Жұма, 31 Мамыр 2019 16:15

«Альтаир» – суперкубок иегері

«Альтаир» –  суперкубок иегері mezet.kz

Өткен демалыста Алмалы ауылындағы стадионда футболдан ауданымыздың суперкубок ойыны өтті. Жарыста былтырғы 1, 2 лиганың чемпиондары Рахат ауылының «Рахат» және көктөбелік «Альтаир» командалары өнер көрсетті. Ауданның бас төрешісі Наурыз Сетнасипов ойынға төрелік етті.

Жарысты тамашалауға көрші ауылдардың жастары жиналып, спорт ардагерлері де қалыс қалмады. Сонымен қатар, ауданымыздан шыққан белгілі волейболшы, «Алтай» клубының ойыншысы Татьяна Фендрикова, спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, бөлім басшылары мен аталған қос округ әкімдері де ойыншыларға жанкүйер болды.

Жарыстың ашылу салтанатында қатысушыларға сәттілік тілеген Бекет Ахметов футбол ойынының жастар арасындағы маңызына тоқталып өтті:

– Алғашқыда ауданымыздың чемпионатында санаулы ғана команда ойнайтын. Қазір, міне, 30-дан астам команда чемпиондыққа таласады. Яғни, еліміздің болашағы – жастар спортты қолдайды, салауатты өмір салтын ұстанады. Спорт – денсаулық кепілі. Сонымен қатар, жастар арасындағы достықтың көпірі, – деді

Төрешінің ысқырығы берілісімен командалар теңбіл допты ұршықша иіре жөнелді. Бапкерлерінің айтуынша, футболшылардың жартысы ораза ұстаған, соған қарамастан қос чемпион да тамаша ойын үлгісін көрсетті. Осылайша, 1 таймда есеп ашылмады. Ойынның екінші бөлімі де командалардың бір-бірінің қақпасына жасаған қарымта шабуылдарымен басталды. Өз қақпасының жанында рахаттық футболшы ойын ережесін бұзып, көктөбеліктер айып добын соғып, есеп ашты. «Рахат» командасына да талай мүмкіндіктер беріліп, алайда, орайлы сәтті оңтайлы пайдалана алмады. Осылайша, тартысты ойын 1:0 есебімен, «Альтаир» командасының пайдасына шешілді.

Алмалыда өткен суперкубок ойыны биылғы аудан чемпионатының шымылдығын ашты. Сол күні алғашқы ойындары басталды. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековтың айтуынша, осы жылғы чемпионатқа 30-дан астам команда қатысып, өз бақтарын сынайды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1521 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 10, 2025

Пестицидтерді қолдану кезіндегі…

Пестицидтер — ауыл шаруашылығында өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін…
Сәу 10, 2025

Фаст-фудтың зияны

«Фаст - фуд» - термині ағылшын тілінен аударғанда «тез тағам» деген мағынаны білдіреді.…
Сәу 10, 2025

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал…
Сәу 10, 2025

Генетикалық модификацияланған…

Генетикалық модификацияланған өнімдердің (ГМӨ) зияны туралы мәселе ғалымдар мен мамандар…
Сәу 10, 2025

Безгектің сақтық шаралары

Безгек - паразитпен шақырылатын, науқас адамнан сау адамға маса шағу арқылы берілетін,…
Сәу 09, 2025

Жақында «Алатау лигасының» жаңа…

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба –…
Сәу 08, 2025

Алматы облысы бойынша Тексеру…

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы 2024 жылы 22 тиімділік аудитін, 1 – сараптамалық…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет