Очередной ежегодный республиканский детско-юношеский турнир по греко-римской борьбе на призы ветерана спорта, мастера спорта Аманбека Саматова, состоявшийся в конце марта в физкультурно-оздоровительном комплексе г.Есика, собрал 600 юных рыцарей борцовского ковра со всех уголков Казахстана. В первый день турнира на торжественный гала-парад вышли сборные Актюбинской, Жамбылской, Мангыстауской, Карагандинской, Павлодарской, Кызылординской, Восточно-Казахстанской областей, районов Алматинской области, г.Талдыкоргана и г.Алматы.
После исполнения государственного Гимна РК турнир открыл секретарь районного маслихата, мастер спорта по боксу Бекет Ахметов. Бекет Толегенович рассказал о жизненном и спортивном пути Аманбека Фазыловича, который четверть века непосредственно участвовал в соревнованиях республиканского и международного уровней, готовил для республики титулованных спортсменов, много лет отдал государственной службе – возглавлял районный отдел спорта, работал акимом Коктобинского округа.
Поздравить Аманбека Саматова пришли тренеры-ветераны, с приветственным словом выступили аким г.Есика Бауыржан Бименов, заместитель начальника РУВД Самбат Абильдаев, председатель районного совета ветеранов Тлеулес Узаков, руководитель районного отдела спорта Ерболат Сарабеков. Друзья и коллеги по спорту одели на Аманбека Фазыловича почетный чапан, пожелали ему долголетия и крепкого здоровья.
По итогам турнира судейское жюри под руководством главного судьи Нурбола Омирзакова определило победителей в 13 весовых категориях. Ими стали Еркинбек Нурдаулет (24 кг) из Алматы, Данабек Нурдаулет (27 кг) из Талдыкоргана, Оразалы Асет (30 кг) из Актобе, Молдабек Даниял (33 кг) из Талдыкоргана, Айткали Айбол (36 кг) из Капшагая, Нурадил Тургынбеков (39 кг) из г.Есика, Баян Жанболат (42 кг) из Жанаозена, Далабай Алихан (47 кг) из Коктала, Бейбут Корганов (50 кг) из Алматы, Таниркул Айбек (54 кг) из Тараза, Жакып Нариман (58 кг) из Алматы, Султаналы Баянбердиев (63 кг) из Тараза, Турысбек Есим (+63 кг) из Алматы. В командном зачете титул чемпиона присужден команде г.Актобе, на втором месте – сборная г.Талгара, на третьем – борцы из г.Алматы.
Все победители и призеры удостоены почетных грамот, медалей и ценных подарков, спонсорами турнира выступили сыновья Аманбека Фазыловича. В следующем году уважаемому деятелю районного спорта, ветерану государственной службы исполняется 70 лет. Свой юбилей он планирует отметить очередным масштабным спортивным праздником.
И.ВИКТОРОВ.
Жерлесіміз сөгетілік Аян Байғазы дзюдодан 3-4 наурызда Анталияда өткен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогін жеңіп алды. Бас бапкер Ғайнолла Есенғалиев бастаған ұлдар мен қыздар арасындағы байрақты бәсекеде Қазақстан қоржыны 5 алтын, 2 күміс, 7 қоламен майланып, командалық есепте 2 орыннан көрінді.
Аян Нұра ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте 7 сыныпқа дейін білім алған. Қазіргі уақытта Талдықорғандағы облыс-тық дарынды балаларға арналған спорт мектебінде тәрбиеленіп жатыр. Алғашқы жаттықтырушысы Сәтжан Шарғыновтың айтуынша, ол 4 сыныптан бастап спорттың осы түрімен айналысқан. Түрлі додаларда 81 кг. салмақта топ жарған Аян Асхатұлы бірінші айналымдағы қарсыласы Түрік азаматын басымдықпен ұтқан. Екінші айналымда славяндық, үшіншіде канадалықты шаршы алаңда шаң қаптырған. Ақтық сында әзірбайжандықты да тізе бүктіріп, алтынды кеудесіне тақты.
Балуандық оның қанын-да бар қасиет. Себебі, әкесі Асхат Байғазыұлы да осыдан бірер жыл бұрын Еңбекшіқазақ бөрі-сінде жүлделі үшінші орын иеленген еді. – Әкем Байғазы да күрестен алдына жан салмайтын. Міне, бүгін немересі осындай биікті бағындырып отыр. Осы ретте ұлымды қазіргі уақытта жаттықтырып жүрген Рихман Найманбаевқа, сонымен қатар Анталияға баруына демеушілік көрсеткен Алматы облыстық мәслихатының депутаты, жомарт азамат Жангелді Осанға ерекше алғысымды білдіремін. Үнемі сүрінгенге сүйеу болып жүретін жанға Алла нұрын төксін! – дейді Асхат Байғазыұлы.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Суретте: (солдан оңға қарай) жеңімпаз жерлесіміз Аян Байғазы, Алматы облысы мәслихатының депутаты Жангелді Осан, Аянның алғашқы жаттықтырушысы Сәтжан Шарғынов және әкесі Асхат Байғазыұлы.
Ұғынғанға дерт көп, денсаулық біреу. Ал оның айнымас серігі – спорт. Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды қолдау мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан аудан чемпионаты өтті. Ерлер арасындағы турнирге спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, спорт жанашыры Серік Нүсіпәлиев қатысып отырды. 9 команда бәсекеге түскен шара тартысты өтті
Сонау 1985 жылдан бері әлемдік спорт тарихында ойып орын алған қалқып ұру бәсекесі ауданымызда да жыл санап қарышты даму жолында. Оған осы
турнирде жоғары ойын үлгісін көрсеткен командаларымыз дәлел. Айталық, Қазақстан округінің құрамасы, қаракемеліктер және есіктік «Алиф» командалары. Ақтық сында қаракемерліктер мен есіктіктер жоғары ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, аз ғана басымдықпен «Алиф» суырылып алға шықты. Ал қаракемерліктер екінші орын алса, Қазақстан құрамасы Малыбайды 3:0 есебімен жеңіп, үздік үштіктің қатарын толтырды. Жеңімпаздарды Бекет Төлегенұлы құттықтап, еңбек ардагері Аманбек Саматовпен бірге жүлделерін тапсырды.
Суретте: Б.Ахметов жүлдегер командалармен бірге.
Тәлімді тәрбие отбасынан басталса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Ата-ана шаңырақтың іргетасы. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Жақында Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің 2 сыныптары арасында «Толағай» отбасылар сайысы өткізілді.
Сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 6 кезең бойынша өткен сайысқа үш сыныптың белсенді, спортқа жақын ата-аналары және әр сыныптан төрт оқушыдан қатысты. Әр сыныптың өз аты, таңбасы, ұраны және бір түсті спорттық киімі болды. «Қыран» тобы көк түсті, сынып жетекшісі Қ.Мамбетова, «Сұңқар» тобы қызыл түсті, сынып жетекшісі М.Амиракынова, «Тұлпар» тобы ақ түсті, Б.Салимбаева. Оқушылар сайыстың әр кезеңіне белсене қатысты. Сыныптың басқа балалары жанкүйер болып, сыныптастарына қолдау көрсетті.
Сайысқа дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Таттимбет Жарас пен Жанәбіл Мейірман да атсалысты. Әділқазылар алқасы – мектебіміздің тәрбие жұмысының меңгерушілері Г.Жанадилова, Г.Еламанова, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Е.Алешина, А.Ербол қатысушылардың еңбегін әділ бағалады. Сондай-ақ, музыкамен әрлеген педаго-гикалық ұйымдастырушы Рысгүл Нұрманованың да қосқан үлесі зор. Тартысты өткен сайыста 2 «Б» сыныбы – «Тұлпар» тобы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Бұлбұл САЛИМБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.
Жыл сайын Алматы қаласында дәстүрлі өтетін футболдан турнирге биыл ауданымыздың намысын қорғап «Альтаир» командасы барған еді. Алматы облысынан және Алматы қаласынан жүзден жүйрік шыққан 12 команда ала доп бәсекесінде бағын сынады. Рафик Жаргиловтың шәкірттері айтулы додада дес бермей үздік үшінші орынды қанжығалап қайтты.
Ақтық сында былтырғы алматылық чемпиондар «Алматытелеком» құрамасымен шық-қан жерлестеріміз 3-1 есебімен жеңді.
– Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты, «Альтаир» ӨК басшысы Сейтхан Қырқынбаевқа команда атынан алғысымызды білдіреміз. Осы жолы да қолдау көрсетті. Үнемі командамызға демеу беріп жүретін шынайы спорт жанашырына рахметтен артық айтарымыз жоқ, – дейді «альтаирлықтар».
Айтып өтейік, осыдан екі ай алды ғана осы құрамада өнер көрсеткен жерлесіміз, есіктік Осман Юрданидзе Өзбекстан құрамасы сапына ауысып кеткен болатын.
Ала доп бәсекесінде жерлестерімізге тек сәт-тілік тілейміз.
Өз тілшіміз.
Ұғынғанға дерт көп, денсаулық біреу. Ал оның айнымас серігі – спорт. Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды қолдау мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан аудан чемпионаты өтті. Ерлер арасындағы турнирге спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, спорт жанашыры Серік Нүсіпәлиев қатысып отырды. 9 команда бәсекеге түскен шара тартысты өтті.
Сонау 1985 жылдан бері әлемдік спорт тарихында ойып орын алған қалқып ұру бәсекесі ауданымызда да жыл санап қарышты даму жолында. Оған осы турнирде жоғары ойын үлгісін көрсеткен командаларымыз дәлел. Айталық, Қазақстан округінің құрамасы, қаракемеліктер және есіктік «Алиф» командалары. Ақтық сында қаракемерліктер мен есіктіктер жоғары ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, аз ғана басымдықпен «Алиф» суырылып алға шықты. Ал қаракемерліктер екінші орын алса, Қазақстан құрамасы Малыбайды 3:0 есебімен жеңіп, үздік үштіктің қатарын толтырды.
Жеңімпаздарды Бекет Төлегенұлы құттықтап, еңбек ардагері Аманбек Саматовпен бірге жүлделерін тапсырды.
Суретте: Б.Ахметов жүлдегер командалармен бірге.
Жуырда Жаңашар ауылдық округіне қарасты Космос ауылында қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті.
Жарыс Комсомол көлінен басталып, Космос ауылында мəресі сызылды. Спорттық шараға 30-дан аса ауыл тұрғыны қатысты. Бұл спорттық іс-шараның ерекшелігі – ауылымызда алғаш рет ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарын саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Жарыс 5 шақырымға созылды. мини марафонда ең жас қатысушы ретінде жетінші сынып оқушысы Бекжан Шарапбеков тіркелсе, ең үлкен атлет ретінде 50 жастағы Абдурашид Бахтиев қатысты. Ауыл жастары белсене атсалысып, іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.
Гулшат ЛАВЬЯЕВА,
Жаңашар ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы
Оның өмірге құштарлығының сыры – жақындарының махаббатында. «Қиын сәттерде өзіңді жақсы көретін адамдарды ойлау керек. Анаңды, мысалы. Бауырларыңды. Олардың қиналғанын көргің келмесе, қандай қиындықтарға да шыдайсың», – дейді ол. 15 жасында жоғары кернеулі тоққа түсіп, 100 күн ауруханада, 2,5 ай үйде төсекке таңылып, сол қолынан айырылған Дінислам Елұзақ – бүгінде таэквандодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Мақаламызда түрлі спорт сайыстарында ауданымыздың абыройын қорғап, көпке үлгі болып жүрген азаматтың жан сыры, спорттағы жетістіктері, өмірлік ұстанымдары туралы сыр шертпекпіз.
1985 жылы сонау Моңғолияда дүниеге келген Дінислам 1991 жылы атамекенге қарай ағылған ұлы көште ата-анасымен бірге елге оралып, Түрген ауылына қоныстанды. Сондағы қазақ орта мектебінде білім алып, әке-шешесіне де қолғабыс етіп жүрген Дінислам жастайынан спортты сүйетін еді.
– Жарыстарға қатысып, жүлде алмағаныммен бала күнімнен футбол, күрес тәрізді спорт түрлерін жақсы көретінмін. Күресуден шаршамайтынмын. Мектепте оқып жүргенде ең сүйікті сабағым да дене шынықтыру пәні болды. 10 сыныпқа келгенде әлгіндей қайғылы жағдайға тап болып, қиын жағдайда қалдым, – дейді кейіпкеріміз.
Иә, қайғылы жағдай 2000 жылы Дінислам 10 сыныпта оқып жүргенде болыпты. Абайсызда жоғары жиілікті тоққа түсіп қалған жасөспірім Бәйдібек би ауылындағы дәрігерлік емханаға жеткізіліп, сонда үш күн жатқаннан кейін Алматы қаласындағы №4 ауруханаға ауыстырылады. Аурухана дәрігерлері тексеру жасағаннан кейін Дінисламның сол қолын аман алып қалудың ешбір мүмкіндігі қалмағанын айтып, шынтақтан төменгі жағын ота арқылы алып тастайды. Тоққа түсудің себебінен тек сол қолынан айырылып қана қойған жоқ, оң қолының үш саусағы мүгедек болып, аяғында да тоқ соғудың салдары қалған. Дінислам:
– Үйге келгеннен кейін аздап оңала бастадым. Сол бір қиын кезеңдерде анашым әрдайым жанымнан табылды. Ата-анам, бауырларым, дос-тарым, көрші-қолаң қамқор болып, хәл-жағдайымды біліп, әңгімеге тартатын. Әуелі Алла, содан соң осы жақын жандардың махаббатының арқасында аяққа тұрдым. Дегенмен, екі жылға дейін мүмкіндігі шектеулі өмірге бейімделе алмай, физиологиялық, психологиялық тұрғыда көп қиналдым. Содан кейін ғана аздап өз-өзіме келе бастадым. Мектепті бітірген соң әпкеме көмектесіп, отбасылық бизнесіміздің өркендеуіне қолғабыс еттім. Мүгедектігіме қарамай пластик терезе, жиһаз жасаумен айналыстым. Осы кәсіпті 7-8 жыл бойы жаныма серік етіппін, – деп әңгімелейді тағдырында кезіккен талайлы жылдар туралы.
Биылғы жылдың рамазан айында өмір оған жаңа қырынан көрінді. Достарымен күреске түсіп, теледидардан спорт сайыстарын тамашалаудан жалықпайтын Дінисламға ауылдастары «пара-олимпиадаға қатысуға талпынып көрсеңші» деген кеңес береді. Бұл ақылды жөн көрген ол аудандық спорт және дене шынықтыру бөліміне келіп, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорт сайыстарына қатысуға өтініш жазады. Он күннен кейін Дінисламға аталмыш бөлімдегілер пара-таэквандодан жарыс өткізілетінін хабарлайды. Қаскелең қаласында өткен облыстық сайыста 3-орынға ие болған Дінислам ендігі кезекте аудандық спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековтың ұсынысымен Талғар қаласында орналасқан Алматы облыстық мүгедектерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы Таһир Махмутовқа барып, пара-таэквандодан өзінің техникалық мүмкіндіктерін одан әрі жетілдірді. Бір ай бойғы дайындықтан соң 14-25 қыркүйек күндері Атырау қаласында өткен «Тірек-қимыл аппараттары зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының 5 спартакиадасына» пара-таэквандодан және жеңіл атлетиканың 800 метрге, 400 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру түрлерінен қатысты. Тартысты өткен додада Дінислам Елұзақ 400 метрге жүгіруден – 3 орын, ұзындыққа секіруден – 2 орын, ал пара-таэквандодан – 1 орынға ие болып, қара белбеу иегері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақты иемденді. Осылайша, бас-аяғы бірер айда тағдыры жаңа арнаға бұрылып, спорт әлеміне дендеп енген кейіпкеріміз қарашаның басында Португалияда өткен әлемдік пара-таэквандо ойындарына қатысуы керек болатын. Алайда, «спорт шебері» деген атақты жақында алғандықтан құжат жұмыстарын реттеп үлгере алмауына байланысты бұл мүмкіндікті жіберіп алды.
– Халықаралық спорт шебері деген атағым болғандықтан осындай әлемдік сайыстарға қатысуға құқылымын. Алдағы уақытта мүмкіндіктерді жібермеуге тырысамын. Негізгі үлкен арманым – 2020 жылы Токио қаласында өтетін пара-олимпиада ойындарына қатысу және әлем чемпионы болу. Спорттағы жолымды енді ғана бастаған соң спорттың қай түрімен түбегейлі айналысатынымды әлі шешкен жоқпын. Пара-таэквандодан бөлек, жеңіл атлетика, стол теннисі сайыстарына қатысып жүрмін. Қысқы спорт түрлерінен шаңғымен жүгіру, бассейнде жүзу спорттарынан бағымды сынап көрмекпін. Бірқатар сайыстарға қатысып, қай түрі өзіме ыңғайлы екенін анықтаған соң, сол спорт түрімен мықтап айналысып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуді мақсат етіп отырмын, – дейді спортшы.
Иә, қатал сыннан мойымай өтіп, айналасындағы дос-жаран мен туған-туысқа өмірге құштарлықтың өнегесін көрсетіп жүрген мүмкіндігі шектеулі азамат бүгінде өмір жолындағы биік бір белеске қадам басып, жаңа армандарға қол созуда. Армандар да, оған жетер шама да зор болғанымен қолдың қысқалығы, тұрмыс-тіршіліктің қиындығы сол жолда кедергі бола ма деген қауіп те жоқ емес. Спортта жетістікке жету үшін оған көп күш, энергия және уақыт жұмсаудың қажеттігі рас. Спорт шебері деген атақты алғаннан кейін Дінислам Елұзаққа айына 30 мың теңге стипендия тағайындалыпты. Бірақ, жаттығулар мен сайыстарға үнемі қатысу үшін бұл қаржы аздық етеді. Ал күнкөріс қамымен баяғы кәсібіне оралып немесе кейінгі кездері айналысып жүрген сауда-саттығын жасаған күнде дайындыққа уақыт қалмайды. Сондықтан да, мүмкіндігі шектеулі жандар тұрмақ он екі мүшесі сау адамға оңай соқпайтын мұндай жолда жанашыр жандардың, ауданның абыройын ойлайтын азаматтардың демеуі, қолдау-көмегі керек-ақ...
Нұрбану КАМАЛ.
Жапон елінің тарихынан күні бүгінге дейін жібі үзілмей келе жатқан джиу-джитсу әлемдік сахнадан ойып тұрып орын алған спорт түрі. Жыл сайын джиу-джитсудан дәстүрлі өткізілетін әлемдік турнир биыл да жалғасты. Италия мемлекетінде тізе қос-қан кіл мықтылар арасында жерлесіміз Қанат Жақыпбаев та бар-тын. 77 кг салмақта қайыповтық Қанат топ жарып, Әлем чемпионы атанды.
Иә, бұл Қанат Еркінұлының алғашқы асуы емес. Ол осыдан 3-4 жыл бұрын да бұл ерлігін қайталаған еді. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылы Польшада өткен, 2014 жылы Португалияда өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сөйтіп, небәрі 28 жасында әлемнің үш дүркін чемпио-ны деген атақты ерен ерлігімен қорғап шықты. 10 жылға жуық спорттың осы түрімен айналысып келген Қанат Жақыпбаев финалда польшалықты тізе бүктірген. «Біз Италияға 7 спортшы боп бардық Қазақстан атынан. Соның бесеуі алтын, біреуі күміс, енді бірі қола медальды еншіледі» дейді жерлесіміз. Ия, бүгінгі орталық ақпарат құралдарының берген мәліметіне сүйенсек, спорттың осы түрінен әлемдегі ең үздік үш мемлекеттің қатарына ендік. Әрине, мұнда жерлесіміз Қанат Жақыпбаевтың да толағай еңбегі бар екені даусыз. «Өзімнің үш ұлым бар. Соның ортаншысы – Қанат. Жасынан спортқа әуес болды. Бастапқы жылдары бокспен шұғылданған еді. Кейіннен джиу-джитсуға ойысты. Алдына қойған мақсат жолында жанын салатын бала боп өсті. Ж.Қайыпов ауылында туып, сонда мектебін тәмамдады» дейді әлем чемпионының әкесі аудандық мәслихат депутаты Еркін Жақыпбаев. Жерлесіміз бүгінде Алматы қалалық Алмалы аудандық ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Бәрекелді, Қанат! Өмірде де спортта да қанатың талмасын!
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Жақында Алматы қаласында ережесіз жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Корея елдерінің мықтылары қатысқан шарада ауданымыздың 4 спортшысы бақ сынады. Халықаралық додада ел намысын қорғаған жерлестеріміз Дидар Мақсұт (54 кг), Сайболат Бисетай (58 кг), Жәнібек Тұқан (66 кг) тамаша өнер көрсетті. Алайда, төрешілер қайта-қайта қосымша раунд тағайындап, спортшыларымызға қысым көрсетті. Десек те, спортшы аруымыз Зарина Есполова (78 кг) қырғыздық қарсыласынан басым түсіп, 1 раунда-ақ жеңіске жетті. Осылайша, WEF версиясы бойынша Азия чемпионы атанды. WEF Федерациясы Қырғыз Республикасында болғандықтан жарысты көршілес ағайындарымыз өткізді. Ұйымдастырушылардың көзіне ерекше түскен Зарина Есполова көпшілікті таңқалдырып, бас бапкер қырғыздық чемпион Бегімжан Қасымовамен жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірді. Қазіргі таңда 26 қарашада аталған спортшымен кездесуге қызу дайындық үстінде жүрген Заринаға сәттілік тілеп, жеңісті күндер көп болғай дейміз.
Ерұлан САЛЫҚОВ, самбо, әскери самбо күресінің бапкері.