Астанада сейсенбі күні «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында Алматы облысы Мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Арқа төріндегі ауқымды шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, Астана қаласының әкімі Әсет ИСЕКЕШЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ қатысты. Жетісудың өнерін паш еткен шара «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылды.
Зал облыстың өнерін тамаша-лауға келген көрерменге лық толды. Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен «Алатау әуендері» шығармашылық ұжымы астаналықтарды ерекше әсерге бөледі. «Жетісу – жұмақ мекені» деп аталған концерттің шымылдығы әйгілі сазгер Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен түрілді. Концерт М. Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің, республикалық байқаулардың жүлдегері, дирижер Арман Аманжолов жетекшілік еткен хор сүйемелдеуімен ашылды. Өнерпаздардың талантына астаналықтар бас иіп, қайта-қайта қошеметпен қол соқты. Аталған оркестрден бөлек, «Алтынай», «Сазген», «Адырна», «Құлансаз» секілді әйгілі ансамбльдердің өнерін Астана тұрғындары ыстық ықылас-пен қабылдады. Қара домбыра көмейінен төгілген «Махамбет» күйі залда отырғандардың рухын жанып, мерейін асқақтатты. Күй құдіретіне елтіген көрермен ерлікке толы тарихқа қайта оралғандай әсер алды. Ұлжан Айнақұлова мен Бейбіт Мұсаның орындауындағы «Той бастар» әні думан көрігін жандандыра түсті.
«Өнерде шекара жоқ» деген рас-ау. Халықаралық бай-қаулардың жеңімпазы Жомарт Тәкебаев, Асхат Мәдиев, Тілек Нағымбаев итальяндық әндерді шырқай жөнелгенде зал тағы да сілтідей тынды. «О, Соломио», «Ғашықсарбаз», «Герцогтың әні» секілді әлемге танымал туын-дыларды жетісулық өнерпаздар нақышына келтіре шырқады. Кеште «Талдықорған әуендері», «Шапағат» шығармашы-лық ұжымдары және Қанат-Айтгүл Құдайбергеновтер «Солай» әнін орындады. Көрермен «Бахор» тобының биін де жоғары бағалады.
Концерттен кейін көрермендер өздерінің алған әсерімен бөлісіп жатты. Солардың қатарында белгілі қазақ спортшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Рысжан апай да бар. Ол ұйымдастырушыларға алғыс айтып, үлкен әсерге бөлен-генін тілге тиек етті. Ал Астана қаласының тұрғыны Сәуле Омарова мұндай кештің есінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Сәуле жетісулық жерлестері мен осындай мерекеде жолыққанын жақсы ырымға балап, барлық облыс тұрғындарына татулық, тыныштық және зор денсаулық тіледі.
Салтанатты шараға 400-ге жуық өнер адамдары атсалысуда. Жетісу өлкесінің тұрғындары Есілдің ерке қаласында қызықты көрмелер, қойылымдар, спорттық іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйым-дастыру үстінде. Райымбек пен Қабанбай батырдың, Балпық би мен Қабылисаның, Сүйінбай мен Жамбылдың, Мұқағали мен Тұманбайдың кіндік қаны тамған өлке өнерпаздары Сарыарқа даласын төрт күн бойы ән мен жырдың бесігінде тербетті.
Баспасөз құралдарынан.

Суретте: ауданымыздың өнерлі азаматтарының бірі Құрманғазы Қадыров қолөнер туындысымен Алматы облысының әкімі А.Баталовты таныстырды.

Бейсенбі, 01 Маусым 2017 11:15

Көңілдің гүлі, көздің нұры!

Округ әкімінің орынбасары Мәди Бектасов алаңға жиналған  жұртты ел болашағы балалар күнімен құттықтап, қамқоршысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, жағдайлары нашар отбасылар-дың балаларына балмұздақ, түрлі тәттілер таратты. Өнерлі бүлдіршіндердің әр ұлт тілінде ән айтып, биленген билері тамашаланды.

Баршамызды бал тілімен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой  жайнайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал-бұлақ боп жалғайтын, – демекші, «Бәйтерек» балабақшасы педагогтары мен бүлдіршіндерінің осы мерекеге орай бір жылдық шығармашылық концерті болды.

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ тәрбиелеу десек, сол тәрбие мен білімнің қандай деңгейде екені осы  шарада көрініс тапты. Бүлдіршіндер балабақшада алған тәлімі мен үйренген өнерін тамашалатты. Бал тілімен баршаны баурап, олар «Әдемі-ай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ай дидарлы анашым», «Қошақаным», «Катюша», «Привет лето» тағы басқа әндерді орындаса, әскери, түрлі маманның, ұлттық киімдер киіп, «Домбыра», «Танец с колесами», «Көктем шуағы», «Теңізшілер», «Аспазшылар» билерін мың бұрала билеп, Мұқағали, Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Педагогтар болса Құрманғазының «Балбырауын» күйін күмбірлетіп, хормен «Өз елім» тағы басқа патриоттық әндерді асқақтатты.

Концерт соңында бір жылда аудан облыс, республика бойынша қол жеткізген жетістіктері аталып өтті. Тәрбиеші – педагогтардан Салтанат Қондыбаева «Біз бейбітшілік үшін», Айгерім Анисова «Қыс ғажайыптар мерзімі», Парида Байғожаева «Наурыз – көктем», Мадина Отарбаева «Тәуелсіздік тұғыры биік»,  Күлзия Малжанбаева  М.Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» республикалық байқауларда бүлдіршіндері жеңімпаз, жүлдегер атанғаны үшін диплом, алғыс хаттармен марапатталса, облыстық аудандық байқау, сайыстары өзі өз алдына бір-бір төбе. Қысқасы, Шығармашылық концерт жоғары деңгейде өтті.

Туа аурушаң болып арнайы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан  мекемеде де бұл мереке ерекше аталып өтілді. «Тұсаукесер» рәсімі жасалып, ән айтылып, би биленді, Округ әкімдігі бүлдіршіндерге арнап, түрлі ойыншықтар сыйлады.  Сөйтіп, бар жақсылық бұл күні балаларға жасалды.  Өйткені:

Тәуелсіздік  ел арманы аңсаған,

Ер бабалар терін төккен, шаршаған.

Бүгін міне, бар әлемге танылған,

Қазақ елі үміт артам мен саған, – деп алдыңғы аталар мен ағалар жолын қуып, өсіп келе жатқан бүлдіршіндер –  еліміздің болашағы.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Шебердің қолы ортақ

 

 

Өзі түйін түймеген,

Зат қадірін біле ме?

Өзі түсіп күймеген,

От қадірін біле ме?

Ағаш жонып көрмеген,

Шот қадірін біле ме? – деп танымал шебер, марқұм Дәркенбай Шоқпарұлы айт-пақшы, қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Ал, Ақтоған ауылының тұрғыны  Ақберген Шубаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп, алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі.

Бабалар қашап кеткені,

Тарихтың көне беттері.

Тайсалмай тағдыр тезіне,

Сарғайып бізге жеткені, – деп Ақберген Батырханұлы жырлағандай, бабалардан қалған өнерді жалғастырып, ағаштан ою ойып, темірден түйін түйіп жүрген азамат. Біз керексіз деп мән бермейтін нешетүрлі заттардан тың дүние жасап шығару тек талантты танытып қана қоймайды, көрегендікті де қажет етеді. Қисайып немесе небір пошымдағы ағаштан, не тамырдан әлдебір бейнені елестетіп, оны жасап шығару – шебер-лік емей немене. Жүнді, теріні өңдеп, малдың мүйізін, асығын, сүйегін сүріп, кәдеге асыру – зат қадірін, ал сол затты ығына, бейіміне қарай жонып, шауып іске асыру шот қадірін білгендік.  Енді, темірді отқа балқытып, неше түрлі өрнектеп кәдеге асыру – от қадірін білгендік. Міне, сондай қасиет Ақберген шебердің бойынан табылады.

Отбасы Отаны Қазақстанға көшіп келіп, Ақберген Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатында білім алады. Өзі оқып алған техник, гидротехник мамандығымен бірге,                    жастайынан әкесінен үйреніп, дағдыланған қолөнер саласын да қатар алып жүреді. 1990 жылдан Дәркенбай Шоқпарұлының қармағында тәжірибе жинақ-тайды. 1991-2000-шы жылдары мектеп оқушыларына қолөнер саласы бойынша үйірме ашып, жұмыс жүргізеді. Ақтоған мекте-бінде шебердің бұйымдарына арналған арнайы бұрыш та бар. Қазір оның қолынан шыққан      туындылары осы өңірдің отбасыларында баршылық. Тапсырыс бойынша түрлі бұйымдар жасау-мен айналасуда. Ел көбінесе еліктің не басқа жануардың сирағы мен тұяғынан сапталып, қайыспен өрілген қамшы, ұлттық өрнектермен әшекейленген ерто-қым, белдік, торсық, тағы басқа да бұйымдарына қызығушылық танытып, тапсырыс береді екен.

Ақберген шебер ғана емес, ақындық талабы да таудай екен. Сәті түскен кезде қағаз бетіне ойдан туған шумақтарын түртіп қоятын да әдеті бар. Мен оны Шелекте тапсырыс берген адамдарға, қамшы, ағаш рамкаға кенептен не өңделген теріден керіліп, алуан-алуан бейнелер салынған бұйымдар жасап әкеліп жүрген кезде жолықтырдым. Мына суреттегі дүниелер соның бір дәлелі ғана. «Ел іші – өнер кеніші» деген осы емес пе?

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Жексенбі, 18 Маусым 2017 16:40

Халықаралық көрменің ашылуы өтті

Биылғы жылдың 9-10 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл сол күні елімізде тұңғыш рет с орталығында өткен кеш барысында мультимедиялық шоу көрсетіліп, елорда халқы мен қонақтарын тамсандырды. Концерттік бахалықаралық көрменің тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшылары келді. Конгресғдарламада бас-аяғы 300 өнерпаз өнер көрсетті. Қойылымда кинетикалық декорация, жарықдиодты экран, трекингі бар проекторлық жүйе мен қашықтықтан басқарылатын дрон сынды соңғы үлгідегі сахналық инновациялық технологиялар қолданылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты көрменің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. – Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме – бір мемлекеттің ғана атқарған ісі емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі, – деді. Бүгінде ресми мәліметтерге сүйенсек, көрмеге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициялары әкелінді. Орталық БАҚ мәліметтері негізінде әзірленді.

Мәдениет – мем-лекетіміздің дамуына үздіксіз қызмет ететін мәртебелі сала. Ұлтымыздың беделін әлемге танытатын өнер ошағы. Сол мәдениет саласында 27 жылдан бері аянбай қызмет етіп жүрген Қайназар мәдениет үйінің директоры, «Үздік мәдениет басшысы» атағымен марапатталған Райхан Жанбосынова.

Райхан Сексенбайқызы аудан ішінде алғашқы болып «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Елбасымыздың салиқалы саясатын насихаттау мақсатында ауыларалық гастрольдық концерттерін қойып жүр.  Концерттің негізгі мақсаты – өнер өмірдің ажырамас бөлшегі болғандықтан, жастардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, таланттарын шыңдау үшін шығармашылықтарымен тұрғындарды таныстыру.

Райхан Жанбосынованың  өзі басқарып отырған мәде-ниет үйіндегі ұжымымен және өнердегі шәкірттерімен атқа-рылып жатқан бұл бастамасы ауыл тұрғындарының көңілі-нен шығуда. Осы уақытқа дейін Шелек, Қаражота, Ақтоған, Қар-балтабай, Қаракемер, Түрген ауылдарында шығармашылық кештерін қойып, көрерменнің қошеметіне бөленіп, оң бағасын алды. Райхан Сексенбайқызы көптеген шәкірттерді баптап, болашағын жарық қылуға үлесін қосқан жан, бүгінде өзі тәлім беріп жүрген – Базарбек Сатен, Азиза Төребаева, «Бахар» ән-би тобы шәкірттері болашағынан зор үміт күттіретін өнер иелері боларына сенімді.

Ел үшін еңбек етіп, өнер өлкесінде өзіндік жолын сал-ған Райхан Жанбосыноваға шығармашылығыңыз шарықтай берсін дейміз!

Сәрсенбі, 07 Маусым 2017 16:24

Достықты ту еткен фестиваль

Бірлігі бекем елдің тірлігі де түзу. Осы ретте Еңбек орта мектебінде достық фестивалі өтті. Оған Балтабай округіне қарасты қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, аудандық этно-мәдени бірлестік өкілдері, ауыл жас-тары қатысты. Ұйытқы болған – «Елім-ай» қоғамдық қоры, қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі.

Фестивальде алғаш боп сөз тізгінін алған Астана қаласында өткен Ассамблеяның 25 сессияның делегаты, қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов:

– Қазақ «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Расында, қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен, қайырымдылығы тас жүректі жібіткен қазақ елі өзгенің ала жібін аттап өтпеген, жақыным деп келгенді өзектен теппеген ел. Бұл біздің арғы тегімізден қанымызға сіңген қасиет. Соның айғағы – бүгінгі қазақ даласында 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуінде. «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген екен Білге қаған. Алыс-ты арбамай, айналамызға көз салсақ, 300 мыңға жуық тұрғыны бар ауданымыздың өзінде 54 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында берекелі күн кешуде. Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай басты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі – тұрақтылық пен келісімде екенінің айғағы. Бүгінгі іс-шарамыздың мән-маңызы да осында: ынтымақ – ырысымыз, тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз екенін жас буынның санасына сіңдіру, - аталмыш іс-шараның мән-маңызын айшықтап өтті. Кейіннен округ аумағында ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді нығайтуда танбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы аудан аумағында бірлікті насихаттауда атқарылып жатқан істер жөнінде кеңінен мәлімет берді. Фестиваль концерттік шарамен жалғасын тапты. Әр этно-мәдени бірлестік өкілдері ұлттық билерін билеп, аудан өнерпаздары әуезді әндерін орындап, көпшілікті бір серпілтті.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 12:38

Болар бала болмысынан

Дәл осылай қазақ келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір қабілет, тулаған талант барын таныған соң айтқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана сөзге сүйеніп, ондай өренді жастайынан баптап, келешегіне жол сілтеп отырған. Шынашақтай ауылдың қара домалақ қара баласы Дәурен Сәрсембаев та өзіндік дарынымен ел аузына іліккен жастардың бірі болды.

Бақай тауының бөктерінде 1988 жылдың наурызында өмір есігін ашқан Дәурен жас кезінен-ақ «көмейі-не бұлбұл ұялаған», әнші бала атанды. Әкесі Әуесханның «күміс көмейі» домбыраны қолына алып, өз бетінше талпынып, кейін мектепте өнерлі өрендер қатарынан көрініп, талай байқауларда танылып жүрді. Таланты бар Дәуренді ұстазы да дөп басып, талай ән байқауларына салып, шыңдаған-ды. Мектепті бітірісімен Алматы аграрлық колледжіне түсіп, бітірген. Алайда, Дәуреннің бүйрегі өнер жағына бұрды да тұрды. Ақыры Құрман-ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, өзі армандаған  дәстүрлі ән маманы атанады. Оқып жүргеннің өзінде талай байқауларға қатысады. Соның бірі –  оқу орнының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай әлемі» атты республикалық студенттердің өнер фестивалінде жүлделі екінші орынды иеленіп, лауреат атанады. «Жырлайды жүрек» атты облыстық әншілер байқауында үшінші орынды иеленеді.

2012 жылы өз ауылына келіп, мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып үш жыл, одан кейін директоры болып екінші жыл еңбек етіп келеді. 2013 жылы аудандық «Екі жұлдыз» ән байқауында бірінші орынды жеңіп алады. Ал, 2010 жылы Қарқаралы республикалық фестивалінде екінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Аудандық мәдени іс-шараларға қосқан қомақты үлесі үшін аудандық мәдениет бөлімінің алғыс хатына да ие болды.

Бұрынғы жылдардағы ол өткізген шараларды айтпағанның өзінде, директор болғалы бергісін тілге тиек етсек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне, әйелдер мерекесіне, жыл басы – наурыз мейрамында «Достық – біздің тірегіміз», Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдығына арнаған ауқымды шара, «Жайдарман» көңілді тапқырлар, «Бейбіт күннің түп-тамыры – Ата заң», «Алаш ардақтылары – біздің жүрегімізде», Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Тілге құрмет – елге құрмет», «Қарттарым – асыл қазынам», мектеп ұжымымен бірге «Ұлағатты ұстазым», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім», тағы басқа да көптеген танымдық, тәрбиелік маңызы зор шаралар өткізіп келеді. Біз де Дәуренге жұмыста табыс, өнерде ізденіс пен жетістік тілейміз.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 12:36

«Халық нағыз өнерді аңсайды»

Қазақ халқы ертеден

мәде-ниет пен салт-дәстүрге баса мән беріп, оның сақталуына қатты көңіл бөлген. Себебі, мәдениет – ұлттың 

бет-бейнесі. Бұл турасында жазушы Мұхтар Әуезов: «...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын қазығы болып отыр» – деп, мәдениеттің ұлт өміріндегі орнын айшықтап кеткен. ОсЫ күнде сол алтын қазықты ел арасында

насихаттап,

дамуына үлес қосып жүрген жандар аз емес. Сондай жанның бірі –Қырбалтабай мәдениет үйінің директоры Айғаныш Стамбекова.

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:11

Талғамы биік талант

Сазы сөзі мәңгілік  мағыналы

Атыңнан айналайын халық әні

Қанша тыңдап келсем де бір өзіңді,

Тыңдай алмай келемін қанып әлі – деп ақындарымыз  жырлағандай, халық әндері қаны қазақ, жаны қазақ адамды ешқашан жалықтырған емес. Себебі ұлтымыздың шынайы болмысын боямасыз бойына сіңірген дәстүрлі әндеріміз – әуезді әуендерімен, ұғынықты сөздерімен жаныңа сырлы сезімдер мен рухани күш сыйлайды. Сондықтан болар, әншімін деп жүрген талайлар халық әндерін қарық қылып орындай алмайтынын, айт десе батылдары бармайтынын көріп жүрміз. Оны сахнада орындау – табиғи  таланты мен терең білімі бар және қазақы ұлттық құндылықты бойына сіңіріп өскен әншіге тиесілі. Дәстүрлі әнді дәріптеп, мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген  әншінің бірегейі, ауданымыздың бетке ұстар бұлбұлы  Арайлым Мамырбекқызы деп білеміз. Қасиетті ән өнеріне ғұмырын арнаған әнші Қаракемер мәдениет үйінде «Ән ғұмыр» атты шығармашылық кешін  өткізді жуырда.

Бейсенбі, 03 Қараша 2016 11:48

Айтыс. Кіл жүйріктер шабысы

Мен үшін қазақ өнерінің мұнары һәм шынары көрінетін айтыс – ұрпақтың бойтұмары болуы тиіс. Себебі, бұл құдіретті өнер есте жоқ ескі заманнан бастау алған. Ашығын айтсақ, сонау Қашқаридің заманында іргесіне тас қаланған. Дәлел дейсіз бе, ендеше М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметіндегі» «Дозақ пен Пейіштің айтысын» айтайық. Осынау құдіретіміздің құнын асыруды межелеген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауданымызда «Тәуелсіздік  – тұғырым, Ана тілім – ғұмырым» тақырыбында айтыс ұйымдастырылып, ақындарымызды бәйгеде баптап, көрермендеріміздің айызын бір қандырды жақында. Соңғы 10-15 жылда аудан сахнасынан көлеңкесі де көрінбеген құдіретті өнерімізді «қайта тірілтсек» деген бөлім басшысының ойын біз де құптадық. Таңнан тұрып, айтыстың тілеуін тіледік, өнердің еркелерін, сахнаның серкелерін көруге асықтық. Сонымен, сөздері мірдің оғындай он ақын киелі төрде өз өнерлерін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет