Жұма, 10 Шілде 2020 09:34

Әйел – ана, әйел – жыр

Әйел мен еркек тең бе? Жаратылысынан тең емес. Оны бәріміз білеміз. Бірақ осы бір тақырып әлімсақтан бері сауалды мәселе болып келеді. Күні кешеге дейін төмен етекті саналған әйел заты бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуге, тіпті, елдік, ұлттық саясатқа  араласуға құқылы. Қазір әйелдің рөлі ерекше. Бұрын орны тек отбасы мен ошақ қасы саналып келген әйелдің бүгінгі бейнесі әмбебап механизмге құрылған дерлік. Себебі, қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тапқысы келеді. Астары айтпай-ақ түсінікті. Жабайы капиталистік идеяға негізделген қоғам соған үндейді. Біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел – саясаткер, әйел – көлік жүргізуші, әйел – бала тәрбиелеуші, әйел – үй күтуші, әйел – заңгер, әйел – экономист, әйел...

Тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Әрине, әйел, ең бастысы – ана. Бірақ соған қарамастан нәзік жанды әйел қоғам көшін алға сүйреуге белсенділік танытуда. Бұған соңғы он шақты жылдан бері гендерлік саясатты жолға қою мәселесі де себепші болды. Жалпақ тілмен айтқанда гендерлік саясат дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынасты айқындайтын  мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Елімізде демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық – бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.

Бұл саясат негізі әйелді атқа мінгізіп, төрге сүйреп, еркектің басын көрге сүйрейтін саясат емес. Әрине, түсінгенге! Бұрын «шашы ұзын, ақылы қысқа» болған әйелдің бейнесі қазір басқаша. Публицист, ойшыл Асқар Сүлейменов «ең ақылды деген әйелдің басында екі тауықтың миындай ми болады» дегені кезінде еріксіз езу тартқызған. Не десек те, «кез келген үйдің төрінде қамшы тұру керек, әйелді аптасына бір рет таяқпен ұрып тұру керектің» дәурені өтіп барады. Бәлкім, қыжылды пікір айтатындар осыны көксейтіндер болар.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде жалғыз басты ерлерге қарағанда әйелдер 5 есе көп. Жұмыссыздықтың 60 пайызын әйелдер құрайды.

Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Оның дәлелі, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі. отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жыл-дарға арналған жалпы-ұлттық жоспар бекітілген болатын.

Гендерлік саясат әр елде әрқилы жүзеге асады. Ерлер мен әйел теңдігін қолдау біздің елімізде де бірінші орында.Осы саясат қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы.

Аталған саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мем-лекеттік кепілдіктері туралы» сонымен қатар, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Бұл саясат алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, эконо-миканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.    Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған.

Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал етеді.

Шариғат бойынша отбасының тізгіні еркекке жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы. Сол басқарушылықты дөрекілікке, қамқорлықты жалқаулыққа айналдырмаса дейсің.  Өйткені, елімізде әйел адамның бәрі бірдей өз құқығын біліп, қорғай бермейді. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да сол себептен дейді мамандар.

Бес саусақ бірдей емес: біреуі ұзын, біреуі қысқа. Егер біз саусақтарымызды бірдей етіп теңестіреміз деп кесіп тастасақ, онда мүгедек болып қаламыз. Сол сияқты Алла еркек пен әйелді екі түрлі етіп жаратқан және дәрежелерін де әртүрлі еткен. Ендеше, Алланың жаратылысына қарсы шығып, қолдан жасау арқылы біз әйел мен еркекті теңестіре алмаймыз. Бұны өмір анық көрсетіп отыр.

Ведалық ілімде әйел мен еркек оң және теріс заряд сияқты деп түсіндіріледі. Еркектердің сол жақ жарты шардағы миы, ал әйелдердің оң жақ жарты шардағы миы жұмыс істейді екен. Еркектердің оң жақ жарты денесі, әйелдердің сол жақ жарты денесі күшті болып табылады.

Әйелдерде эмоция басым, еркектерде керісінше интеллектуалдық қуат күшті. Әйелдер кез келген істі сезімге сүйеніп жасаса, ер адамдар ақылмен жасауға талпынады. Еркектердің тағы бір ерекшелігі – бір шаруаны жасағанда зерде (разум) ажыратылып, сол шаруаға ол толайым беріліп кетеді. Ал әйелдерде қандай шаруа жасаса да, табиғи ахуал саналатын эмоция ажырамайды. Сондықтан әйелдер кез-келген істе сезімге бой алдырып, тіпті өзіне залал келтіретін шаруаларды да жасап жатады. Яғни, салқын қанды ақылмен іс жасай алмайды.

Әйел мен еркектің осындай физиологиялық және психикалық ерекшеліктеріне орай Алла олардың өмірдегі орындарын да соған сәйкестендіріп белгілеген сияқты. Ақылмен іс жасауға қабілетті еркектер отбасында да, қоғамда да басшылық рөлді атқарса, әйел олардың қорғауында болып, бала тауып, үй шаруасын жасап, үй ішінің ұйытқысы болмақ.

Қазір өкінішке қарай, бұл табиғи заңдылық бұзылды да, содан әйелдердің өздері үлкен залал тартуда. Олар өздерінің табиғатынан аулақтап, соның салдарынан әйелге тән қуаныш пен бақыттан қол үзе бастағаны байқалады.

Әйелдің табиғаты ана, жар болу. Ертеректе «Служебный роман» деген фильм болды. Оның басты кейіпкері лауазымды басшы қызмет атқаратын күйеуге тимеген әйел томаға тұйық және өзін қатал ұстайтын салқынқанды тірлік кешеді. Бір қарағанда үлкен қызмет атқаратын, материалдық жағынан қамтамасыз етілген «бақытты» әйел сияқты сезілгенмен, іштей ол қатты қиындық көріп жүргенін ер адаммен кездесуінде ашық мойындайды. Оның мінез-құлқы еркекпен кездескеннен кейін күрт өзгереді. Ол әйелге тән нәзіктік пен әлсіздікті сезінеді.

Ведалық ілімде әйел барлық жағдайда ер адамның қорғауында болу керектігі айтылады. Жас кезінде қыз баланы әкесі тәрбиелейді. Тұрмысқа шыққан соң күйеуінің қамқорлығында, ал күйеуі қайтыс болған соң ер балаларының бірінің қамқорлығында болады. Табиғатынан әлсіз, нәзік әйел әрдайым ер адамның қорғауында, қамқорлығында болғанда ғана көктемде бүршік жаратын гүл сияқты өзінің табиғатына сай барлық қасиеттері ашылып, қуаныш пен бақытты сезіне алмақ.

Қазір ер адамның қамқорлығынан сырт қалған әйелдер табиғаттарына қайшы келетін істермен айналысып, содан бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет тартуда. Бүгінде суицид (өзін өзі өлтіру) жас қыздар мен әйелдер арасында өте көбейіп кеткен. Әйелдердің маскүнемдікке салынуы да белең алып барады. Өздерін қорғамақ болып қыз балалардың табиғатына жат шығыс жекпе-жегі, бокс сияқты тәнге салмақ түсіретін ауыр спорт түрлерімен айналысуы жиі кездеседі. Ондай қыздар әдетте тәні де, жан дүниесі де дөрекіленіп кетеді.

Табиғатынан аулақтаған әйелдер адал жар, сүйікті ана болу арқылы алатын мол қуаныш пен бақыттан құралақан қалады. Мұның қандай салдары барлығын соңғы кезде Қазақстандағы әйел мен еркектердің ажырасу деңгейінің 60 пайыздан асқан жағдайы анық көрсетеді. Мәселен, ведалық өркениетті саналарына сіңірген Индияда ажырасу көрсеткіші 2 пайыздай ғана екен. Батыс елдерінде ол 80 пайыздан асады. Ресейді 68 пайыз болып отыр.

Десек те, заман талабы, әйел заты үй-ошақпен шектеліп қалса да болмайды. Гендерлік саясатты дамыту, әйел мен еркектің теңдігі мәселелерін жолға қою ісі айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп елірте беру емес. Бұлай түсіну қисынсыз.  Әрине, еркекше шылым шегіп, шарап ішіп, бұзылған, қиындыққа төзе алмаған әйелдер де бар. Бірақ гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы  тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс. Бұл стратегия сонау кеңес дәуірі жаңа орнай бастаған кездегі Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунистін» еске салады. Қазір тек формасы басқаша. Бірақ сол саясаттың нақ өзі. Бүгінде елімізде биліктен, саясат әлемінен бой көрсетіп жүрген қазақ әйелдері жаңа заманның жаңа үлгісіндегі Раушандар. Демек, бізде тәуелсіз Қазақстанның жаңа образды Раушан «коммунистері» өсіп келеді.

Олай болса, қазақтың есті әйелінің бейнесі қашан да мынадай. Ол – «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді».

Назерке ХУДАЙБЕРГЕНОВА,

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің  11-сынып оқушысы

Оқылды 3734 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « БАЛА ҮРЕЙМЕН ӨСПЕСІН Теледидар – тәрбие құралы »

Соңғы жаңалықтар

Маус 18, 2021

Работы много – условий нет

Какое самое «густонаселенное» госучреждение района? Это, безусловно, районный центр…
Маус 18, 2021

Пациенттің тілін таба білу – …

Дәрігерге медициналық білімнен бөлек адам жанын ұға алатын, науқаспен екеуара байланысты…
Маус 18, 2021

Қалдырған ізің мәңгілік

Адамзат баласының сан мың жылдан бергі өркениетті өмірге деген талпынысын ұстазсыз…
Маус 17, 2021

Шелек ауылында республикалық турнир…

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында кикбоксингтен әлем…
Маус 17, 2021

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасындағы…

Екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының ауыл мектептеріндегі 5-6 сыныптың мыңдаған…
Маус 17, 2021

Жас кәсіпкер 50 түрлі музыкалық…

Алматы облысында 23 жасар кәсіпкер Абзал Әкімбек музыкалық аспаптар жасайтын шеберхана…
Маус 16, 2021

Көкенайдың жебесі немесе жеті атаның…

Кей салттар – сол ұлттың ұлт болып сақталып қалуындағы алғышарттарының бірі. Қазақтың сан…
Маус 16, 2021

Седло в развитии степной цивилизации

В музее-заповеднике «Есик» открылась выставка «Всадническая культура – наследие степной…
Маус 15, 2021

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (08.06 – 14.06.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 18…

Күнтiзбе

« Маусым 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет