Бейсенбі, 13 Сәуір 2017 14:07

Аудан алыптары боз кілемде белдесті

Ұлтымыздың қанына,

жанына біткен ердің күші мен

айласы сыналатын айшықты спортымыз  – қазақ күресі. Тарихқа үңілсек, күрес десе құлағы елең етпейтін қазақ болмаған. Күреспен әлемді мойындатқан даңқты бабаларымыз аз емес. Күш атасы Қажымұқан, Балуан Шолақ, беріректе олимпиада

чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғаларымыз жауырыны жерге тимеген

майталмандар екені бәрімізге мәлім. Осындай алыптардың жолын жалғайтын

азаматтарды шығару үшін атқарылып жатқан жұмыстар көп және ол еңбектер жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді. Соған сәйкес Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Еңбекшіқазақ

ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Еңбекшіқазақ бөрісі» аудандық іріктеу турнирінің II кезеңі өтті.

 

Жарыстың барысында алғашқы сөзді алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков:

– Спорт – мемлекеттің мәртебесін көтеріп, рухын асқақтататын қуатты күш. Бұл салада Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген толағай табыстары баршаға аян. Бүгінгі жарысқа келетін болсақ 1-ші 2-ші орынға ие болған 2 жеңімпаз облыстық жарысқа аттанады, облыстан жеңіске жетіп жатқан жағдайда «Қазақстан барысына» жолдама алады – дей келе балуандарға сәттілік тіледі. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сырғабаев, Еңбекшіқазақ ауданының спорт ардагері, күрестен КСРО-ның спорт шебері Аманбек Саматов та сайысқа қатысушыларға жігер сыйлайтын сөздерін жеткізді.

Ауданымыздың түпкір-түпкірінен келген жігіттер үкілі үміттерін арқалап шыққаны анық еді. «Еңбекшіқазақ бөрісі» деген атқа ие боламын деген жалпы саны 14 күрескер бақ сынады. Атап айтқанда, Ерсін Қамза, Азамат Халықов, Ерлан Әлімжан, Нұрғали Жолтаев, Құдірет Насрединов пен Бейбіт Ысқақов, Серік Маметязов пен Алмас Сатқынов,  Еламан Сапарбаев, Сағидулла Барлыбаев, Абылай Тұрсынбаев, Айбар Мәлік, Дидар Нұрмамет, Арман Базарбаев сынды спортшылар бозкілемдегі белдесуге барын салды. Абай Сырғабаев бас төрешінің міндетін атқарды.

Балуандар жеребе тарту арқылы қарсыластарын анықтады. Сен тұр мен атайын дейтін сайдың тасындай мықтылардың белдесулері аса тартысты өтті. Ешқайсысы да аянып қалған жоқ. Жарыстың қорытындысы бойынша, жүзден жүйрік шыққан Нұрғали Жолтаев І орынды қанжығасына байлап, «Еңбекшіқазақ бөрісі» атанды. ІІ орынға Ерсін Қамза жайғасып, Ерлан Әлімжанға ІІІ орын бұйырды. Еңбекшіқазақ аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Ерұлан Салықов пен Ерболат Сарабеков  жеңіс тұғырына шыққан спортшыларды дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Жарыста өзгелерден оқ бойы озық шыққан Нұрғали Жолтаев пен Ерсін Қамза 18-19 сәуірде Талдықорған қаласында өтетін облыстық «Жетісу бөрісі» бәсекесіне жолдама жеңіп алды. Ұлттық спортты өміріне серік еткен жерлестерімізге сәттілік тілейміз.

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 2793 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет