызығына  бөленіп  жүр.

 

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ

  

*****

Әкенің ризашылығы —қорғаны

Бүгінде Алмагүл Әбиірқызы  ұлын  ұяға, қызын қияға қондырған, немерелерінің қызығын көріп,  жасы сексеннің төріне жақындаса да жеке кәсіппен айналысып, ел экономикасын дамытуға атсалысуда. Қазақта атақты батырлардың, өнер адамдарының, жыраулардың киесі – пірі болған көрінеді. Жарылқап батырдың киесі  – алтайы қызыл түлкі болыпты. Жамбылдың қолдаушысы жолбарыс деседі.

Алмагүл Әбиірқызы: «Мені қолдаушым – әкемнің ризашылығы» деп қорытады. Бәріне бірдей  жақсылық  қылуға шамаң жетпеуі мүмкін, ал ешкімге жамандық  қылмауға мүмкіндік әркімде бар. Адамның баласы болатындай жолды  меңзей білсек, төгер теріміздің далаға кетпегені. Алмагүл Әбиірқызын өмірбақи алға жетелеген сара жол осы.

Марат Тоқашбаев,

Қазақстан Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі,

профессор, жазушы-публицист.

 

 

 

Ардақты менің ұстазым

Бүгін ауданның құрметті азаматы, елінің сүйікті ерке кызы, ұстазым – Алмагүл Әбиірқызы Орынбетова туралы естелік лебізімді білдіргім келеді.

Кемел ұстаз – Алмагүл апайым әр жылдары білім ордаларының басшысы қызметін атқарды.

Ол кісі білім саласына ғана емес,  ауданның гүлденуіне елеулі үлес қосып, қызметтің  бел ортасында жүріп, мәселе шешуде салмақты ой мен жауапкершілік жүгін қоса арқалап, 

ата-баба  киелі  рухына  тағзым  етіп, ұлттық салт-дәстүрімізді  дамытуда, оны  өскелең  ұрпаққа уағыздап, санасына жеткізуге  бар  күш-жігерін  жұмсаған  биліктің орташа  сатысы, атқару комитеті жауапты хатшысы, атқару комитеті төрағасы  орынбасары, аудандық партия комитеті  хатшысы сияқты жауапты қызметтерді атқарды.

Бүгінгі асқаралы өмір асуына зор абыроймен жеткен аяулы ұстазыма денсаулық, отбасы амандығын, өзі сүйген ортада ұзақ ғұмыр кешуін тілеймін.  

  

Бекет Ахметов,

Еңбекшіқазақ ауданының мәслихат хатшысы.

 

Өз ісіне адал адам

Мен Алмагүл  апайдан көп нәрсе білдім. Оның кәсібилігі, мәселенің мәнін түсіне білу, екі жағын да тыңдай білу, әрқашан дұрыс шешім таба білуі, оны осы күнге дейін ерекшелендіріп отырды.

Бұл адамның басты ерекшелігі – оның істеп жатқан ісіне немқұрайды қарамауы. Жағдай қаншалықты қиын болса да, ол әрдайым мәселенің мәніне терең үңіліп, ерекше шешімдер таба білді, принципиалды позицияны ұстанды, барлық жерде өз жүрегін тыңдады.

Алмагүл  Әбиірқызының  үлкен мерейтойы қарсаңында мен шын жүректен осы керемет адамға зор бақыт, зор денсаулық және біздің үлкен отбасымыздың барлық мүшелерінен бақ-береке тілегім келеді.

Оны әдемі балалары, немерелері, өмірдің өзі  қуанта берсін. Ол әрдайым бізбен бірге болсын және біз оның үлкен жүрегінің жылуын сезініп жүрміз.

 

Асқар Бижанов,

Алматы қаласы.

Оқылды 7221 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дамудың даңғыл жолында Болашағы жарқын аймақ »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…
Сәу 15, 2024

Жанаргуль НИЕТАЛИЕВА,…

Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского…
Сәу 15, 2024

Алматы облыс әкімі Марат…

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы»…
Сәу 11, 2024

Аманаттықтар көмек қолын созуда

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға…
Сәу 04, 2024

Ұлт саулығына төнген қатер

Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына…
Сәу 04, 2024

Әлеуетті мекеннің өрісі кең

Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай…
Сәу 04, 2024

Сатираның сардары

«Адамгершілігі жоқ қоғамның сатиригі хайуандар туралы мысал жазады. Уот тәк!» – деп…
Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет