Халқымыз ежелден-ақ қаһарманына құрмет көрсетіп, ұрпағына үлгі ете білген. Сол дәстүрді жалғастырып, Көктөбе орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Әсет Жанысбаевтың ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына енген, халықаралық спорт шебері, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагері, халық арасында «Жан ата» деген атпен танылған Иван Ивановпен, Ұлттық ұланның запастағы полковнигі Ерлан Алданазаров және Қаракемер ауылындағы Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Оспановпен кездесу өтті.
Мақсаты – қазіргі заман батырларын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан сүйгіштікке, елжандылыққа баулу, ерлікке шақыру, спортқа қызығушылығын арттыру болды. Кешке аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және АӘД пәндерінің әдіскері Қайрат Әукен, мектептің ардагер ұстазы Айша Сүлейменова, «Ұлттық ұлан» әскери институ-тының түлектері және ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Алдымен сөзді жастайынан спортты жанына серік еткен, сексенге келсе де сыр бермеген,сегіз мәрте рекорд жасаған Жан ата бастады. Балалар үйінде темірдей тәртіпте тәрбиеленгендігінен бастап, спортқа қалай келген-дігін, ерліктері мен көрген қиындықтарын баяндап берді:
– Қырық жылдан астам адамның ерекше қасиеттерін зерттеумен айналысып келемін. Күн сайын таңертең 7 шақырым жүгіріп, 2-3 сағат жаттығу жасаймын. Қыста 15 градустық аязда суық суда шомылып, жалаңаш 30-40 минут серуендеймін. Алғашқы рекордымды 1992 жылы 4444 рет отырып тұрудан жасадым. Одан кейін 2014 жылы шеге қағылған ағашты 4 жарым сағат ішінде 9000-нан астам, 2015 жылы 5 келілік темірді 11111 мәрте көтеріп, Гиннес кітабына ендім. Ұзындығы 118 метр жұқа тақтайдың үстінен тез жүгіріп өтіп, әлемдік рекордты жаңарттым. Сондай-ақ психологиялық кітаптар оқып, әр тұлғаның мінез-құлқын, көңіл-күйі мен мүмкіндіктерін зерттеудемін. Адамзаттың қолынан келмейтіні жоқ, ол өзі ойлағаннан да зор қабілетке ие, тек, соны түсініп, өз-өзімен жұмыс істеуі керек, – деп залда отырғандарға үлкен ой тастады.
Содан соң, Ерлан Алданазаров пен Руслан Оспанов қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери қызмет туралы айтып, мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Қатысушылар сұрақ қойып, тұщымды жауапалды.
Шара соңында ел мақтаны-шы, қаһарман атамыз батасын беріп, осы уақытқа дейінгі жасаған рекордтары жас ұрпақтың қамы үшін екендігін,тәні саудың - жаны сау болатындығын ұғынғанын, спортпен айналысып, шыныққанын қалайтындығын білдірді.
Ел – ерін тануы тиіс. Жастарға берері мол осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса, Отанының жанашыры болатын, өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын, дені сау әрі білімді ұрпақ тәрбие-ленетіне сенім мол.
Жансая ЫСҚАҚ.
Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші – жастар екендігі ақиқат. Еліміз егемендігін алып, етек жиған сәттен бастап Елбасымыз жалынды жастарға жанашырлық танытып, қажет сәтте қамқорлық көрсетіп келеді. Дегенмен, бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелерді де жоққа шығара алмаймыз. Мемлекет басшысы тұтастай бір жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі аса маңызды қадам деп білемін. Жастардың түрлі жобаларды жүзеге асыруына, жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуға, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жан-жақты жетіледі деген сенім зор. Жұмысымның басым бөлігі шығармашылық бағытта болғасын, креативті ойлауды мақсат тұтқан жастың бірі ретінде білімді жетілдіру үшін қолжетімді, бағасы тиімді бағдарламалардың, әсіресе, бірнеше күндік жаңа форматтағы тренингтердің көбейгенін қалаймын. Шығармашылықпен айналысатын, елдің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қызығатын замандастарыма көңіл бөлінсе деген ниеттемін.
Президентіміздің «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» – деген сөзі бар. Біз, жастар, тынбай талаптанып, сенім артқан үмітті ақтап, жұмысымызды еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсек, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес.
Жансая ЫСҚАҚ
Елбасы өз жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе, жастардың шығармашылығын, тұрмысы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Осы тұста облыс әкімінің «Көшбасшы 2018» жастар сыйлығына ауданымыздың атынан үміткер жандардан келер жылдан қандай өзгеріс күтетіндігі туралы бірауыз пікірін білдік.
Қайсар Асқарұлы. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. «Жас мемле-кеттік қызметкер» номинациясы бойынша үміткер:
Ұлт болашағы білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Әрбір адам «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүру керек. Елбасымыз бүтіндей бір жылды «жастар жылы» деп атауының себебі де осы секілді. Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, ел болашағына қызмет етуін, халқына пайдасы тиер азамат болуын мақсат тұтады. Сондықтан әр маман өз саласында үздік болуға ұмтылып, ел келешегіне тамшыдай болсын үлес қосамын деген үлкен жауапкершілікпен жүреді деген ойдамын.
Нұртас Қайрат. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің әншісі. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша үміткер:
Жалындап тұрған шағында әрбір адам өз мүмкіндігін мейлінше пайдалануға, бойында-ғы талантын көрсетуге ұмтылады. Келер жылы жастардың шығарма-шылығына көбірек көңіл бөлініп, түрлі конкурстар, іс-шаралар ұйымдастырылып, өнерлі өрендерге биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндіктер туады деген сенімдемін.
Ермек Мырзахан. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі-нің маманы. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» номинациясы бойынша үміткер:
Ауыл шаруашылығы білімді жас мамандар арқылы өркендейді. Шетелдерде жиі тәжірибе алмасуға жіберіліп, жаңа технологияны мең-геруге мүмкіндік берілсе, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, дамуымызға үлес қосар еді. Ел экономикасына үлесін қосып, кәсіпкер-лікпен айналысамын деген жастарды демеп, қолдау білдірілсе деген тілектемін.
Гүлнар Ошанова. Балтабай орта мектебінің мұғалімі. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша үміткер:
«Білекті бірді жыға-ды, білімді мыңды жыға-ды» демекші, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда жастардың сапалы білім алуына, ғылыми дамуына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Елбасымыз білікті мамандар дайындау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесін басты назарда ұстайды. Түрлі конференциялар, дебаттар, олимпиадалар ұйымдастырылып, жас ғалымдардың жаңалық ашуына ықпал жасалынса, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе, алда атқарылатын жұмыстарға мотивация береді деген үміттемін.
Сауалнама жүргізген
Жансая ЫСҚАҚ.
3 ноября в г. Семей прошел третий республиканский конкурс «Фестиваль искусств». Участниками конкурса стал и танцевальный ансамбль «Санам» из села Ават, которым руководит хореограф Жанна Ахметова. Ансамбль Жанны Таиржановны выступил с ошеломляющим успехом, покорив талантом и мастерством исполнения жюри и зрителей. Танцовщицы из «Санам» «взяли» не только 1-е и 2-е места, но также были удостоены главной номинации конкурса – «Гран-при». Хотим поздравить ансамбль «Санам» и его руководителя с заслуженной наградой и пожелать им новых творческих побед.
Бибинур ХАЙВАДУЛЛАЕВА,
инструктор по работе с молодежью
акимата Аватского сельского округа,
член молодежного крыла «Жас Отан».
Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жергілікті басқару» факультетінің грантын алған Тимурбек өз қуанышымен бөлісті: – Білек емес, білім жарыстыратын заманда тегін оқуға қол жеткізу оңай емес. Алайда менің бағыма осынау зор құрмет бұйырып отырғаны үшін ел тізгінін ұстаған ағаларыма алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта сапалы білім алып, білікті кадр атанғым келеді», – дейді.
Иә, Тимурбек оқыған Түргенде Д.Қонаев атындағы орта мектепті 29 түлек тәмамдады. Олардың 18-і ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде, 11-і білім грантына ие болды. Айтып өтейік, берекелі білім ордасынан 4 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат иегері шықты.
Өз тілшіміз.
Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жағымды жаңалықтарымен қуантты. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауына түрлі номинация бойынша қатысқан балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Алдияр Сейтжан қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Арлан Ахметжан мен Асель Жанетханқызы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломды Іңкәр Сабыр, Саят Нұрғат, Дильмухамед Төлепберген жеңіп алды. Ал Айзере Қайнарқызы І дәрежелі дипломмен үздік шықты. Талантты балғындардың тәрбиешілері – Қымбат Дайыр, Даметкен Сактаганова, Нұрия Бердирахманова, Элмира Қасқырбаева, Айкен Масимгазиева алғыс хаттармен марапатталды.
Балақайларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Саяхат барысында оқушылар алма ағашының заманауи, жаңа технологиямен өсірілетінін, көлемі аз жерден көп өнім алуға болатындығына көз жеткізді. Бас агрономның айтуынша, мұндай бақтардың көлемі артып, төңірекке алманы өңдейтін завод ашылады, яғни келешекте агроном, технолог, тракторист-машинист мамандары қажет. Осылайша, оқушылар да болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныстың жоғары болатынын біліп қайтты. Бұл сая-хат оқушылар үшін «Болашаққа бағдар» болады деп сенемін.
Гүлнар Тұрсынбек,
Қаратұрық ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.
Бала-лардың демалысының жан-жақты талапқа сай болуы үшін жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың өз Ота-нын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Алтын адам» мұражайына саяхат жасап, өлкенің тарихымен танысты. «Солнышко» тобының жетекшісі Ф.Ш Тамазова оқушылармен қызықты ойын түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық жарыстар өткізді. Барлық іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысты. Оған қоса, мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алысты. Ауыл маңына серуен құрған балалар табиғат аясында да әңгіме-сұхбат өткізді.
Топ жұмысының қорытындысы ретінде ата-аналармен «Менің баламның демалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ата-аналар пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.
П.Мамирова,
«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке
дейінгі шағын орталығымен» КММ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Лагерьде 2 мектеп алды даярлық тобы, 1-4 сынып оқушылары, барлығы 100 бала демалды. Еңбек практикасына 5-10 сынып оқушылары, барлығы 81 бала көгалдандыру жұмысына қатысты.
«Біз бақытты баламыз!» тақырыбында іс-шара өткізіліп, оқушылар лагерь қауіпсіздік ережелері мен танысты. 1-4 сынып оқушылары біркүндік Алматы қаласындағы мұра-жайларға экскурсияға және табиғатқа саяхатқа шықты. Лагерь тәрбиешілері Д.Бекмухаметова мен С.Нургазиева «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында кітап оқу жарысын өткізіп отырды. Мақсаты – балалардың сөйлеу мәнерін дамыту, түсініп оқи білуге дағдыландыру. Оған қоса лагерь тәрбиешілері мен пән мұғалімдерінің ұйымдас-тыруымен «Білгенге-маржан», «Книга спрашивает – книга отвечает», «Жолың болсын, балақай!», «Actions song», «Кем быть?», «Аппликациялық жұмыс», «Where is it », «Ойнайық та , ойлайық » , «Бақытты балалық шақ», «Эстафеталық ойындар», «Қозғалыс ойындары» сынды танымдық, ойын сабақтары мен спорттық жарыстар, тренингтер өтті. «Балдәурен» лагерінің VI-ауысымының жабылу салтанатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 4 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Қазағым менің!», «Ана туралы жыр» әндері шырқалып, «Қара жорға», флешмоб билерін көрермен назарына ұсынды.
Ш.ҚАСЫМЖАНОВА,
Көлді орта мекетбінің педагог-ұйымдастырушысы.
Мектеп жанындағы лагерьде күнделікті қырықтан астам бала демалып, түрлі шараларға қатысты. Ағылшын тілінен дәріс алып, Шелек өңіріндегі бау-бақшаны тамашалады. Бөлек ауылындағы саябаққа саяхатқа шыққан балалар өз әсерлерін қағаз бетіне түсірді. Ата-аналар әр шараға баға беріп, мектеп ұжымына алғыстарын айтты. Әр оқушы жаз қызығын тамашалап, тынығып, жаңа оқу жылына көңілді күймен келуге дайын.
Г.Давленова,
мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары