Бейсенбі, 16 Ақпан 2023 10:59

Мамандық таңдау – болашақты таңдау

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес».

Ж. Аймауытов.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Қазір біз әрқайсымыз бірегей ресурс ретінде өзімізді қоғамдық өндірісте жүзеге асыра алатын өте қызықты уақытта өмір сүріп жатырмыз. Адамның қоғам үшін қаншалықты құндылығы оның кәсібінің өзектілігі мен құзыреттілік деңгейіне байланысты. Нарықтық қатынастар дәуірінде адамның әл-ауқатын көбіне өзі қалыптастырады.

Болашақта сұранысқа ие мамандықтарды іздеу мектеп қабырғасында жүргенде басталуы керек. Бұл тиісті дайындыққа көбірек мүмкіндік береді. Белгілі бір саланың даму перспективаларын сәйкесті бағалау маңызды, ол болашақ қызмет саласын анықтауға көмектеседі және кейіннен еңбек нарығында сұранысқа ие болады. Әйтпесе, жасанды интеллектпен ығыстырылып кетудің барлық мүмкіндігі бар.

Әр адамның өмірі мен болашағы өз қолында және өміріндегі көп уақыты мен күші осы кәсіпке жұмсалатын болғандықтан, өзі үшін дұрыс таңдау жасау өте маңызды. Мамандықты дұрыс таңдау үшін түлектер әртүрлі оқу орындары туралы мағлұматтарды алып, болашақ мамандық бойынша интернет-ресурстарды қарап, олардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескеруі керек. Түрлі жоғары оқу орындарында мектеп түлектері үшін өткізілетін ашық есік күндеріне қатысу мамандық таңдау және соған сәйкес оқу орнын таңдауда маңызды орын алады.

Біз интернеттің қарқынды дамыған дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қазір ақпараттық технология саласындағы мамандарға сұраныс ұсыныстан асып түседі. Әрине, қазіргі таңда өзін-өзі оқыту әрқашан керекті нәрсе, бірақ табысты IT маманы үшін негізгі білім қажет.

Бүгінде Қазақстанда 180-нен астам жоғары оқу орны, соның ішінде еліміздегі іргелі білім ордасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті де ақпараттық технологиялар саласының мамандарын даярлауда.

Қыздар университетінде «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасындағы «6В06102 – Ақпараттық жүйелер», «6В06101 – Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау» білім беру бағдарламасына қабылдауға биыл өзгерістер енгізілді,  сәйкес бейіндік пәндер ретінде «информатика-математика» қосылды және ұлттық университетке түсудің шектік балы – 65 балл болып бекітілді.

Бұл білім беру бағдарламалары ақпараттық және телекомму-никациялық технологиялар саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз етуді көздейді. Университет түлектері ақпараттық технологиялар орталықтарында, ғылыми-зерттеу институттарында, компьютерлік тестілеу орталықтарында, білім беру мекемелерінде, әртүрлі жеке ұйымдардарда қызмет атқара алады. Сонымен қатар студенттер академиялық ұтқырлық және қос дипломдық бағдарлама бойынша үздік шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігіне ие. Атап айтар болсақ,  Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті (АҚШ), Лондонның Батыс халықаралық колледжі (Ұлыбритания), Рига техникалық университеті (Латвия), Катовицедегі Силезия университеті (Польша), Нийде Өмер Халисдемир (Туркия) оқу ордасы.

Егер бейіндік пән ретінде информатика және математиканы таңдаған жас талапкер болсаңыз, аталған білім беру бағдарламасына оқуға тапсыруға шақырамыз.

IT саласы өте тез дамып келеді, болашақта сұранысқа ие болары анық. Аталған мамандықта оқу арқылы сіз бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман болуыңыз сөзсіз. Жаңа технологиялардың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз. Біз сізді күтеміз, жас талапкер!

www.kazmkpu.kz

@qyzpu.edu.kz

Байланыс телефоны:  +7 (727) 237 00 77, +7 (727) 237 00 65.

Мекенжайымыз: 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114.

Гүлбану МУКЕЕВА,

Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының аға оқытушысы.

Оқылды 37986 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Еңбекшіқазақ» – 2023

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет